10 Қараша, 2010

Абай мен Гетеге арналды

687 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Өткен аптада Семей мемле­кет­тік педагогика институтында “Аб­ай және Гете Еуразиялық тұжы­рымдама кон­тек­сінде” деген та­қы­рыппен халық­аралық ғылыми-практикалық конфе­рен­ция болып өтті. Хакім Абайдың 165 жылдығы мен Германияның Қа­зақстандағы биылғы жылының құр­ме­тіне ор­ай­­ластырып өткізілген бұл ша­раға салалық министрлік пен Қа­зақстан халқы ассамблеясы, облыстық әкімшілік, аталған жоғары оқу орны мен облыстық “Возрождение” неміс бірлестігі ұйытқы болды. Ауқымды шара барысында “Абай және Гете мәдениетаралық қаты­нас­тарда”, “Абай мен Гетенің жалпы ұлт­тық әдеби тілдердің қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесі”, “Абай шығарма­шы­лы­ғын­дағы әлемнің көркем-философиялық тұжы­рым­да­масы”, “Неміс әдебиеті және филологиялық пән­дер­ді оқыту әдістемесі” және басқа тақырыптардағы ма­те­риалдар кеңінен талқыланды. Аталған тақырыптар бойынша өз елімізбен бірге Германия, Ресей, Қытай және Моңғолия елдерінің ғалымдарынан екі жүзден астам ғылыми мақалалар келіп түсіпті. Конференция жұмысын институт ректоры Мейір Ескендіров кіріспе сөзбен ашты. Бұдан кейін жер-жерден келген ғалымдар күн тәртібіндегі мәселелерге орай кеңінен сөз қозғады. Олардың ішінде есімі елі­мізге белгілі ғалымдармен бірге, алыс-жақыннан кел­ген шет жұрттық оқымыстылар да көп болды. Кон­фе­­ренция қонақтары ұлыларға қатысты тарихи ор­ын­дарда болып, өлке тынысымен де кеңінен танысты. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.