29 Қараша, 2010

Астананың әлемдік толғағы

614 рет
көрсетілді
40 мин
оқу үшін
Кеше үш күнге созылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Астана Саммиті аясында өткен Шолу конференциясының үшінші бөлігі өз жұмысын табысты аяқтады.

Миграция – жаһандану заманындағы адам бейнесі ЕҚЫҰ Саммиті аясында өтіп, жұмысын кеше, жексенбі күні аяқтаған Шолу конференциясы сенбі күні де жалғасқан-тын. Бейбітшілік және келісім сарайында Миграция жөніндегі халықаралық ұйым миссиясының басшысы Андреас Халбах модераторы болған “Мигранттарға қатысты төзімсіздік” атты сессия жұмысында мигранттар басындағы жағдай жан-жақты талқылауға түсті. Негізінен, мигранттарға төзім­сіз­діктің алдын алу тақырыбы осы­дан біраз бұрын Варшавада өткен Шолу конференциясы барысында да өткір талқыға түскен болатын. Елордада өткен Шолу конферен­циясындағы талқыға түскен осы мәселе соның заңды жалғасы іспетті болды. Алайда аталған шара пікір алмасу алаңына ғана айнал­май, мұнда жиналған­дардың ойлау кеңістігін одан да ке­ңей­те түсті. Жаһандану қоғам өмірі­не дендей ене бастаған сайын ми­гранттар мәселесі өткір де күрделі бола түс­пек. Осы ретте модератор ми­грация жаһанданудағы адам бей­несі деген тұжырым жасады. Ол кел­тірген мәліметтерге қарағанда, алда­ғы 30 жыл ішінде жер беті халқының саны 40 пайызға өсіп, 9 мил­лиард­қа жетеді екен. Әсіресе, мұндай үдеріс дамушы елдерде қарқынды жүрмек. Олай болса, жақын болашақта мигранттар тарапынан қысым күшейе түспек. Соның салдарынан жаһан­дану заманында адам бейнесіне түсе­тін дақтардың саны да артатыны белгілі.

Биыл Мигранттар мен оның отбасы құқықтары жөніндегі конвенцияға бір жыл толып отыр. Қазіргі таңда аталған құжатты 45 ел ратификацияласа, тағы 16 ел оған қол қойған. Осы және еңбекпен қамту, сондай-ақ жұмысшы миг­ранттар мәселелеріне қатысты заң­дық құжаттар миграцияның халық­аралық хартиясына айналған. Атал­ған хартия жаһандану заманындағы экономикалық дағдарыс жағдайын­да мигранттар құқын барынша қор­ғау үшін қажет. Өйткені, кез келген жағдайда ең алдымен жұмысшы мигранттар екі қолға бір жұмыс таба алмай қалуы мүмкін. Сон­дық­тан оларға деген төзімділік отбасы­н­ан бастау аларын қаперден шы­ғар­маған жөн. Мигранттар саны арт­қан сайын оқыту мен білім беру жалпымемлекеттік міндетке айнал­ғалы тұр. Сондықтан олардың жү­ріп-тұруын жеңілдету мақсатында әлемдік тәжірибеден стандарттар мен принциптер әзірлеу қажет. Тө­зімсіздікті білдіруге өз ойын ашық айту құқы негіз болатын сөз еркін­дігі деген түсінік бар. Әйтсе де Аза­маттық және саяси құқықтар жө­нін­дегі халықаралық пакт ой біл­діру мен күш көрсетуге шақыр­ған­ның арасындағы шекараны анық­тауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар өзге де конвенциялар нәсіл­шілдікке, арын таптатуға қарсы тиім­ді тетік болып табылады. Осы орайда 1979 жылдан бері Малайзия, Филиппин, Судан, Сальвадор, Хорватия, Ирак және өзге де елдерде жемісті жұмыс істе­ген А.Халбах бір ойдың ұшығын шығарды. Әралуандықтың артуы­мен қоғамда мигранттар ұлттың тұтастануына қауіп төндіреді деген сезім пайда болады. Сондықтан жер­гілікті халықты ғана емес, ми­гранттарды да оқыту маңызды. Сон­­да ғана қоғамда түсіністікке құ­рылған әралуандық пайда болмақ. Бұл тұрғыдан келгенде, Қазақстан кейбір елдерге үлгі бола алар еді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баев пен биліктің барлық құ­рылымдары тарапынан қабылдан­ған дұрыс шешімдердің нәтиже­сін­де Қазақстанда мигранттардың өмір сүруін заңдық рәсімдейтін оңтайлы құжаттар бар. Өткен ғасырдың соңғы шире­гінде әлем мигранттар ағынына тап болғандығын тілге тиек еткен Ресей Ғылым академиясы Халықтардың орналасуындағы әлеуметтік-эконо­микалық проблемалар институты­ның аға ғылыми қызметкері және Миграциялық зерттеулер орталы­ғы­ның директоры Елена Тюрюка­но­ва оған жаһандық теңсіздіктің, тех­нологияның дамуы, көлік түрлеріне бағаның арзандауы және әлеуметтік желінің дамуы себеп болғандығын баса айтып өтті. Мұндай миграция басқаруды дағдарысқа ұшыратып, миграция үдерісін