29 Қазан, 2010

Зағиптардың руханият ордасы

479 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сыр аймағында 1226 зағиптар, яғни көз мүгедектері есепте тұрады екен. Осылардың тең жартысынан астамы кітапхана қызметін пай­да­ланады. Демек, қоғамда болып жат­­қан барлық жаңалықтардан құ­лағ­­дар болып, ақпаратпен зағип­тарды су­сын­дандыру үшін кітапхана аса қажет. Қызылорда қаласындағы “Қазақ со­қыр­лар қоғамы” өндірісінің мен­ші­гіндегі кітапхана ғимараты осыдан қы­рық жылдай бұрын салынған. Содан да оның зағиптарға көрсетер қызметі талапқа сай да емес. Сон­дық­тан об­лыс­т­ық бюджеттен ағым­дағы жылы 34,0 млн.теңге бөлініп, бүгінгі зама­науи талапқа сай жаб­дықталған екі қабатты кітап­хана ғи­мараты салынып, зағиптар­дың руха­ният ордасы пайда­лануға берілді. Кітапханадағы озық үлгідегі жаңа тифлотехникалық жабдықтар, “Сара” оқу-машинасы, брайлша дисплей, “Оникс” электронды үлкейткіш құралы, тифломагни­толла, компьютер зағип жандардың жан-жақты білім алуларына мол мүмкіндік бермек десек, руханият ордасының ашылу салтанатына облыс әкімі Б.Қуандықов қатысып, өзінің ыстық лебізін жеткізді. – Көптен күтіп жүрген жаңа ғи­ма­раттарыңыздың игілігін көріп отыр­сыздар. Мұндай кітапхана еліміз бо­йынша ашылып отырған екінші ғимарат. Бұл сіздер үшін рухани дем бе­ре­тін құтты мекен болсын, –деді ол. Еркін ӘБІЛ. Қызылорда.