19 Қазан, 2010

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы № 369

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса берілген Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация вице-министрі Е. Дүйсенбаевқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министр Ә. Құсайынов ___________________ Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2010 жылғы 20.08  № 369 бұйрығымен бекітілген Авиакомпанияның бірінші басшысының лауазымына кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптары Авиакомпанияның бірінші басшысы лауазымына кандидаттарға мынадай біліктілік талаптары қойылады: 1) жоғары білім; 2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 34-бабына сәйкес құжат түрінде расталған азаматтық авиация саласындағы басшылық қызметтерде кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі; 3) Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білуі тиіс.