басқарудың ұлт­тық мемлекеттер уысынан шы­ғуы­на алып келді. Соңғы жылдары әлем бойынша заң­сыз миграция артып келеді. Аш­ып айтқанда, бір АҚШ-тың өзінде 12 миллион заң­сыз мигрант болса, бұл көрсеткіш көршілес жатқан Ресейде 6-7 миллионға жетеді деген жорамал бар. Бұрындары мигранттар қата­рын екі қолға бір жұмыс іздеген жас­тар құраса, қазір әйелдер де өз бақыттарын өзге елден іздеп ағыла бастағаны мәлім. Әсіресе, нәзік жандар экономиканың қызмет көрсету саласына көптеп тарты­луда. Сондай-ақ отбасылы миг­рант­тар мен жүкті әйелдер де миг­ранттар қатарынан көптеп табы­ла­ды. Үстіміздегі жылы Ресейде жүр­гізілген зерттеулер нәтижесі көр­сет­кендей, мигранттардың 70 пайызы кішігірім қалалар мен ауылдардан шыққан, жергілікті мәдениеттен хабарсыз екен. Оның үстіне олар­дың 50 пайызының мамандығы бол­май шыққан. Келген еліндегі негізгі тілді нашар білгендіктен не­месе тіпті сөйлей алмағандықтан ара­да жік пайда болып, ол инте­грацияға кері әсер етуде көрінеді. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі өтпелі жылдары миграция артса, 2000-шы жылдары ол тұрақтал­ған. Ал 2004 жылы 1994 жылмен салыстырғанда миграциялық ағын 7,3 есе азайып, бар-жоғы 63 мың адамды құрапты. Осылайша 2004 жылы соңғы 36 жылда бірінші рет оң үрдіс қалыптасып, әлеуметтік мигранттар саны 2 миллион 700 мың адам болған. Миграция көбі­несе интеграцияланумен де тікелей байланысты. Бұл мәселеде жергі­лікті және ұлттық билік тарапынан күш жұмсалып қана қоймай, оған мигранттардың өздері де қолұшын берулері тиіс. Өзара түсіністік еркін жиын өткізу, діни еркіндік және жауапкершілік болғанда ғана мүм­кін болады. Осы тұрғыдан келгенде Қазақстанда саяси тұрақтылық ор­нап, ұлтаралық және дінаралық келісім орныққан. Мигранттардың көптеп қазақ жеріне келе бастауы да сондықтан болса керек. Мәселен жыл сайын елімізге 20 мың орал­ман отбасылар қоныстанады екен. Еліміз тәуелсіздік алғалы 1 мил­лионға жуық этностық қазақтар тарихи Отанына оралған. Қазақ­стан оларға бар жағдайды жасауға ерекше көңіл бөлуде. Сонымен қатар, елімізде жыл сайын 1 миллионға жуық шетелдік өз нәпақасын айырып жүр. Бұған білім алуға келген көптеген жас­тарды қосыңыз. Қалай болған күнде де елімізде толеранттылық пен қонақжайлық тамырын тереңге жайған. Олай болса, ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің білім беру министр­ліктеріне толеранттылық, этностар мен діндерді тануды мектеп бағ­дар­ламасына енгізуді ұсынған дұрыс бо­лар ма еді деген ойлар да ортаға салынды. Қазақстанда мигрант­тар­дың жүріп-тұруына барлық жағ­дайдың жасалғандығын қуаттай отырып, Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комис­сия хатшысы Тастемір Әбішев ТМД елдері бойынша еңбек мигранттары мен олардың отбасыларын қорғай­тын заң ратификациядан өткендігін еске салды. Оның үстіне еліміз әйел мен балалардың құқын жан-жақты қорғауға қатысты бірқатар қа­дамдар жасап та үлгерді. Қазақ­стан 2006 жылы экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пактіні ратификациялаған-ды. Оның 13-бабына сәйкес, бастауыш мектеп­тер­де және орта білім ордаларында шетелдіктер, азаматтығы жоқтар және елімізде уақытша тұрып жат­қандар Қазақстан азаматтарымен бірдей білім алу мүмкіндігіне ие. Соның нәтижесінде Қазақстанда халықтың 99,5 пайызы сауатты са­налады. Халықтың 5 пен 24 жас ара­лығындағы балалар мен азамат­тар білім берумен қамтылып, 30 пайыз азаматтар білім мен ғылым жүйесіне тартылған. Басты мақсат – елімізде ұлттық мәдениет ерек­шелігін және толеранттылық мә­дениетін құра білу. Мәдениеттерді сақтай отырып, діни төзімділікті қалыптастыру. Осы орайда Қазақ­стан әрбір этностар балаларының өз ана тілдерін білуіне жағдай жа­сауда. Балалардың 79,1 мыңы өз­бек, 14,7 мыңы ұйғыр және 4,7 мыңы тәжік тілдерінде оқытылса, өзгелері де бұл үрдістен сырт қал­маған. Әйтсе де кейбір елдерде азамат­тық сәйкестіктен гөрі, діни сәй­кестіктер үстемдік алып жатады. Гер­манияда мигранттардың балала­ры радикалды ислам ұстануға әуес. Мұндай жәйт Ұлыбританияда да байқалып отыр. Сондықтан