12 Қазан, 2010

Тасбастаудағы қоныс тойы

612 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Облыс әкімі Б.Сапарбаев су тасқынынан зардап шеккен 34 отбасыға тұрғын үйлердің кілтін тапсырды Үстіміздегі жылдың көктемінде ауа-райы күрт жылыған кезде қа­лың қар еріп, облыстың 23 елді ме­кенінде бес жүзден астам үйдің тұ­руға жарамсыз болып қалғаны көп­­шілікке мәлім. Сын сәтте Елбасы ең алдымен көмек қолын созды, қыруар қаржы бөлгізді. Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда жә­не басқа облыстардан қаржы түсіп жатты. Облыс әкімі Бер­ді­бек Сапарбаев күндіз-түні шап­қы­лап, апат аймағында барлық істі өзі басқарып жүрді. Облыстық штаб­­тың төрағасы, Өскемен қаласының әкімі Ислам Әбішев, облыс әкімінің ор­ын­басарлары Серік Тәукебаев, Тү­сіп­хан Түсіпбеков, басқарма бас­шы­лары Зайсан, Тарбағатай, Күршім аудан­дарындағы су басып қалған ауыл­дар­да жиі болып, жұмысты ұй­ым­дас­тырып отырды. “Балапанды күзде са­найды” дегендей, бүгінге дейін тұр­ғын үйлердің көбі пайдалануға бе­рілді. Енді бірер аптада бес жүз­ден астам тұрғын үйге зардап шек­кендер қоныстанатын болады. Сенбі күні өңір басшысы Берді­бек Сапарбаев Зайсан ауданының Тасбастау ауданына келді. Зайсан ауданының әкімі Серік Зайнулдин облыс әкіміне атқарылған жұмыстар жайлы айтып берді. Ауыл тұрғын­дарының көңілдері көтеріңкі, сап тү­зеген жаңа үйлер алыстан мен- мұн­далайды. Көшелер асфальт­тан­ған, биік бағаналарға ілінген жарық шамдар да жарқырап тұр. – Шілікті өңірі қасиетті жер. Алтын адамның осы жерден та­былуы бұл өлкенің байлығын паш еткендей. Естеріңізде ме, елді ме­кенді су басқан кезде барлығыңыз абыржып қалдыңыздар. Сол кезде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­­баевтың сәлемін жеткізіп, мемлекет тарапынан барлық шығынның қал­пына келтірілетінін, бас-аяғы үш-төрт айда жеті аудандағы 515 тұрғын үйді салып беруге уәде бергенбіз. Шы­ғыс өңірінде үш айда 515 үй, төрт аурухана, 3 мектеп, жүздеген ша­­­қырым жол, 12 көпір салынып, пай­далануға берілді. Осыдан бір ай бұрын Елбасы Н.Назарбаев Тар­­бағатай ауданына келген кезде 1990 жылғы Зайсан зілзаласы кезінде үй құрылыстарының үш-төрт жылға созылып кеткені, ал су тасқыны зар­даптарын үш-төрт айда толық қал­пына келтірілетіні жайлы айт­қанбыз. Енді, міне, бүгін Тасбастау ауылында 34 жаңа үйдің кілтін алғалы тұр­сыздар. Қуаныш ұзағынан бол­сын, ағайын, – деп тебіренген Бер­дібек Мәшбекұлы тұрғындарға пә­тер кілтін салтанатты жағдайда тапсырды. – Құрметті Бердібек Мәшбек­ұлы, сіз халықтың адамысыз. Зай­санның өзіне жеті-сегіз рет келіп отыр­сыз. Ал мына көрші Тарба­ға­тай­ға жиырмаға жуық рет барып­сыз. “Шығыстың бас құрылыс­шы­сы” деп сіз туралы халық орынды айтып отыр. Ендеше, символикалық кілтті тапсыруға рұхсат етіңіз, – деп облыс­тық мәслихаттың депутаты, Шы­ғыс өңіріндегі құрылыс ғима­рат­тарының көбінде қолтаңбасы қалған “Зайсан құрылыс” компа­ниясының президен­ті Болат Нұра­сыл ағынан жарылды. Өңір басшысының қолынан пә­тер кілттеріне қоса “Парыз” жәрдем қоры бөлген қаржы есебінен жиһаз, тоңазытқыш, теледидар алған тас­бастаулықтардың қуанышында шек жоқ. Қуанбағанда ше, сыңғыр­лап тұрған үй көздің жауын алады, іші­не еуропаша жөндеу жүргізілген, жи­­һазға толып тұр. Г.Вознюк бас­қа­ратын “Өскемен жиһаз” ком­би­на­­ты осы заттардың барлығын сапа­лы жасаған, таяу арада екікісілік тө­сектерді жеткізіп бермек. Ауыл тұрғындары атынан сөз алған Қ.Сағиев өңір басшысы Б.Са­парбаевқа алғысын айтты. Аудан әкімі С.Зайнулдин, құрылыс ком­па­ниясы және қолғабыс жасаған аза­мат­тар да халықтың алғысына бө­ленді. Бұдан кейін Б.Сапарбаев көп балалы ана Қайнижамал Елжа­сованың жаңа пәтеріне кіріп, ақ дастарқаннан дәм татті. Кейуана қашан да халықтың қамын ойлап, жарғақ құлағы жастыққа тимей ер­ек­ше қызмет жасап жүрген облыс әкі­міне көзіне жас алып тұрып ри­за­шылығын білдірді. Бұдан артық қан­дай құрмет керек! Зайсан өнер­паздары сол күні жиналғандарды ән мен күйге бөлеп тастады. “Айна­көл” ансамблінің әртістері жерлес­те­­рімен қуанышты бірге тойлады. Еліміздің Шығыс түкпірінде жат­қан Зайсан ауданының диқан­да­ры биыл бітік өнім алды.Мал басы өсіп келеді, “жол картасы” бой­ын­ша жолдар жөнделіп, ғимараттар бой көтерді. Қазір аудан тұрғын­да­ры қатал қысқа қам жасауда. Көмір қоры жасалуда, білім ошақтары тұ­рақ­ты жұмыс істеп тұр. Ю.Гагарин атындағы мектептің қысқа әзірлігін көрген өңір басшысы білім ұя­сының кітапханасын аралап шықты. Мұнда 8400 дана кітап бар екен. Білім ошағында әр оқушыға күніне 20 грамм бал тегін беріледі. Бұл өңір басшысының тапсырмасы болатын. Дайыр ауылындағы күрделі жөн­деу­ден өткізілген мектеп-интернаттың құрылысы сапалы жүргізілгеніне риза болды. Бұдан кейін облыс әкі­мі мектеп ауласына ағаш көшет­те­рін отырғызды. Сарытерек ауылын­да сол күні “Балапан” бағдарламасы аясында “Айгөлек” бала бақша­сы­ның салтанатты ашылуына қатыс­қан облыс әкімі сәбилерге ала кел­ген сыйлығын тапсырды. Зайсан ауданында атқарылып жат­­қан істер баршылық. Облыс әкімі Б.Сапарбаев аудан бас­шы­ла­рына жаңа міндеттер жүктеп, Ел­ба­сы тапсырмасын орындауға белсене араласуға жөн сілтеді. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы.