11 Қыркүйек, 2010

Дөңгелек үстел басында нақтылана түсті

623 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Өскеменде өткен Қазақстан мен Ресей арасындағы жетінші өңірара­­лық форум жұмысына билік өкіл­д­е­рі, кәсіпорын басшылары, кәсіп­кер­лермен бірге жоғары оқу орын­дарының тізгінін ұстап отырған білікті маман-ғалымдар да көптеп қатысқан-ды. Ғылым мен білім тә­­жірибесін нақты іс жүзіне ұсынуға солар мұрындық болатындықтан, оның оңды қадам екендігін құп­та­масқа болмайды. Айтқандай-ақ, форум жұмысы жү­ріп жатқан шақта екі елдің жо­ғары оқу орындары басшыларының арасында түрлі мазмұндағы ондаған келісім-шартқа қол қойылып үлге­рілді. Мәселен, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры, академик Ерлан Сыды­қов­тың бастамасымен жергілікті универ­ситет және Иркутск мемле­кет­тік ау­ыл шаруашылығы акаде­мия­сы мен Алтай мемлекеттік пе­дагогика ака­демиясы арасында ма­ңыз­ды құжатқа қол қойылды. Әр­қай­сысының жет­піс-сексен жыл­дық тарихы бар мұн­дай жоғары оқу орындарымен шарт­қа отыру уни­вер­ситет болып құрыл­ғанына он жыл­дан енді ғана асқан семей­лік­тер үшін қаншалықты тиімді екен­дігі айтпаса да түсінікті. Және бұл келісім-шарттардың қа­ғаз жүзінде қалып қоймайтын­ды­ғына сенгің келеді. Соның нақты айғағындай, жоғарыда аталған фо­рум жұмысы аяқталмай жатып, Шә­кәрім атындағы Семей мем­лекеттік университетінде “Шәкәрім атындағы университет әлемдік академиялық рейтинг аясында” деген тақырыппен дөңгелек үстел өткізілді. Оның жұмысын қысқаша сөз сөйлеп ашқан университеттің бірінші проректоры Әсемгүл Мол­да­жанова Өскеменде өткен фо­рум­ның маңызы мен оның бола­шақ­тағы нәтижесіне тоқталды. Дөң­ге­лек үстел жұмысына арнайы келіп қатысқан Иркутск мемлекеттік ау­ыл шаруашылығы академиясы­ның ректоры Юрий Вашукевич пен Ал­тай мемлекеттік педагогика ака­де­миясының проректоры Игорь Кра­сильников те өз оқу орындарының тарихы жөнінде айта келіп, мұндай өзара байланыстың жемісті бола­тындығына сенім білдірді. Дөңгелек үстел жұмысына, сон­дай-ақ Ұлыбританиядағы Томсон Реутерс агенттігінің Орталық және Шығыс Еуропадағы өңірлік дирек­торы Дэвид Хорки арнайы келіп қатысып, аталған агенттіктің Се­мей­дегі тұсаукесер рәсімін жасады. Осындай шаралардың бәрі қосыла келгенде, шындығында әлгіндей ал­қалы жиыннан соңғы жерде елі­міздің шет аймақтарында да ғылым мен білімнің қарыштап дами түсетіндігін айғақтай ма дейміз. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей. * * * ЖАС БОЛСА ДА БАС БОЛМАҚ Қостанай қалалық мәслихатының соңғы сессиясында Гүлнара Ора­лованы депутаттар хатшы етіп сай­лады. Енді ол облыстағы қалалық, аудандық мәслихаттардың арасында ең жас хатшы болып отыр. Гүлнара Әлімжанқызы Қарасу ауданында орта мектепті 2000 жылы тәмамдады. Одан кейін Қостанай бизнес-колледжін өте жақсы бітіріп, “АСПреДКО” заңды тұлғалар қау­ымдастығы директорының ассистен­ті болып істеді. 2004 жылы ол өзінің бастамасымен “Қостанай облыстық кәсіпкерлер одағы” қоғамдық ұйы­мын құрды. Одан кейін “Қостанай қаласы шағын кәсіпкерлік одағы” заңды тұлғалар қауымдастығын құрып, шағын бизнестің дамуына үлес қосты. Талапты жас үкіметтік емес ұйым жұмысын шыр айналдырып жүріп, білімін тереңдетуді де ұмытпады. Ол Қарағанды экономикалық универ­ситетін бітіріп, қаржы бакалавриа­тынан біліктілігін көтерді. Ол соңғы жарты жылда Қостанай қалалық мәслихаты хатшылығы міндетін атқарған болатын. Істі жақсы ор­ындағанын, жоғары жауапкерші­лі­гін, ұйымдас­ты­рушылығын ескеріп, оның әріп­тестері сессияда Гүлнар­дың қалалық мәслихаттың хатшысы болуына дауыс берді. Жас келсе іске! Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. Қостанай.