05 Қараша, 2010

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң бұйрығы № 463

679 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2010 жылғы 22 маусым "Оқушыларға жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi № 570 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 7-бабының 1-тармағының 5) тармақшасына және 145-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. «Оқушыларға жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерi мен нормаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiнiң 2003 жылғы 25 шiлдедегi № 570 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2003 жылғы 9 қыркүйекте № 2478 болып тiркелген, «Ресми газетте» 2003 жылғы 1 қарашада № 44 (148) жарияланған) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген «Оқушыларға жалпы бiлiм беретiн және интернаттық ұйымдардың құрылымына, ұсталуына және оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережелерi мен нормаларына: 4-тармақтың 6) тармақшасындағы «шағын мектептер» деген сөздерден кейiн «(ауылдық мектеп)» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Бейiмделген ғимараттарға ауылдық мектептердi орналастыру кезiнде үй-жайлар жиыны, олардың аудандары жалпы бiлiм беретiн ұйымның түрiне, оқушылардың санына және жасына, сынып санына қарай тиiстi аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша осы санитарлық ережелерiнiң талаптарына сәйкес айқындалады.»; 30-тармақта бiрiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «Медициналық пунктiнiң толық үй-жайлар жиыны болмаған жағдайда ауданы кемiнде 12 м2 болатын бөлмемен жабдықталады, жарақтандыру және жабдық, медициналық кабинеттердiң медициналық құжаттамасының тiзбесiн жүргiзу осы санитарлық ережелерге сәйкес тиiстi аумақтағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттiк органмен келiседi. Бейiмделген ауылдық мектептердiң медициналық кабинетiнде орталықтанған сумен қамтамасыз ету жүйесi болмаған жағдайда су құйып қолданатын қол жуғыштар (сорғымен су жинайтын бак) орнатылады.»; 37-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ауылдық мектепте асхана болмаған жағдайда шикiзат дайындауға, тамақ әзiрлеуге және дайын өнiмдi таратуға арналған аймақ бөле отырып, қысқартылған үй-жай жиыны пайдаланылады. Ас үй ауданы кемiнде 9,0 м2 болатын үй-жайда жабдықталады. Технологиялық, тоңазытқыш және жуу жабдықтарын орналастыру тамақ әзiрлеу ағындылығы есепке алына отырып жүзеге асырылады.»; 41-тармақта «Шағын комплектiлi мектептерде» деген сөздерден кейiн «(ауылдық мектептерде)» деген сөздермен толықтырылсын; 74-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Ауылдық мектептерде орталықтанған (орталықтанбаған) сумен қамтамасыз ету болмаған жағдайда арнайы автокөлiкпен тасымалданатын ауыз суды тасымалдау ұйымдастырылады.»; 82-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Екi немесе одан да көп ауысымда жұмыс iстейтiн ауылдық мектептерде бесiншi және соңғы сынып оқушыларын, сондай-ақ терең бiлiм беретiн сыныптардағы оқушыларды екiншi ауысымда оқыту ұйымдастырылады.»; 93-тармақ мынадай мазмұндағы абзацымен толықтырылсын: «Ауылдық мектептерде меншiктi спорт залы болмаған жағдайда дене шынықтыру бойынша сабақтар ойын бөлмесiнде, гимнастика залында, рекреацияларда немесе мектептiң дәлiзiнде ұйымдастырылады, мектепке жақын орналасқан спорт құрылыстары пайдаланылады.». 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Әкiмшiлiк-құқықтық жұмыс департаментi (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн оны заңнамада белгiленген тәртiппен ресми жариялауды қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Жауапты хатшысы Б.Н. Садықовқа жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр Ж. Досқалиев «Келiсiлген» Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi _________ Ж.Қ. Түймебаев 2010 жылғы 22 маусым «Келiсiлген» Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгiнiң төрағасы ______________ С.К. Нокин 2010 жылғы 29 маусым Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 29 маусымда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 6311 болып енгiзiлдi