Биыл еліміз Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуде. Осындай мәртебеге ТМД мемлекеттерінің ішінде алғаш рет Қазақстан ие болып отыр. Еліміздің абыройы мен беделін бүкіл әлемге асқақтатқалы отырған аса маңызды форум – ЕҚЫҰ Астана Саммиті өтеді. 56 мемлекеттің көшбасшыларының басын біріктіретін алқалы жиын Отанымыздың халықаралық қоғамдастық алдындағы саяси салмағын арттыратыны сөзсіз.
Ел тәуелсіздігінің 19 жылдығы мен ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында көптеген мәдени-рухани іс-шаралар қолға алынуда. Осыған орай Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының әкімдігі жақында ЕҚЫҰ Саммитіне арналған “Жасасын біздің Елбасы, жасасын Қазақ елі, жастарын жалындатқан” атты мерекелік іс-шара ұйымдастырып, қазақтың рухын көтеретін ұлттық биіміз “Қаражорғаға” үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек киген, беліне сегіз өрім қамшы қыстырған 10 000 жас бір мезгілде биледі.
Сол секілді аталған мерекелік іс-шара да сазгер, дәулескер күйші әрі шебер орындаушы Бөрі Исаның жетекшілігімен 500 жас буынның орындауындағы “Балбырауын”, “Тепең көк” күйлері де жұрт көңілінен шықты.
А.ЕШАНҚҰЛОВА, Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары.