10 Қараша, 2010

Өндірісті өлкедегі банктер филиалдарының саны тағы бірге өсіп 18-ге жетті

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Компьютерлік сынып сыйлады Өндірісті өлкедегі банктер филиалдарының саны тағы бірге өсіп 18-ге жетті. Ақтауда “Альфа Банк” АҚ-тың филиалы салта­нат­­ты түрде ашылды. Аймақта қаржы саласының кең қанат жаюы өңір экономикасының өрлей түсуінің белгісі екендігі атап көрсетілді. Облыс әкімдігі мен “Альфа Банк” АҚ ара­сын­дағы ынтымақтастық туралы ме­морандумға облыс әкімі Қ.Кө­шер­баев пен аталмыш банктің басқарма төрағасы Д.Смирнов қол қойды. Банк басшысы алда­ғы уақытта облыстың әлеумет­тік-экономикалық дамуына игі ықпал ететін шағын және орта бизнесті қолдап, ірі жобаларды қаржылан­дырып, мемлекет – жекеменшік әріптестігі негізін­дегі жобаларға қосылуға әзір екендіктерін білдірді. Және “Альфа Банк” АҚ әлеуметтік кәсіпкерлік аясында облыс ор­талығындағы №6 орта мектепке заманауи компьютерлік сынып­ты сыйға тартты. Жоламан БОШАЛАҚ, Ақтау.