Бақыт қайда – бассаң аяқ астында дегендей, қашан да бізді алдан күтер жақсылықтар жеткілікті. Мына жалғанда ұлды үйлендіріп, қызды қияға қондыруды әркім көксейді. Кеше ғана көз алдыңда құлдыраңдап шауып жүрген балаң білдірмей ер жетіп, қалыңдығын таныстыруға әкелгенде, шалқаңнан түсе жаздасаң да, шабылып той қамына кірісесің. Жақсылықпен жанығып жүргенде сана түкпірінде жаңа құрылған жас отбасы қайда тұрады, қалай тіршілік кешеді деген де ой тұрады. Дегенмен, ең басты мәселе де осы.
Басқа балаларды бір бөлмеге тығып, тар пәтерді бөліп бересің бе? Пәтер жалдау керек пе? Ол да қымбат! Тамыр-таныстарың жастарға жеке үй алып беруге кеңес береді. Алайда, үйде барлығы жабылып жүріп 200 мың теңгедей жалақы табады делік. Бұл аз да емес, көп те емес, бірақ, банктен ипотекалық несие алу тағы қиын. Оның үстіне қазір банктер өз үстемелерін бірден көтеріп, заемшылармен қатаң жұмыс істей бастады.
Дегенмен, осы тығырықтан шығатын бір жол – “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” тиімді заемдары. Біріншіден, банк елімізде ең төмен пайыздық үстемемен қарыз береді. Екіншіден, банк клиенттерінен бастапқы салымды талап етпейді. Бұл қажетті соманы бірден жинақтай алмайтын жандар үшін өте маңызды.
Осы арада банктің төрт тарифтік бағдарламасының ішінде болашақ отбасылар үшін ең тиімдісі – “Бастау” екендігін айта кетелік. Бұл – ең жедел тариф, аталмыш бағдарлама арқылы бар болғаны 3-3,5 жыл ішінде баспаналы болуға болады және тұрғын үй құрылыс жинағын жинақтаудың мерзімі де дәл осындай. Несие алты жыл ішінде төленіп бітуі тиіс. Басқа тарифтің бағдарламаларда жинақтау және төлеу мерзімі әлдеқайда ұзағырақ.
Ал “Бастау” бағдарламасы бойынша тұрғын үй заемын қалай алуға болады?
Алдымен 3-3,5 жыл бойы келісім-шарт сомасының, яғни сатып алғыңыз келген пәтердің жарты ақшасын банкте жинақтау қажет.
Егер сіз сатып алғыңыз келетін пәтер 8 миллион теңге (қаланың шеткі аудандарында екі бөлмелі пәтердің бағасы осы шамасында) болса, банктен сіз осынша қаражатты қарызға ала аласыз және бұл келісім-шарттың да сомасы болып табылады. Демек, сізге осы аралықта кем дегенде 4 миллион теңге жинақтау қажет. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің” ең үлкен артықшылығы қаржыны жинақтау мен несиені қайтарудың барлық кезеңінде пайыздық үстеме өзгермейді. Мұндай тұрақтылық несие алып отырған адамға сенім береді. Банктің тағы бір пайдалы ұсынысы заем тек теңге түрінде беріледі. Яғни, клиент валютаның құлдырауы мен өсуіне тәуелді емес.
Тұрғын үй құрылыс жинағы туралы келісім-шартқа отырғаннан кейін заемшы ай сайын келісім-шартта көрсетілген соманың жартысын жинақтай бастайды. Егер 8 миллион теңгеге келісім-шарт жасалса, онда төлем 100 мың теңгені құрайды. Бұл тарифтің бағдарлама бойынша келісім-шарттағы соманың 1,25 пайызына тең болатын, ай сайынғы жинақ жарнасын төлеуге кеңес беріледі.
Алайда, сізге қажетті қаражат – тек сіздің төлемдеріңізден құралмайды. Мемлекет те өз тарапынан салымшыларды қолдау мақсатында, мемлекеттік бюджет есебінен, көлемі жинақтың 20 пайызын құрайтын жылдық сыйақы төлейді. Дегенмен мұндай сыйақымен 200 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі салымдар көтермеленеді. Үстіміздегі жылы 200 АЕК – 282 600 теңгеге тең болды. Соған сәйкес, 2010 жылғы мемлекеттік сыйақының ең жоғары көлемі 56 520 теңгені құрайды.
Келісім-шарттағы соманың жартысы (4 млн. теңге) жинақталған кезде сіз қалған қаражатты “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен” 5 пайыздық жылдық үстемемен тұрғын үй заемы ретінде аласыз. “Бастау” бағдарламасы бойынша тұрғын үй заемын жабудың ай сайынғы төлемі келісім-шарттағы соманың 0,80 пайызына тең болады Жалпы 8 миллион теңге алған болсаңыз онда сіз несиені қайтару үшін айына 64 мың теңге төлейтін боласыз.
“Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” өз клиенттеріне ең тиімді ставкаларды ұсынып отыр. “Бастау” бағдарламасы бойынша жинақтың жылдық тиімді сыйақылық үстемесі 12,7 пайызға дейін жетеді. Ал банк несиесін қайтарудың жылдық тиімді үстемесі 5,3 пайызды құрайды, бұл үстеме басқа банктерге қарағанда, айтарлықтай төмен.
Жаңадан отау құрған жастарға ай сайын өз қаражаттарынан осыншама ақшаны бөліп беріп отыру оңай еместігін ескерген “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” өз клиенттеріне барынша қарайласады. Банктің аса қадірленетін стратегиясы клиенттермен тиімді де жайлы әрекет етуге бағытталған.
Ендігі жерде сіз ТҚЖ туралы келісім-шартты Алматы қаласында жуырда ашылған Тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарында (ЦОН) жасай аласыз. Мекен-жайлары: Астана ықшамауданы, 110 үй, (“Люмир” сауда үйі) және Спартак көшесі, 30 үй (Шолохов пен Сейфуллин көшелерінің қиылысы).
Қосымша ақпараттарды “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі” АҚ төмендегі телефондар бойынша білуге болады:
Алматы қ. – 279-25-55, 377-18-45, Қызылорда қ. – 26-26-64, Көкшетау қ. –25-63-04, Талдықорған қ. – 24-79- 72, Тараз қ. – 42-58-60, Шымкент қ. – 21-33-62, Павлодар қ. – 34-08-99, Өскемен қ. – 47-54-72, Қарағанды қ. – 43-62-52, Қостанай қ. – 53-38-20, Орал қ. – 54-36-36, Атырау қ. – 32-04-00, Актау қ. – 43-96-91, Астана қ. – 40-72-77, 36-19-07, Ақтөбе қ. – 55-72-21, Петропавл қ. 42-79-94, Семей қ. 52-22-90, немесе www.hcsbk.kz сайтында
Айнаш ЕСАЛИ.