Құқық қорғау қадамдары
Алматы Бас прокуратура және “Адам құқықтары үшін Хартиясы” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен “Қылмыстық заңнамаларды қылмыстан арылту және ізгілендіру” атты дөңгелек үстел болып өтті. Мемлекет басшысының “Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы” Жарлығын және “Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы” заңды іске асыру мақсатында ұйымдастырылған жиында күн тәртібінде тұрған мәселелер кеңінен талқыланды.
“Қылмыстық заңнамаларды қылмыстан арылту және ізгілендіру” атты жиынға Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов, Конституциялық кеңес Төрағасы Игорь Рогов, Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель “Адам құқықтары үшін хартиясы” қоғамдық қорының атқарушы директоры Жеміс Тұрмағамбетова қатысып, сөз сөйледі. Форумның жұмысына сондай-ақ Парламенттің, Жоғарғы Соттың, құқық қорғау органдары мен халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысының биылғы жылдың тамыз айындағы Жарлығында елімізде қылмыстық саясатты ізгілендіруге басты назар аударылған болатын. Шын мәнісінде де, қылмыстық заңнамаларды ізгілендірудің қоғам үшін қажеттілігі орасан екендігін жиында сөз алған сала басшылары атап көрсетті. Өткен жылдарда қылмысқа деген көзқарастың тым қатайыңқырап кетуінен темір торға қамалғандар саны күрт өсіп кеткендігі жасырын емес. Соның нәтижесінде қапастағылар саны жағынан Қазақстан бүгінде әлемде он жетінші орынды иеленуде, сондықтан да қылмыстық заңнамаларды барынша ізгілендіру мәселесі қазіргі кезеңдегі басты талаптардың біріне айналып отырғандығы сөзсіз.
Бұл орайда жиында сөз алған Конституциялық кеңес Төрағасы Игорь Роговтың “қылмыстық жазаны ізгілендіру, түптеп келгенде қылмыскерлерге жеңілдік жасау деген сөз емес, керісінше, құқық қорғау органдарының жұмыс сапасын жақсарту” деген салмақты пікірін атап көрсеткен жөн.
Сала басшыларының пікірінше, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру дегеніміз, қоғамда заң талаптарын бұзушылыққа, қылмыстық әрекеттерге деген көзқарасты өзгертіп, оны мүлдем жеңілдету емес. Бұл орайдағы ең басты міндет – құқық қорғау органдарының жұмыстарын жүйелендіріп, бұл бағыттағы жауапкершілікті барынша күшейту. Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркельдің пікірінше “қылмыстық заңнамаларды ізгілендіріп, жаза тағайындауда мүмкіндігінше жеңілдіктерді қарастырудың пайдасы орасан”.
“Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру туралы” Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған жиында сот жүйесіндегі ахуал да қамтылды.
Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.
• 01 Қазан, 2010
Заңнаманы ізгілендіру қылмыскерге жеңілдік жасау емес

Астанада референдумды қолдауға бағытталған жастар концертіне 10 мыңнан астам адам қатысты
Референдум • Бүгін, 20:27
Михаил Шайдоров Олимпиададағы жеңісі үшін қанша сыйақы алады?
Спорт • Бүгін, 20:20
Aitu экожүйесі: Ауқымды кеңею және 1 миллион белсенді пайдаланушы межесіне жақындау
Технология • Бүгін, 18:44
Ертең ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жасалды
Ауа райы • Бүгін, 18:04
Олимпиада-2026: Биатлоншы Владислав Киреев із кесу жарысында сынға түсті
Олимпиада • Бүгін, 17:36
Михаил Шайдоров: Олимпиададағы жеңісіме Денис Теннің ықпалы зор
Спорт • Бүгін, 16:56
Қазақстан әртістік жүзуден Әлем кубогы кезеңінде екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:48
Ұлттық кітапханада Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды
Қоғам • Бүгін, 15:43
Фристайл-могул: Павел Колмаков Олимпиадада 1/8 финалға дейін жетті
Олимпиада • Бүгін, 15:35
Өскеменде ауаның ластануына байланысты оқушылар қашықтан оқиды
Аймақтар • Бүгін, 14:36
Белгілі инженер – Дінмұхамед Қонаевтың туысы Алтай Қадыржанов дүниеден өтті
Оқиға • Бүгін, 14:23
Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Астанада LRT аялдамасынан өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 13:14
European Open: Эсмигуль Куюлова ел қоржынына күміс жүлде салды
Спорт • Бүгін, 12:15