2010 жылғы 11 қазан Астана, Үкімет Үйі
Мүлікті республикалық меншіктен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне беру туралы
“Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Ақмола облысы әкімінің Көкшетау қаласы, Глинин көшесі, 44а мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдің № 1-22 пәтерлерін республикалық меншіктен “Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Есіл экология департаменті” мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен Ақмола облысының коммуналдық меншігіне беру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген пәтерлерді қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.