03 Қараша, 2010

“Болашақ” — бүлдіршіндер мекені

525 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ертеңін ойлайтын Ерей­­ментау “Бар жақсымыз – ба­лаларға!” ұранын аспанда­ту­мен келеді. Соның бір ай­ғағы, ұлттық тілде тәлім-тәр­бие беретін 320 орындық “Бо­лашақ” балалар бақша­сының салтанатты ашылуы дер едік. Александр Демидов бас­қа­­ратын “Ақмола құрылыс мате­риалдары” ЖШС 421,5 миллион теңгеге баға­ланған құрылысты кестелі мерзімде аяқтады. Мұнда озық мекеме дәрежесіндегі та­лаптардың барлығы қарастырыл­­ған. Жоғары сұраныс­тағы бөбектер ордасында қазірдің өзінде 12 топ құрылып отыр. Бүлдіршіндер мен ата-ана­ларды аудан әкімі Нұрлан Ере­жепов, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Мейрам­­гүл Жанысова, республикалық ба­лалар ұйымы одағының төрайымы Елена Дмитриенко, аудан имамы Орал қажы Айтбайұлы құттықтады. Балабақша меңгерушісі Ай­нагүл Омарова жаңа нысанда 103 жұмыс орнын ашу жоспарланып отырғанын айтады. Бақберген АМАЛБЕК. Ақмола облысы.