Оқиға • Бүгін, 14:20

Маңғыстауда 200-ден астам ер адамға әйелдердің диагнозы қойылған

1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысындағы екі клиникада ерлерге әйелдердің диагнозы қойылып, қызмет көрсетілген. Осы арқылы қос мекеме 221 млн қаржыны қалтаға басқан, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Маңғыстауда 200-ден астам ер адамға әйелдердің диагнозы қойылған

Фото: istockphoto.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті оқиғаға қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу мәліметінше, «IBN SINA» және «SOFIE MED GROUP» медициналық орталықтарының құжаттарында ер адамдарға қойылған «варикоцеле» диагнозының орынына әйелдерге арналған жоғары технологиялық операцияның – «кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы» қызмет кодын көрсеткен. Соның салдарынан медициналық қызмет құны 10 есеге дейін қымбаттаған.

«Нәтижесінде 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған. Сонымен қатар 19 жағдайда пациенттер аталған клиникаларға жүгінгенін мүлде растаған жоқ. Мемлекетке келтірілген залал сомасы 221 млн теңгеден асты», делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Жалған диагноз рәсімдеу: Әскерден жалтарғандарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін

Еске сала кетейік, бұған дейін Маңғыстау облысында пластикалық ота жасайтын клиникада қайғылы жағдай болған еді. Ақтауда облыстық мәслихат депутаты болған Ербол Айтуов клиникалық отадан соң қайтыс болды деген ақпарат тарады. Денсаулық сақтау министрлігі жүргізген тексеру нәтижесінде клиникада бірқатар заңбұзушылықтар анықталған.

Соңғы жаңалықтар