12 Қараша, 2010

Прокурорлық қадағалау күшейтілді

524 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бас Прокурор Қ. Мәмидің төрағалық етуімен құқық қорғау органдары үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Онда БҰҰ комитетінің азаптауға қарсы ұсыныстарын жүзеге асыру, сондай-ақ бас еркінен айыру орындарынан босатылған адамдардың еңбек және тұрмыстық орналасу мәселелері қаралды. Отырысқа қатысушылар БҰҰ комитетінің азаптауға қарсы ұсы­ныстарын дәйекті жүзеге асыру жө­ніндегі атқарылған оң жұмыс­тар­ды атап өтті. Бас Прокурор азап­­тауға және қаталдық пен жа­за­лаудың басқа да осындай түр­ле­ріне қарсы күрес жөнінде қо­сым­ша шаралар қабылдау қажеттігіне тоқталды. Өңірлік прокурорларға азаптау және қылмыстық процеске тартылған және арнаулы меке­ме­лердегі адамдарға қатал қарауға байланысты басқа да заңсыз әдіс­тер туралы арыз-шағымдарды тек­се­руді қатаң бақылау тапсырылды. Бас бостандығынан айыру ор­ындарынан босатылған адамдар­дың әлеуметтік бейімделуін талқылау барысында мәжілісте бұл жұмыстың тиімділігін арттыру, уәкілетті мем­ле­кеттік органдардың бұрынғы қа­мау­дағылардың еңбек және тұр­мыс­тық жағынан орна­ла­суы жөнінде өзара іс-қимылын жұ­мылдыру және тиісінше ұй­ым­­дас­тыру, олар­­дың құқықтарын қор­ғау саласында заң­дылықтың сақ­талуына проку­рор­лық қада­ға­лауды күшейту жө­нінде ке­шенді шаралар қабылдау­дың өзек­тілігі атап өтілді. Ха­лық­аралық тәжі­ри­б­е­­­ні ескере отырып, бұл салада жұ­мыстың жаңа нысан­дары мен әдістерін енгізу ұсы­ныл­ды, деп хабарлады Бас прокура­тура­ның баспасөз қызметі.