Даңқты партизан жазушы, “Қазақстанның Халық Қаһарманы” Қасым Қайсеновтің арамыздан кеткеніне үш-төрт жыл өте шығыпты. Кіндік қаны тамған Ұланына бір рет келмесе ішкен асы бойына сіңбейтін Қасым аға арамызға қайта оралды. Жақында Ұлан аудандық мәслихатының бір топ депутаты аудан орталығы – Молодежное кентіне Қасым Қайсеновтің есімін беру жөнінде шешім қабылдады. Сөйтіп, іскер басшы, ауданның жаңа әкімі Жомарт Мұратов пен ауыл ақсақалдары мен зиялыларының өтініші қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, Таврия ауылына Қ.Қайсеновтің бюстін, ал Өскемендегі қазіргі ескерткішін ауыстырып, орнына үлкен ескерткіш қою ұйғарылды. Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың есімімен Тавриядағы бір көше аталатын болды.
Оңдасын ЕЛУБАЙ.
Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы.