Сатып алу науқанының мерзімінен бұрын басталуы жеткізушілермен келісімшарттарды алдын ала жасасуға, қажетті қорларды қалыптастыруға және медициналық ұйымдарды 2027 жылдың алғашқы күндерінен бастап дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Науқанды іске қосуға дайындық барысында Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік құқықтық базаны өзектендіру, баға белгілеу мәселелерін реттеу және өңірлердің қажеттілігін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармалары медициналық ұйымдардың нақты қажеттіліктерін, жеткізу көлемдері мен кестелерін ескере отырып өтінімдерін ұсынды.
2027 жылы 2 174 атаудағы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жоспарланып отыр.
Қаржыландыру көлемінің ұлғаюы азаматтарды қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың басымдығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясындағы әлеуметтік міндеттемелерді іске асыру аясында мемлекет халықты дәрілік қамтамасыз ету бағдарламаларын қажетті қаржылық ресурстармен жүйелі түрде қамтамасыз етуде.
Депутат: Дәрі-дәрмекке байланысты заңға маңызды түзетулер енгізілді
Сатып алу науқанын мерзімінен бұрын бастау – Денсаулық сақтау министрлігі мен Бірыңғай дистрибьютордың халықты дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіруге бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі.
Қабылданған шаралар жоспарлау сапасын арттыруға, жеткізілімдердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге және пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етудегі үзілістер тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
2027 жылдан бастап ел тұрғындары өздеріне қажетті дәрі-дәрмекті тегін алады
Сатып алу науқанының барысы және өзекті ақпаратпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» ЖШС-нің ресми ақпараттық ресурстарында танысуға болады.