06 Қазан, 2010

Туризмді дамыту қадамы

796 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Ақтөбе қаласындағы “Алатау” сауда-ойын-сауық кешенінде lV республикалық “Сарқылмас сая­­­хат” туристік жәрмеңкесі ашылды. Республикалық туристік жәр­меңкені Ақтөбе облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқар­ма­сының бастығы Асылбек Құл­ма­ғамбетов қысқаша сөз сөйлеп, аш­ты. Ол осындай үлкен шараны өт­кі­зуге Ақтөбенің таңдалып отыр­ға­нын өңірдің эко­номикалық да­муы­мен сабақтастырды. Жәрмеңкенің мақсаты – аймақтардың туристік мүмкіндіктерін ашу, еліміздің ту­ристік имиджін қалыптастыру және нығайту, ішкі туризмді дамыту, ұсы­нылатын қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру екеніне тоқтал­ды. Туристік жәрмеңкенің салтанат­ты ашы­луына Туризм және спорт министрлігінің туризм ин­дустриясы комитетінің төрайымы Гүлжан Қыр­ғызбаева қатысып, сөз сөйледі. Жәрмеңкеге қатысушылар өз өңірлерінің ту­ристік мүмкіндіктерін ашып көрсететіндей жарнамалық баспа материалдар мен роликтерді, суреттер мен буклеттерді ұсынуда. Сондай-ақ, мұнда жайма сөрелерге қойылған тарихи жәдігерлер де, сый-кәде бұйымдары да, туған елі­­­міздің көрікті жерлерінің тартымды суреттері де, қолөнер өнімдері де көз тартады, көңіл арбайды. Ос­ындай ғажай­ып­тарды өз деңгейінде насихаттап, жарнамалай алсақ туристердің біздің елді бетке алуы ғажап емес. Жәрмеңкеге қатысушы Оңтүс­тік Қазақстан облыстық туризм, де­не тәрбиесі және спорт бас­қар­ма­сы бастығының орынбасары Ба­тырғазы Серғазиев мұндай жәрмең­кенің туризмді дамытуға ықпалы зор екенін айтты. Елімізде туристік жәр­меңке өткізу оңтүстік өңірден бас­талыпты. Бұл өңірде туризмді да­мытудың мүмкіндіктері де мол екен. Қазірдің өзінде туризм са­ла­сында болашақта жүзеге асы­ры­латын төрт жоба қолға алыныпты. Соның ішінде жылына 8 мыңға дейін турист қа­былдайтын Қасқасу тау шаңғысы базасын салудың болашағы зор. Сондай-ақ, мұнда қонақ үй сервистік қызметі қар­қынды дамып отырған көрінеді. Атақты Сарыағаш, Манкент ши­па­жайлары да тынығып, емделушілер үшін тартымды бола түспек. Ал, “Ырғыз-Торғай” мемлекет­тік табиғи резерваты таза жарна­ма­лық материалдар ұсынуда. Осы ме­ке­менің экологиялық ағарту және ту­ризм бөлімінің бастығы Мереке Жұ­банияздың айтуынша, бұл өң­ір­ге атбасын тіреген туристер тарихи ес­керткіштерді, тамаша табиғатты, балығы тайдай тулаған, құстары айдынын жапқан сексен көлді қы­­зықтай алады екен. Ма­лайдар көл­дер жүйесі экотуристік соқпағы бе­кі­тіліпті. Басқа да жо­баларды жү­зе­ге асыру ойласты­рылуда көрінеді. Түркістандық қолөнер шебері А.Рысбаевпен қызу іс үстінде таныстық. Тура жәрмеңке өтіп жат­қан залда өзінің шәкірті ақтөбелік жасталап Орын­басар Тө­легеновке жергілікті саздан гүл салатын ваза жа­сауды үйретіп жатыр екен. Әп-сәтте ғана бір уыс илен­ген саз әсем бұйымға айналғанын көріп риза бол­дық. Ол жәрмеңкеге өзінің қыш­тан жасалған саз сырнай, құ­мыра сияқты сый-кәде бұйым­да­рын да ала келіпті. Туризмді дамыту мәселелері бой­ынша өзара тәжірибе алмасып, ақ­параттар алуға, өзара тиімді ке­лісім-шарттар жасауға және іс­кер­лік әңгімелесуге мұндай жәрмеңке таптырмайтын-ақ шара. Сондықтан да жәрмеңкеге қатысушылардың бұған қызығушылығы басым екенін көрдік. “Сарқылмас саяхат” туристік жәр­меңкесі ая­сында туризмді да­мытудың проблемалық мәселелері және инвестициялық жобалар жө­нінде респуб­ли­калық семинар, Ақ­төбе қаласы бойынша ақпараттық тур өткізілді. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.