05 Қараша, 2010

Елбасы қабылдады

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақовты және “Қазақстан инжиниринг” ұлттық компаниясы” АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұловты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Ә.Жақсыбеков Президентті қорғаныс ведомствосының ағым­дағы қызметі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, аяқталып ке­ле жатқан жылдың қо­ры­тын­ды­ла­ры және елдің алдағы кезеңге ар­налған Қарулы Күштерін да­мы­ту және жетілдіру жөніндегі жоспарлар баяндалды. Кездесу кезінде сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту туралы, Қорғаныс ми­нистрлігі мен “Қазақстан инжи­ниринг” компаниясының мә­ши­не жасау саласындағы кәсіп­орын­дарда дамыту және орна­ластыру мәселелері бойынша қорғаныстық тапсырыстардағы өзара іс-қимылы сөз болды. Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.