13 Қараша, 2010

Палата отырысының күн тәртібі нақтыланды

438 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов­тың жетекшілігімен Палата Бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мем­лекет басшысының сот-құқықтық реформа саласын жетілдіруге бағытталған Жарлығын іске асыруды көздейтін заң жобалары қаралды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Сонымен қатар, “Құқық қор­ғау қызметі туралы”, “Қазақ­стан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі және сыныптық шен, әскери және арнаулы атақ­тар беру, әскери қызметшілердің және өзге де мемлекеттік орган­дар қызметкерлерінің нысанды киім киіп жүру құқығы мәселе­лері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы”, кейбір заңдарға прокуратура ор­гандарының қызметін жетіл­ді­ру­ді қарастыратын толықтырулар енгізу туралы, еліміздің кейбір заң­намалық актілеріне бизнес пен жеке меншікті заңсыз тар­тып алуға (рейдерлікке) қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, қылмыстық заң­на­маны одан әрі ізгілендіру және қылмыстық процестегі заң­дылықтың кепілдіктерін кү­шей­ту мәселелері бойынша өз­герістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобаларының топтамасы да бірінші оқылымда талқылауға шығарылатын болды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті “Шан­хай ынтымақтастық ұйымының терроризмге қарсы конвенция­сын ратификациялау туралы” заң жобасын, Экономикалық рефор­ма және өңірлік даму комитеті “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы” заң жо­ба­сын екінші оқылымда қарау жө­нінде ұсыныс жасады.