06 Қазан, 2010

Защитада кітапхана ашылмақ

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өскеменнің бір түкпірінде орналасқан Защита шағын ауданы тұрғындары қала әкімі Ислам Әбішевпен кездесуінде өздері демалатын орындардың аз екенін, ұзақ жылдардан бері бір кітапханаға зәру екенін ай­тып,  өтініш-талаптарын білдір­ген еді. Енді жақын арада жаңа кі­тап­хана іске қосылмақ. Косарев көшесінде орналас­қан тұрғын үйдің 300 шаршы мет­­ріне ие болған қалалық мә­дениет бөлімі оның ішінен кітап­хана жасақтамақ. Қазір жөндеу жұ­мыс­тарын “Нұрлы құрылыс” фир­ма­сы жүргізіп жатыр. Қа­­жет­­ті мөлшерде кітап, басқа да қажетті заттарды қала әкімі тауып бермек. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Өскемен.