12 Қараша, 2010

Жаңа басымдықтар белгіленді

435 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” ХДП Астана қалалық филиалында сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күреске арналған кезекті форум өтті. Онда филиалдың атқарған жұмысы және алда тұрған міндеттері сарапқа салынды. Жемқорлыққа қарсы күрес фо­румына Сенат депутаты, “Нұр Отан” ХДП жанындағы сыбайлас жем­қорлықпен күрес жөніндегі рес­публикалық қоғамдық кеңестің төр­ағасы О.Әбдікәрімов, Мә­жі­ліс­тің, Астана қаласы мәслихатының депутаттары және басқалар қатысты. Форумда 2010 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындылары, “Нұр Отан” партиясының 2011-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнін­дегі жаңа бағдарламасының жобасы және Астана қалалық партия ұйымының 2011 жылға белгілеген міндеттері талқыланып, жаңа басымдықтар белгіленді. “Егемен-ақпарат”.