05 Қазан, 2010

Елбасы қабылдады

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. А.Есімов Президентті Алматының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы хабардар етті. Әңгімелесу барысында қаланың спорттық нысандары­ның алдағы 2011 жылғы 7-Қысқы Азия ойындарына дайын­дық барысы туралы сөз болды. * * * ТАҒАЙЫНДАУ Мемлекет басшысының Өкімімен Ғұсман Кәрімұлы Әмі­рин Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік ко­ми­теті төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.