миг­рант­тардың қоғамға сіңісіп кетуі ма­ңызды. Діни экстремизмге ұрын­ған мигранттарды олар орналасқан ел Азаптауға қарсы конвенцияны қабылдамағандықтан да шығарып жіберуге болмайды. Ал өркениетті саналатын еуропалық елдер ондай­ларды қабылдауға көне қоймасы тағы белгілі. Швецияда террористік актіге қатысы бар адамдар елдің аума­ғынан шығарылады, ал Гер­манияда ондай жандар азамат­ты­ғынан айрылады. Дейтұрғанмен, Шв­е­ция, Франция және өзге де еуропалық елдер мигранттарды бей­ім­деуге, оларға тіл мен заңдарды оқы­туға ерекше күш салып келеді. Сондықтан ЕҚЫҰ-ға мүше елдер өкілдері мен үкіметтік емес ұйым­дары кіретін мигранттар мәселесіне қа­тысты консультативтік орган құр­ған орынды, деген пікір де айтылды. Тәжікстандық “Имран” орта­лы­ғы­ның өкілі өз сөзінде тәжік­стан­дық мигранттарға қарсы әділетсіз­діктердің әлі де сақталып отыр­ғандығына назар аудартты. Қа­былдаушы тарап болып табылатын Қазақстан және Ресеймен миг­ранттардың құқын қорғау туралы келісім болғанымен, ол көбінесе сақ­тала бермейді, деді ол. Егер елдер арасында саяси түсініспестік туа қалған жағдайда ол міндетті түрде мигранттарды айналып өт­пейтіні шындық. Оның үстіне бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратты бұрмалап жатады. Ондай ұлтаралық араздықты қоздырушы және еңбек мигранттарына деген төзімсіздікті оятушы БАҚ-тарды да жауапкершілікке шақырған жөн. Мигранттар заң бойынша өз істе­ріне жауап бергені дұрыс, алайда оның діни көзқарасы мұндай жазалаудан тыс қалуы тиіс. Германия жеріндегі түрік миг­ранттарының жағдайы да мүшкіл екені алға тартылды. Германия мен Түркия арасында 50-ші жылдары қол жеткізілген келісімнің арқа­сында 1,5 миллион түрік азамат­тары осы елде қалып, Гер­мания­ның эконо­микасын көтеруге айтар­лықтай үлес қосқан. Әйтсе де әлі күнге олардың үшінші ұрпағы әр түрлі кемсіту­ші­ліктерге ұшырауда. 2002 жылы Франкфурт универ­си­теті, араға 8 жыл салып Констан­ция универ­си­теті және осыдан екі ай бұрын жүр­гізілген зерттеулер нә­тижесі мек­тепте оқитын бала­лар­дың жәбір­леуге ұшырайтынын, еңбек рыно­гын­да құқықтарының ескеріле бер­мейтіндігін және өзге де кемші­лік­терді анықтапты. Әсіресе, соңғы зерттеулер немістердің шетелдік­терге, соның ішінде мұсылмандарға деген жеккөрушілік пиғылдары артқандығын көрсеткен. Министр мұсылмандар арасында қылмыс көп деп мәлімдеп жатса, нақты мысалдар келтірілмейді және оған көрсете алатындай дәлел де жоқ. Швецияда миграцияны шектеуді ұрандатқан демократиялық партия 5 пайыздық дауыс жинап, пар­ла­ментке өткені көпшілікті алаңда­тып отыр. Өйткені, мұнда мұсыл­ман мен христиан діндерін ұста­натын жастар арасында түсініспеу­шіліктерге орын берілуде. Америка жеріндегі, Еуропадағы мұсылман­дарға деген кемсітушіліктермен күресу қажеттігі уақыт талабына айналып отыр. ЕҚЫҰ осы мәселе­де ерекше атсалысуы тиіс. “Мигранттарға қатысты төзімсіз іс-әрекеттер” тақырыбы қозғалған сессия кезінде батысқазақстандық әлеу­меттік қор өкілдеріне сөз бе­рілді. Олардың айтуынша, Қазақ­стан әлемдегі миграциялық үдеріс­тердің қатысушысы әрі оның бір бөлігі сана­ла­ды. Біздің қор осы са­ланың түрлі бағыттарын жүйелен­діруге маңыз беруде. Мәсе­лен, Қа­зақ­стан қоғамында әр түрлі топ­тарға заңсыз және заңды миг­ра­цияға қатысты әлеуметтік зерт­теу­лер жүргізіледі. Ал бұл зерт­теу­лер­дің нәтижесі бойынша, Қазақ­станда ҚХР, Тәжікстаннан келетін мигранттарға қарағанда, Қыр­ғыз­станнан, Өзбекстаннан ағылып ке­летін мигранттарға дұрыс қарау­шы­лық үдерісі байқалады екен. Ха­лықтың басым көпшілігінің ми­гранттарға оң көзқарастан гөрі, ке­рісінше, теріс көзқарас ұстанаты­нын байқау қиын емес. Негативті көзқарас жұмыссыздықтың көбеюі­нен, көшелердің, экологияның ластануы­нан, қылмыстың артуы мен діни қақтығыстардың орын алуынан көрінеді, деді қор өкілі бұл турасында. Аталған қордың қатысуы негі­зін­де жүргізілген сарапшылық зерт­теулердің нәтижесі бойынша, Қа­зақстанда халықаралық құқық нормаларына сәйкес келетін заңдар мен заң актілері қабылданған. Ал халықтың арасындағы