05 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №49

401 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 10 ақпан, Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 және «Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 1029 қаулыларының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 35, 339-құжат); 2) «Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі № 1029 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 562-құжат). 2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов.