02 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы № 633

601 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
«Сәулелік диагностика және терапия кабинеттерін жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерін бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 7-бабының 1-  тармағының   5) тармақшасына, 145-бабының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған «Сәулелік диагностика және терапия кабинеттерін жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережесі бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 3.  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін. 4. «Сәулелік диагностика және терапия кабинеттерін жобалауға, күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 23 мамырдағы  № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5269 болып тіркелген «Заң газеті» газетінде 2008 жылғы 22 тамызда  № 128 (1354) жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасы К.С. Оспановқа жүктелсін. 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Б. Садықов. ТОЛЫҒЫМЕН 633 Денсаулық