Спорт • Бүгін, 11:06

Қуат Хамитов UFC жұлдызы Царукянмен кездеседі

1 мин
оқу үшін

Еліміздің танымал жекпе-жек шебері Қуат Хамитов грэпплинг бойынша UFC рейтингінің жеңіл салмақтағы көшбасшыларының бірі Арман Царукянмен кездеседі. Бұл кездесу RAF промоушені ұйымдастыратын турнир аясында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қуат Хамитов UFC жұлдызы Царукянмен кездеседі

Фото: instagram/kuat__khamitov

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, жекпе-жек Грузияда өтетін турнир бағдарламасына енгізілген. Турнир 11 шілде күні өтеді деп жоспарланып отыр.

Бұған дейін Қуат Хамитов өз салмағында екінші нөмірлі жекпе-жек шебері атанған Арман Царукянмен күрескісі келетінін бірнеше рет айтқан болаты. Сондай-ақ спортшылар арасында өткен кездесулерде өзара пікір алмасу болып, екі тарап та бұл ұсынысқа қызығушылық танытқан.

Қуат Хамитов 64 қарсыласын жеңген чемпионмен төбелеседі

Танымал спортшы Арман Царукян UFC-дегі соңғы жекпе-жегінде Дэн Хукерді мерзімінен бұрын жеңді. Алдағы уақытта бұл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеу үшін Джастин Гэтжи мен Пэдди Пимблетт жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, Қуат Хамитов бұған дейін әлеуметтік желідегі жазбаларына байланысты тәртіптік жазаға тартылған болатын. 

Соңғы жаңалықтар