мигранттарға қатысты жүргізілген сауалдамаларға жауап берген респонденттердің басым бөлігінің пікірінше, елде мигранттарға қатысты заңнамалар мен әкімшілік актілерді күшейту керек екен. Бұл ретте қор арнайы ұсы­нымдар әзірлепті. Олардың сөзіне қарағанда, ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде ортақ жаһандық ақпарат­тық жүйе құрылуы қажет. Сол арқылы жетекші Ұйым аясында миг­­ранттарға қатысты мәселелерді үйлестіріп отыратын бірыңғай құ­рылымның негізі қаланып, миг­рациялық қызмет мамандарының тәжірибелерін жетілдіру үшін арнайы оқу-әдістемелік құрал­дар­дың да шығарылғаны жөн. Бұл ретте, миграция мәселесінің қыр-сырын жетік меңгерген үкіметтік емес ұйымдар өкілдері осы салаға көптеп тартылуы қажет, дейді әлеуметтік қор өкілдері. Келесі  сөз кезегі Қа­зақ­станның Әйелдерді қорғау Орталығы өкіліне тиді. Аталған орталықтың өкілдері өз сөздерінде Ресейдегі, сондай-ақ Еуропа елдеріндегі мигранттарға қатысты қалыптасқан көзқарастың көпшілікті алаңдатып отырғанын жеткізді. Олардың айтуларынша, бүгінде Қазақстан Үкіметінің дер кезінде қолға алған жұмыстарына байланысты, соны­мен бірге, үкіметтік емес сектор мен Қазақстандағы миграциялық мәселелерге байланысты халық­ара­лық ұйымдардың күш біріктіруі нә­ти­жесінде бұл мәселенің түйіні бел­гілі дәрежеде тарқатылған көрінеді. Біздің еліміз мигранттардың инте­грациялануына, олардың барлық мемлекеттік, әлеуметтік қызмет түр­леріне қолжетімділігіне айрықша мән беруде. Сол арқылы осы сала­дағы барлық кедергілердің жойы­луы­на өз үлестерін қосуда. Төзім­ділік ұғымы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығының басты қағида­ларының бірі. Бұл ретте ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдерді біздің еліміздің тәжірибесін алуға шақырамыз, деген ойларын жеткізді орталық өкілдері. Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының мамандары бүгінде миграциялық саясатты қайтадан жаңғырту, сон­дай-ақ осы саясат тетігін бұрын­ғы­дан да тиімді басқару үшін арнайы заң жобасы қолға алынып жатқа­нын жеткізді. Осы орайда, ЕҚЫҰ шеңберіндегі елдерде кездесетін мигранттарды қанау мен кемсіту­шілік, оларға көрсетілетін қысым көрсетушілік үдерістерінің алдын алу және жоюға қатысты іс-шара­ларды күшейту қажеттігі атап көр­сетілді. Олардың сөзімен айтсақ, осы орайда, халықаралық еңбек және халықаралық миграция ұйым­дарының өзара бірлескен іс-қи­мыл­дары қажет. Мәселен, Адам құқықтары жөніндегі мекеме мен Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссар басқармасының бірлесуі­мен арнайы құжат әзірленіпті. Онда Қазақстандағы босқындар мен оралмандардың құқығын сақ­тау мәселесі қаралған. Ол бірінші кезекте Қазақстанның аталған мә­се­ледегі халықаралық міндеттеме­лерді орындау жұмыстарын бел­сен­ділендіруге бағытталған. Аталған құжатты осы мәселеге қызығушы­лық танытатын барлық мемлекеттік органдар жан-жақты саралап шыққан. Бір атап өтерлігі, ондағы кейбір ұсыныстар мен ескертпелер жақында қабылданған “Босқындар туралы” Заңда көрініс тапты. “Мигранттардың жаңа ортаға бейімделуі бірінші кезекте олардың жеткілікті мөлшерде білім алу мүмкіндігіне де байланысты бола­ты­ны анық. Сол себепті, мигрант­тар мен босқындар отбасыларының балаларына өздерінің туған, ана тілдерін терең меңгерулері үшін жақсы жағдай жасалған. Ал бұл өз кезегінде мигранттар балаларының білім-тәрбие алу үдерісіне дұрыс интеграциялануына жол ашпақ. Былтырғы жылы Босқындар ісі жөніндегі мекеме еліміздің Білім және ғылым министрлігімен бірле­сіп, мигранттар отбасыларының, оның ішінде Қырғызстаннан кел­ген мигранттар отбасылары бала­ларының жеткілікті деңгейде білім алуына мүмкіндік беретін норма­тив­тік актіні қабылдау бағытында айтарлықтай іс-шаралар атқарды. Ал қоғамның аталған топтарының құқығын қорғау мен сақтау бағы­тын­дағы жұмыстар билік органдары мен қоғамның құқықтық тәжіри­бесінің жоғарылығын көрсетеді. Осы орайда, біз елімізде Адам құқығы саласындағы дүниежүзілік білім беру бағдарламасының екінші кезеңін қолға алу қажет деп ой­лай­мыз. Онда