06 Қазан, 2010

Қытай елшісімен кездесті

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжоу Лимен оның өтініші бойынша кездесті. Мәжіліс Төрағасы сөз басында елшіні қазақ топырағынан баста­лып жатқан жаңа мәртебелі қыз­ме­тімен құттықтап, екі ел ара­сын­дағы стратегиялық серіктес­тікті бекемдеу жолында еңбек жа­сайтынына сенім білдірді. Қытай елшісі өз кезегінде Мәжіліс Төрағасының Қытай-Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа берген бағасымен ке­лі­сетінін білдіріп, екі ел ара­сын­дағы көршілік байланыс еселей түс­ке­нін жеткізді. Бұрын да Қазақстанға құрметі зор дипломат бұл жолы елші ретінде келіп отырғанына қуанышын білдіріп, алдағы уа­қытта екі елдің ара­сындағы достық байланыстарды жандандыру жолында қызмет ететінін айтты, деп хабарлады Мәжілістің баспа­сөз қызметі.