Кино • Бүгін, 09:00

Киноны тегін тамашалады

1 мин
оқу үшін

Балаларды қорғау күніне орай Астана, Алматы, Екібастұз қалаларында отандық фильмдер мен анимациялық туындылардың тегін көрсетілімдері өтті.

Киноны тегін тамашалады

Іс-шараларды «Ш.Айманов атындағы Қазақфильм» киностудия­сы жанындағы «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігі ұйым­дастырды.

Астанадағы Ұлттық әскери-пат­риоттық орталықта, Екібас­тұздағы Жастар бастамаларын дамыту орталығында мерекелік ойын-сауық бағдарламаларынан кейін көрерменге толықметражды «Алтын адам» анимациялық фильмі ұсынылды. Туындыға ба­тыл­дық, әділдік, мейірімділік пен отан­сүйгіштік секілді құндылықтар арқау болған.

Алматы қаласындағы «Арман» кинотеатрында көрсетілімдер екі залда қатар өтті. Қызыл залда былтыр жарық көрген қысқаметражды анимациялық фильмдер топтамасы көрсетілсе, Көк залда балаларға арналған «Жабайы» көркем фильмі ұсынылды. Фильм адам мен жануар арасындағы достық, қамқорлық пен адалдық тақырыптарын қозғайды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мәдени іс-шаралар балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, ұлттық кино мен анимация өнерін кеңінен насихаттауға бағытталған.

Соңғы жаңалықтар