мигранттар мәселесімен айналысатын оқытушылар мен мұ­ғалімдерді, азаматтық қызмет­кер­лерді, құқық қорғау органдары және әскери сала мамандарын даяр­лауға айрықша маңыз беріледі, деді бұл турасында Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының мамандары. Сессия аясында Қазақстанның “Адал” жастар қоғамдық бірлестігі өкілдерінің айтқан пікірлері де көкейге қонымды шықты. Олар өз сөздерінде төзімділік ұғымын халықтардың өзара түсіністігі мен бейбіт үнқатысуымен байланыс­ты­рып, бұл орайда, Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмыс тәжірибе­сін мысалға келтірді. Біз белгілі бір адамды жақынырақ түсінбейінше, оны қабылдай алмаймыз. Сол се­кілді, Қазақстан халқы Ассамблея­сының мақсаты – ол елге келген кез келген азаматқа, оның ішінде мигрантқа түсіністікпен қарау. Бұл орайда, ақпарат құралдары арқылы осындай оң тәжірибелерді кеңінен насихаттау керек, деді жастар бірлестігінің өкілдері. Қарағанды облысы Азаматтық альянсының мүшелері Ресей ғылым академиясының Халықтарды қо­ныс­тандыру жөніндегі әлеуметтік-экономикалық институтының же­текші ғылыми қызметкері және Миграциялық зерттеулер орталы­ғы­ның директоры Елена Тюрю­ка­нованың миграциялық үдерістерге қатысты айтқан ойларын одан әрі тарқатуға тырысты. Қазіргі таңда біз ауқымды миграциялық тасқын­мен бетпе-бет келіп отырмыз. Бұл – жаһандық интеграциялық үде­рістің аясындағы өзекті мәселе. Қазақстанның осы саладағы оң тә­жірибесі 3 ресурс негізінің қала­нуына әсер етті. 100 жылдан астам мерзім ішінде еліміз үлкен көлем­дегі миграциялық тасқындармен бетпе-бет келді. Екіншіден, қазақ жерінде берік қалыптасқан төзім­ділік қағидаты – қазақстандық модельдің ерекшелігін көрсетеді. Ал үшінші ерекшелік – азаматтық сектордың белсенділігі мен елдегі үкіметтік емес ұйымдардың түрлі дә­режедегі мәселелерге интегра­циялана алу қабілеті. Бұл ретте қа­зақстандық модель артықшылығын мигранттарды қабылдау мен олар­дың бейімделуіне жағдай жасау тәжірибесінен де байқауға болды. Ал Қазақстан халқы Ассамблея­сының мигранттарды этностық бір­лестіктерге тарту арқылы да осы мә­селені жүйелеудегі құзіреті ай­рықша. Ал, жалпы алғанда, миг­рант­тарды интеграциялау бағытын­дағы Қазақстан жүргізіп отырған саясат пен қазақстандық модель тек Қазақ еліне ғана пайдасын тигі­зіп қоймай, ол, сонымен бірге, әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалуы әбден мүмкін, деді Азаматтық альянс өкілдері. Әрине, әлемдегі әлеуметтік және экономикалық жағдай тұрақ­сыздығынан мигранттардың инте­гра­циялану мәселесі өте өткір тұр­ған мәселелердің бірі екені жа­сырын емес. Мәселен, қазір дүние жү­зінде 214 млн. мигранттар тасқы­нының болуы – осының айғағы. Ал олардың басым көпшілігі ЕҚЫҰ-ға мүше елдерде кездеседі. 214 млн. – бұл жай ғана цифр емес. Осы цифрлардың артында адам және адам тағдыры тұр. Олар­дың әрқайсысы жеке тұлға және олардың әрқайсысы құрметке лайық. Жиын барысында оған қатысу­шылардың назарынан әйелдердің еңбек миграциясының көбеюі де тыс қалмады. Бұл көп ретте әлеу­меттік жағдаймен байланысты болатыны анық. Осы орайда, сала мамандары мигранттардың қоғамға, әлеуметтік өмірге белсене ара­ла­суына жағдай жасаудың жолдарын қарастыру қажеттігін атап өтті. Екін­шіден, мигранттарды өзі кел­ген елдің ішкі тыныс-тіршілігімен жақынырақ хабардар болу үшін білім, мәдени бағдарламалардың енгізілуін қарастыру. Үшіншіден, әйелдердің қоғамда кездесетін әлеуметтік қиындықтармен бетпе-бет келуіне байланысты олардың сол қоғамға бейімделуіне, жұмысқа орналасуына жағдай жасау. Қазақстандағы “Транспарент­ность” қоғамдық қорының өкілі Сергей Изотников өз кезегінде миграцияның интеграциялануы, ондағы өзекті мәселелерді айтқан кезде, заңсыз миграция жөнінде ешкім әңгіме қозғамағанына, алай­да заңсыз миграцияның сыбайлас жемқорлыққа, коррупцияға жол ашу секілді теріс әсерлері барына на­зар аударды. Осы орайда, ЕҚЫҰ-ға мүше елдер заңсыз миг­ра­цияға қатысты өздерінің мойын­дарына алған міндеттемелерін орындауларына мән берулері қажет, деді қоғамдық қор