06 Қараша, 2010

Күн тәртібінде не бар?

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Онда Мәжіліс комитеттері­нің ұсынуымен бірқатар заң жо­балары депутаттардың тал­қысына шығарылатын болды. Сонымен бірге, Мәжілістің жал­­пы отыры­сында Үкіметтен келіп түскен жаңа заң жоба­ларына қоры­тын­ды әзірлеу уақыттары анық­та­ла­тын болып шешілді. Сондай-ақ, ха­лық­ара­лық маңызға ие заң жо­балары да ұсынылса, олар бой­ынша қо­рытынды әзірлеу мерзімі ай­қындалады. Еліміздің кейбір  заң­на­ма­лық  актілеріне  бюджет проце­сін­де мемлекеттік және бюд­жет­тік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар кұзыретінің аражігін ажырату мәселелері бойынша өз­герістер енгізу туралы, “Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекет­тік әлеуметтік тапсырыс мәсе­лелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу  туралы”, “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Қазақстан Респуб­лика­сының Заңына өзгерістер енгізу туралы” заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу жөнінде мәселе қаралады.