29 Қараша, 2010

Екі ел жетекші партиялары басшылары бас қосты

453 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
“Нұр Отан” ХДП Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне қоғамдық және сарапшылық қолдау көрсету жұмысына, сондай-ақ аталмыш беделді Ұйымның маңызды өлшемдерін жүзеге асыруға барынша атсалысып келеді. Жыл басынан бері партия өкілдері халықаралық және республикалық деңгейде кең көлемде түрлі пікірсайыстар мен форумдар ұйымдастырып келсе, сенбі күні Алматыда ЕҚЫҰ Саммиті қарсаңында “Шиеленістен кейінгі жағдайды шешудегі ЕҚЫҰ тетіктері мен құралдары” тақырыбында өткізген халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы сол шаралардың заңды жалғасындай болды. Қырғызстаннан “Ар-На­мыс”, “Ата-Мекен”, “Жаса­сын Қырғыз­стан”, “Ата-Жұрт” сияқты партия жетек­ші­лері және Қазақстан мен Ресей сарапшылары, мемле­кет­тік органдардың, азамат­тық қоғам институттарының өкіл­де­рі қатыс­қан басқосуды “Нұр Отан” ХДП хатшысы Ерлан Қарин ашып, жүргізіп отырды. – Бүгінгі басқосуымыздың мақ­саты – екі жақты қарым-қаты­насты одан әрі нығайтып, қақ­ты­ғыс­тардың алдын алуға бағыт­тал­ған шараларды бекіту. Менің ойым­ша, мұндай кез­де­сулер тек ха­лықаралық байла­ныс­ты күшей­тіп қана қоймай, сондай-ақ аза­мат­тық қауым­дас­тықтар арасын­дағы келі­сім­ді дамытады, – дей келе, Е.Қа­рин еліміздің мәртебелі Ұйымға төрағалық аясындағы аймақтық шиеленістерді рет­теудегі жетістіктеріне талдау жа­сады және әріптестерін ашық әңгімеге шақырды. Тө­секте басы, төскейде малы қо­сылған көрші қырғыз ағай­ындарында қақтығыс орын алы­сымен еліміз алғашқы­лар­дың бірі болып, гуманитарлық көмек жіберіп, келіссөздер өт­кізуге бас­тамашылық таныт­қан болатын. Осыны ескерген қырғыз сарап­шы­лары бүгінгі басқосуды пайда­ла­нып, алғыс­тарын білдірді. – Мен Қазақстанның осы кезге дейінгі жасаған қарышты қадамдары мен саяси шешім­де­рін жоғары бағалаймын, – деді “Ар-Намыс” партиясы­ның төрағасы Феликс Кулов. – Оған ешкімнің дауы жоқ шығар. ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен бір жылда Қазақ жұрты посткеңестік елдерде орын ал­ған текетірестерді реттеу бағы­тында күш-жігер жұмсады. Со­нымен қатар, Азия мен Еу­ро­­паның арасына бейбіт кө­пір­дің қалыптасуына сеп болды. Одан әрі қырғызстандық пар­тия төрағасы бірінші күн­нен бас­тап Қазақстан өздеріне ағалық кө­мегін көрсеткенін, ең маңыздысы, Қазақстан тек көрші ретінде ғана емес, сон­дай-ақ ЕҚЫҰ төрағасы ретін­де де қақтығысты реттеуге ба­рын салғанын, ол үшін Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевқа алғыстары шексіз екенін, Қазақ елі басшысының Қырғыз­станда тыныштық ор­на­туға ай­тар­лықтай үлес қо­сып, әлі де көмегін аяп отыр­мағанын жеткізді. “Сіз­дер­де өтетін ЕҚЫҰ Саммиті қазір орын алып жатқан көп мәсе­ле­ге нүкте қояды. Сонымен қа­тар, саммитте тәжірибелік пікір алмасу мәселесі рет­тел­мек. Бұл, әсіресе, біз үшін нақ­ты бір саяси жүйе қа­лып­­тастырып, оны қолдануымызға жол ашпақ, деді Ф.Кулов. Сондай-ақ, конференцияда Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төр­аға­лық етуі аясында аймақтық шие­леністерді реттеу ісіне қа­зақ­стан­дық тараптың қатысуы мәселесі талқыланып, аталған Ұйымның жауапкершілік ке­ңіс­тігінде қақты­ғысты жағдай­лар­ды реттеудегі ЕҚЫҰ тәжі­ри­бесі мен әлеуетіне талдау жасалды. Осы тұрғыда Қыр­­ғыз­стандағы жағдайды тұ­рақ­­­тан­дырудағы Қазақстан­ның және оның Көшбас­шысы Н.На­зарбаевтың рөлі мәсе­лесіне айрықша мән берілді. Сонымен қатар, дөңгелек үстелде бас қосқандар “эконо­ми­ка­лық дереу көмек көрсету” тәсі­лін талқылады. Саяси са­рап­шылар болса: “Қырғыз елін­дегі жағдайдың толық тұрақ­тануына әлі де нақты бір жүйе қажет. Дипломатиялық келеңсіздіктердің алдын алуға, шиеленістердің бейбіт түрде шешілуіне арнайы тетік керек, бұл мәселе алдағы саммитте түйі­нін тар­қатады деп сене­міз”, деген ой­ла­рын ортаға сал­ды. Гүлзейнеп СӘДІРҚЫЗЫ.