өкілі. Батыс Австриядағы түріктер қауымдастығының өкілдері өз сөз­дерінде жиында, әсіресе, Еуропада нә­сілшілдік пен кемсітушілік ай­рықша орын алуда деген пікір­лердің көптеп бой көрсеткенін, алай­да, мұндай біржақты пікір айт­қаннан гөрі, керісінше, еуропалық институттар осы мәселеге көбірек зерттеу жұмыстарын жүргізулері қажеттігін алға тартты. Мұндай зерттеулер біздің алдымызға шынайы өмірді әкелер еді, деді қауымдастық өкілдері. Солай дей келе, олар кез келген жандардың қоғамға бейімделуі, бірінші кезекте сол жердің тілін білуге келіп тірелетінін, тіл білмейінше жаңа өмірді бастау қиын болатынын атап өтті. Мәселен, Австрияда мемле­кет­тік емес тіл ретінде түрік тіліне қысым көрсетіледі. Мектептерде түрік тілінде сөйлеуге тыйым са­лынған. Сондықтан, бұл мәселе құрылымдық тұрғыда шешілуі қажет, деді олар. Сессия кезінде Германиядан келген сала мамандары бүгінде өз ел­дерінде 15 млн.-ға жуық миг­рант­тардың жақсы интегра­ция­ланғанын және ол мигрант­тардың көбісі азаматтық алғанын және өз өмір­лерін Германиясыз елестете алмай­тынын атап өтті. Алайда, олардың айтуларынша, кейбір миг­ранттар саналы түрде интегра­ция­лану үдері­сіне қатысқысы кел­мей­тін көрінеді. Олар неміс тілін оқымайды, қоғам­дық өмірдің бір бөлігіне айналуға талпынбайды. Ал Германияда тұрған кез келген адам неміс тілін оқуы керек. Сондықтан ин­теграция мен тіл мәселесі ай­рықша назарда тұрады, деді бірлестік өкілдері. Тәжікстан өкілі өз сөзінде Қа­зақ­стан мен Тәжікстан арасында 2006 жылы екі елдің еңбек миг­рант­тарын қорғауға арналған ке­лі­сімге қол қойылғанын, бүгінде 45 мыңнан астам тәжікстандықтың Қа­зақстанда жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Сессия соңында оған модера­тор­лық еткен Миграция жөніндегі халықаралық ұйым миссиясының басшысы А. Халбах өз сөзінде жиын барысында ЕҚЫҰ-ның миг­рация мәселесімен жүйелі түрде жұмыс жүргізуді күшейту, ол үшін Ұйымның арнайы “жұмыс карта­сын” әзірлеу қажеттігі жан-жақты айтылғанын көлденең тарта келе, ал бұлардың барлығын шешуге атал­ған үдеріске бей-жай қарамай­тын кез келген елдің мүдделілік танытатынына сенімін білдірді. Адам саудасына қарсы күрес – ұйым басымдықтарының бірі Сенбі күні Шолу конференциясының жұмысы ая­сында ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы күрес жөніндегі арнаулы өкілі және осы жұмыстарды рет­теуші Мария Грация Джиаммаринаро журналистер­мен кездесіп, баспасөз мәслихатын өткізді. Баспасөз мәслихатындағы сөзін ол адам саудасы не екенін түсіндіруден бастады. ЕҚЫҰ-ның жауап­кершілігі аумағындағы адам саудасы негізінен миг­рациямен тығыз байланысты. Бірақ оның бір елдің шегінде болатын сәттері де жиі кездесіп тұрады. Мұндай іс экономикалық дамудан мешеу қалған ай­мақтарда көп кездеседі. Осы мәселені арнайы зерт­те­йтін халықаралық ұйымдардың болжамды есеп­теріне қарағанда жыл сайын 2,5 млн. адам осындай қылмыстың құрбаны болады. Соның жарты млн.-дайы ЕҚЫҰ-ның жауапкершілік аумағындағы елдердің үлесіне тиеді. Құрбандардың 40-50 пайызы балалардың үлесінде. Сонымен қатар, адам саудасы көбінесе әйелдерге қарсы жасалатын зорлықпен ұштасқан, деді ол. Адамдарды не үшін және қандай мақсатпен сау­далайды дегенге келетін болсақ, ең біріншіден, олар­ды жыныстық зорлық жасауға пайдалану, екіншіден, дала және үй жұмысына салу үшін, сондай-ақ, қайыр сұрату, қылмыстық істер атқарту, дене мү­ше­лері мен тканьдарын алу үшін сатады, деп жал­ғады сөзін Джиммаринаро. ЕҚЫҰ-ның Адам саудасына қарсы шаралары 2000 жылдан бастап қана белсендірек жүргізіле бас­тады. Біз қазір адам саудасына қарсы ЕҚЫҰ мемле­кет­терінің шеңберінде көптеген міндеттемелер жа­сау­ды қолға алдық. Алғаш рет 2000 жылы Ұйымға қаты­сушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңе­сінің адам саудасына қарсы арнаулы шешімі қа­былданды. Сол кезден бастап Ұйым адам саудасына қарсы күресті өзінің басымдықтарының бірі ретінде танып, осы бағытта бірнеше құжат қабылдады. Со­ның ішінде, 2003 жылы Министрлер кеңесі ЕҚЫҰ-ның Жұмыс жоспарын бекітіп, Арнаулы