01 Қыркүйек, 2010

Әлем өткен аптада

476 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Еуроодаққа жақындаған Украина президенті Виктор Януковичтің айтуынша, өздері Еуроодаққа ассоциациялық мүше болып кіруге жақын. Бұрын- соңды дәл осындай жақын болып көрмепті. Президент елде қалып­та­сып отырған жалпы тұрақты­лық­ты, саяси жүйенің орнықты­лығын, экономиканың қарқынды дамуын  алға тоса отырып, Еуро­одаққа кірігудің алғышарттары жасалғанын мәлімдеді. Сірә, сол еуропалық құрылыммен әңгіме де жүргізілгенге ұқсайды. Әйтпесе бұлай мәлімдемес еді ғой. Бурджанадзе – Үміткер Грузияның бұрынғы парла­мент спикері Нино Бурджанадзе ел президенті қызметі үшін күреске қосылатыны жөнінде мә­лімдеме жасады. Кезінде қазіргі президент Михаил Саакашви­лидің билікке келуіне атсалысқан ол енді қазіргі билікке басты оп­по­нент болып отыр. Оның осы­нау күресте мүмкіндігі қандай де­генде, Бурджанадзенің Мәскеу­мен жақындасу саясаты оны қол­даушылар санын көбейтеді деу қиын. Жұрт осыдан екі жыл бұ­рын­ғы соғысты ұмыта қойған жоқ. Біраз адам оның Ресей бас­шы­ла­рымен кездесуін де құптамаған. Екі жылға қам қыл Тәжікстан президенті Эмо­ма­ли Рахмон халыққа үндеу тастап, екі жылға жететін азық-түлік қорын жасауға шақырды. Мұны ол биылғы құрғақшылыққа, соған байланысты болатын қымбатшы­лыққа орай жасады. Қор жасаған жақсы-ау, бірақ жоқтан қалай жа­сайды? Бұл елде бір жылға қа­жет­т­ісі 1,4 миллион тонна астық болса, өздерінің өндіретіні – 1 миллион ғана. Сырттан сатып алуға мәжбүр. Ал үкіметтің де, халықтың да қаржысы тапшы. Тіл – түсіністік көпірі Израиль үкіметінің шешімі бойынша елдің мемлекеттік мектептерінде араб тілін оқыту міндетке айналды және мектеп бітіргенде оқушылар бұл пәннен емтихан тапсырады. Тағы бір атап айтарлық жай – бұл елде араб тілі екінші ресми тілдің бірі с­а­налады. Сарапшылардың пікі­рінше, бір-бірінің тілін білу адамдарды жақындастырады. Араб тілінен сабақ беретіндердің көпшілігі еврейлер көрінеді. Картер – арашашы Солтүстік Корея үкіметімен тіл табысу қиын екендігі әлем жұртшылығына белгілі. Өздерінің оңтүстік жақтағы қандас бауыр­ларымен дүрдараздығы өз алдына, әлемнің жетекші елдерімен де келіссөз жүргізуге келіспей қыр­сы­ғып жатады. Сондықтан да, сон­дай елдің басшылығымен АҚШ-тың 39-шы президенті 85 жастағы Джимми Картердің тіл табысып, өз елінің 8 жылға кесі­ліп, түрмеде жатқан азаматы 31 жастағы Айхолан Мали Гоместі алып қайтқаны талай адамды таңдандырды. Сірә, оған халық­аралық шиеленістерді бейбіт жол­мен шешуге қосқан үлесі үшін Нобель сыйлығының берілгені де жайдан-жай емес-ау дейсің. Кастроның сөзі көбейді Кубаның көсемі, бұрынғы Мемлекеттік кеңестің төрағасы Фидель Кастро жақында телеар­надан сөз сөйлеп, әлемдегі №1 лаң­кес саналатын Усама бен Ла­денді АҚШ Орталық барлау бас­қармасының (ОББ) агенті деп мәлімдеді. АҚШ-ты да, оның ОББ-сын да сынауға да, мінеуге де болар, бірақ жоғарыдағыдай мәлімдеме жасау өзін сыйлайтын қайраткерге жараспайды-ақ. Қашқындар ұсталмай тұр Тәжікстанның Ұлттық қауіп­сіздік комитетінің ең мықты де­ген қамағынан 25 аса қауіпті қыл­мыскер қашып кеткенін әркім әртүрлі әңгіме етіп жатыр. Бі­реу­лер елдің құқық қорғау орын­да­рының әлсіздігі десе, екіншілері қашқындардың жанкештілігі дейді. Оларды елдің Жоғарғы со­ты қашып кетерден бір-ақ күн бұрын 10 жылдан бастап, өмірлік түр­ме­ге жабу жазасына кескен екен. Оларға мемлекеттік төңкеріс жа­сау әрекеті үшін айып тағылған. Жедел шаралар белгіленгенімен, қашқындар әлі қолға түспеген. Әзірлеген Мамадияр ЖАҚЫП.