Оңтүстік Қазақстан облысында Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы ф.ғ.д., профессор Б.Омаров, Астана қаласы әкімдігі “Руханият” мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры, ф.ғ.к. Е.Тілешов және облыс басшыларының қатысуымен бағдарлама жобасын талқылау мақсатында “Тіл мәртебесі – ел мәртебесі” тақырыбында мәжіліс өтті.
Аталған мәжіліске облыс әкімі аппаратының жауапты қызметкерлері, облыстық, жергілікті басқармалар мен аумақтық инспекция, департаменттердің басшылары, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, “Нұр Отан” ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері мен тіл жанашырлары, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, мәдениет және тілдерді дамыту, ішкі саясат, білім бөлімдерінің бастықтары мен мамандары, жоғары оқу орындарының басшылары, білім саласының қызметкерлері мен ғалымдар, ономаст-ғалымдар, оқытушы-әдіскерлер, қоғамдық, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиынды облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев жүргізіп отырды. “Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының” жобасы бойынша сөз алған Тіл комитетінің төрағасы Бауыржан Омаров бағдарламаның мәнісін мақсат-мұратына сай жіліктеп, терең талдап берді. Атқарылатын жұмыстарды саралады. Кейіннен түскен сауалдарға тиянақты жауап берді.
Жобаны талқылауда тіл саясатына қатысты өңірлік тәжірибелер зерделеніп, сондай-ақ тіл және ономастика мәселесімен айналысатын мамандардың, тілші-ғалымдардың, қоғамдық және этномәдени бірлестік басшыларының, жастардың, бұқаралық ақпарат құралдары мен зиялы қауым өкілдерінің, т.б. азаматтардың бағдарламада қамтылған мәселелер мен іске асыру тетіктері туралы жан-жақты ұсыныс-пікірлері айтылды.
Талқылауда алғашқы сөзді оңтүстіктің ардагер журналистерінің бірі Байдулла Қонысбеков алды. “Бағдарлама дұрыс, бірақ, оның орындалуы Астананың өзінен бастау алады. Басшылардан бастап барлық шенеуніктеріміз ресми жиындарды мемлекеттік тілде жүргізер болса, оның қолдану аясы тез кеңейеді. Мемлекеттік тілді құрметтеуді көрші халықтардан үйренуіміз керек. Өзбекстанда сырттан келген біреу түсінеді, түсінбейді демейді, өз ана тілінде іс қағаздарын жүргізеді. Реніш білдіріп жатқан басқа этнос өкілдері жоқ. Ал неге біз әркімге жалтақтаймыз?”. Белгілі жазушы Мархабат Байғұт та осы ойды әрі қарай тірілтті. Жобаны талқылауда “Егемен Қазақстан” газетінің үлкен жанашырлықпен атсалысып жатқандығын айтты. Он жыл бұрын Астанада тіл тағдыры тұрғысында орысша баяндама жасаған қазақтың кербез қыз, келісті жігіттерінің әлі сол қалпынан еш өзгермегеніне ренішін білдіріп, мемлекеттік тілді қолданысқа ендірудің тетігін жетілдіру, қатайту мәселесін көтерді.
Өзбек мәдени орталығының төрағасы Икрам Хашимжанов “тіл өлсе, ұлт та өледі. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақтар ешбір ұлтты басына қиындық түскенде жатырқаған жоқ, бауырына тартты. Сол қазақтың тілінде сөйлеу – ұлтқа қызмет, ортақ Отанға құрмет”, деді.
Ардагер Әбдіқайым Жандарбеков, славян мәдени орталығының төрағасы Юрий Кирюхин және тағы басқа да сөз алған азаматтар бағдарламаға қатысты ұсыныстарын айтты.
Мәжілісті қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Әли Бектаев “Тіл білмейді деп аға ұрпақты қажаудың қажеті жоқ. Негізгі жұмыс балабақшадан басталуы керек. Қазақстандағы барлық этнос өкілдері қазақ тілін үйренуге ден қойса, ұтпаса ұтылмайды”, деді.
Көпшілік осы оймен келісті.
Бақтияр ТАЙЖАН. Оңтүстік Қазақстан облысы.

Сәтбаев университетінде «Қаныш әлемі» орталығы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 22:34
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды
Аймақтар • Бүгін, 21:20
Қар мен тұман: 14 ақпанда елімізде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:41
Алматыда КИСИ GPS алаңында жаңа Конституцияның құндылықтық бағдарлалары талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:44
2026 жылғы Олимпиададағы биатлон: Владислав Киреев із кесу жарысына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 19:35
Алматыда қанша жаңа медициналық мекеме бой көтереді?
Аймақтар • Бүгін, 19:20
Ғылыми қауымдастық «Халықтық Конституция үшін» коалициясын қолдады
Ата заң • Бүгін, 18:37
Қазақстан азаматтарына неліктен АҚШ визасы берілмейді?
Саясат • Бүгін, 18:08
Михаил Шайдоров жүлдеге таласады: Тікелей эфирді қайдан көруге болады?
Қысқы спорт • Бүгін, 18:00
Тағы бір өңірінде мұнай іздеу жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 17:53
Vietjet Qazaqstan қазақтың дархан даласы бейнеленген ұшағын таныстырды
Қазақстан • Бүгін, 17:50
Алматының бір бөлігінде төтенше жағдай жарияланды
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:48
Қарағанды облысында өңірлік коалиция құрылды
Аймақтар • Бүгін, 17:45
Студенттер қауымдастығы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:35