өкілін тағайындады. Жұмыс жоспары дегеніміз – адам сау­дасына қарсы күрестің ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекет­тер­ге арналған шаралар тізімі. Оның толық және тиімді орындалуы Ұйымның стратегиялық мақсаттарының бірі болып табылады. Жұмыс жоспары ұлттық деңгейде төмендегідей ұсыныстар жасайды: *Алдын алу – бұл қоғамның толық хабарлануы және осы сауданың зардабын халыққа жеткізу шаралары болып табылады; *Сот жолымен қудалау – бұл адам саудасын бір елдің ішінде сот жолымен жазалау және құқық қорғау органдарының басқа елдердегі әріптестерімен ынтымақтастығын қамтамасыз ету; *Қорғау – бұл құрбандардың құқын қалпына келтіру және оларға зорлыққа түскен уақытына толығымен өтемақы төлеуді қамтамасыз ету. Осынау ұсыныстар үздік тәжірибелерді басшы­лық­қа ала отырып, жетекші халықаралық ұйымдар және ҮЕҰ қатысуымен жасалды. Біздіңше, бұл – адам саудасын болдырмауға қарсы қолданылатын айрықша тетіктер. Енді осы күресте біз қазір қай ме­же­де тұрмыз дегенге келетін болсам, осынау 10 жыл ішін­де ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің бәрінде адам саудасына қарсы заң әзірленіп, қабылданды. Көп­те­ген елдер өздерінің осы істің үйлестірушісі бо­ла­тын арнайы қызметтерін ашты. Қазақстан өзінің Ұйымдағы төрағалығында бұл жұмысты өзінің басымдықтарының бірі деп жариялады. Бұл жылда, әсіресе, жас балалардың саудасына қарсы күресті өріс­тету қолға алынды. Қазақстан төрағалығы бұл қыл­мысты бейбітшілікке қарсы жасалатын транс­ұлттық қатер деп бағалады. Өйткені, мұның өзі ұйым­дасқан қылмыскерлік топтар қатысатын биз­неске айналып кетті. Біздің бағалауымыз бойынша, осы қылмыстық топтар өз әрекеттері арқылы бүкіл әлем бойынша жылына 32 млрд. доллар табыс түсіреді екен. Бұл қылмыс есірткінің, қару-жарақтың заңсыз айналымы сияқты ұйымдасқан қылмыстар­мен байланысып отырады. Сондықтан адам саудасы да әлемдік қауіпсіздікке қатер төндіретін ауыр қыл­мыстардың бірі болып табылады, деді Джиаммаринаро. Өзінің кіріспе сөзін аяқтаған соң д-р М.Г.Джиам­маринаро журналистердің көптеген сұрақтарына жауап берді. Соның ішінде Қазақстан төрағалығы дамушы экономикасы бар мемлекеттерде Адам саудасына қарсы заңның жетілдіріле түсуіне қандай ықпал етті деген сұраққа шешен “Палермо хат­тамасы” деген атақ алған құжатта ЕҚЫҰ төраға­сы адам саудасы туралы нақты анықтама жасағанын, соның арқасында қазір Ұйым жауапкершілігі аумағындағы мемлекеттер бір-бірімен салыстырмалы түрдегі заңнамалар қабылдауда екенін жеткізді. Әри­не, оны жүзеге асыру – өте күрделі іс. Бірақ біз әлі де қабылданған заңдылықтарды жетілдіре түсу керек деп ойлаймыз, деді брифинг өткізуші. Біздің ЕҚЫҰ жауапкершілігі аумағындағы, әсіресе, қандай мемлекеттерде бұл қылмыс қатты дамы­ған деген сұрағымызға д-р қайсыбір елдерді бөле-жара атай алмайтынын, мұндай қылмыс Ұйым аумағындағы барлық елдерде де бар екенін айтты. Сондықтан күресті барлық елдерде де жүргізген дұрыс, деді ол. ЕҚЫҰ-ның үш өлшемінің бірі – экономика мен экология Баспасөз орталы­ғында ЕҚЫҰ-ның экономика­лық-экологиялық қызметінің үйлестірушісі Горан Свиланович шетел және еліміздің жур­налистерімен баспасөз мәслихатын өткізді. Біз Астанаға келер алдында Ұйымға мүше бар­лық 56 мемлекетпен осы Шолу конференциясында экономикалық және экологиялық мәселелер барысында қандай бағытта және қай пішінде пікір қозғай­тынымызды келістік, деді ол кіріспе сө­зінде. Экономикалық және экологиялық көкейкесті мәсе­лелер әрқашан ЕҚЫҰ қыз­меті­нің құрамдас бөлігі ретінде қаралып келеді. Сонау 1975 жылы қабыл­данған Хельсинки Қо­ры­тынды актісінде сауда, өнеркәсіп, ғылым,  тех­нология және эко­но­миканың басқа сала­ла­рындағы бай­ла­ныстар, қоршаған ортаны қорғау шаралары Еуропада бейбітшілік және қауіп­сіз­дікті қамтамасыз етуге игі ықпал ететіндігі атап көрсетілген болатын. Содан бергі өткен 15 жыл мер­зімде экономикалық және экологиялық мәселелер Ұйым жұмысының күн тәртібінен түсіп көрген емес. Экономикалық мәселелер туралы сөз қоз­ға­ған кезде Ұйымға мүше елдердің энергети­ка­лық қауіп­сіздігі ерекше маңыз­ды орынға қойылады. Энер­гети­калық қуат көздерінің мол қоры шоғыр­ланған Қа­зақстан бұл мәселеде ше­шуші рөл атқаратындығы да анық. Ұйым шең­берінде қозғалатын экономи­ка­лық мәселелер аясында еңбек күші  миграциясын реттеу ша­ра­лары да маңызды орынға қойылған. Бұл ретте мен Ұйымға Грекия төрағалық еткен 2009 жылы өткізілген экономикалық форумда ми­гра­ция мәселесі жан-жақты сөз болғандығын, ал Ұйымға Қазақстан төрағалық жасап отырған биылғы жылы трансұлттық көлік дәлізі қауіп­сіздігі мәселесіне ба­сым­дық беріліп отырған­дығын атап көрсеткім келеді. 2003 жылы желтоқсанда Маастрихте өткен ЕҚЫҰ-ға мүше елдер  Сыртқы істер министр­ле­рі­нің кеңесінде экономикалық және эколо­гия­лық өл­шемдер бойынша ЕҚЫҰ-ның стра­те­гиялық құжаты қабылданған болатын. Бұл құжат “Маастрихт құжаты” деп аталады. Қазір біз Қазақстан Респуб­ли­касының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен күн тәртібіне қойылған “Маастрихт+” деп аталатын құжатты талқылаудамыз. Бұл нені біл­діреді, “Маастрихт+” идеясының мәні неде? Бұл де­гені­міз, Ұйымға мүше мемлекеттер 2003 жыл­дан 2010 жылға дейін бұл мәселеде ерекше өз­ге­рістер мен айтарлықтай даму болғандығын мой­ындау деген сөз. Сондықтан 2003 жылы қа­былданған Маастрихт құжаты ескірген. Енді біз “Маастрихт+” құжатының аясында 7 жыл  ішінде болған экономикалық және эко­логия­лық өзгерістерге жауап беруіміз керек. Бұл ретте біз қазір Қазақстан тара­пынан айтылған ұсы­ныстарға байланысты  құжатқа толық­тырулар мен өзгерістер енгізу мәселелерін қа­рас­тырудамыз, деді ЕҚЫҰ-ның экономикалық-экологиялық қызметі­нің үйлестірушісі. Баспасөз мәслихаты барысында Горан Свиланович журналистер қойған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Мексика шыға­на­ғында болған экологиялық апатқа бай­ланысты қойылған сұраққа жауап бере келіп, бұл орайда ЕҚЫҰ тарапынан ықпал­ды бір шаралар ұйымдастырылмағанын айтты. Ал жақында Венгрияда орын алған экологиялық апатқа байланысты ЕҚЫҰ тарапынан ақпараттық және басқа да мәселелер бойынша тиімді шаралар жүзеге асырылған. Арал теңізінің экологиялық мәселелері туралы қойылған сұраққа да жан-жақты жауап берілді. Бұл ретте Горан Свиланович осы экологиялық апатқа байланысты ЕҚЫҰ аясында Ашғабад қаласында өткізілген арнайы мәжіліске қатысып, онда бірқатар ықпалды шаралардың қабылданғанын атап көрсетті. Азаматтық қоғамды қолдау – қолпаштау деген сөз емес АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Томас О Милия кеше ЕҚЫҰ-ға мүше ел­дер Мемлекет және үкімет басшыларының сам­миті шеңберінде өткен Шолу конференциясы ая­сын­да шетелдік және қазақстандық  бұқаралық ақпа­рат құралдары өкілдеріне арнап, брифинг өткізді. Онда ол алғашқы кезекте Вашингтонның Аста­на­дағы ЕҚЫҰ Саммитін қалай бағалайтыны жө­нінде, нақтылап айтқанда, бағалау қағидаттары ту­ралы ұстанымдарымен бөлісті. Құрама Штаттар өкі­лінің айтуынша, саммит жетістігінің бір өлшемі Қазақстанның Хельсинки Қорытынды актісі мен ЕҚЫҰ-ның өзге де негіз қалаушы құжаттарына енгізілген іргелі ережелерді қандай деңгейде жүзеге асы­ра алатынына байланысты болмақ. Оның пікі­рінше, Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігін, азаматтық қоғам институттарының, сон­дай-ақ саяси бәсекелестіктің ашықтығын қазір­гіден де нығайта түсетін болса, онда ЕҚЫҰ үшінші себетінің – гуманитарлық өлшемдер құрамына ене­тін үшінші бағыттың барлық ережелеріне сәйкесетін болады. АҚШ өкілі хабарлағанындай, Ұйымның Шолу конференциясы шең­берінде күш-жігердің негізгі бөлігі біздің елдеріміз ЕҚЫҰ-ның гумани­тар­лық өлшемі бойынша мойындарына алған барлық талаптар мен  міндеттемелерді қан­дай деңгейде қа­на­ғаттандыра алаты­ны­на байланысты бағытталып отыр. Алайда, АҚШ Мемлекеттік хатшы­сы көмекші­сінің орынбасары Томас О Милия Еуропадағы не­гізгі қарулар туралы қойылған сауалға нақты жауап беруден жалтарып кетті. Ал аталған мә­се­леге бай­лынысты келісімге Еуропа елдерінің көпшілігі  күні бүгінге дейін қол қомай келеді. Томас О Милия брифингте АҚШ Мемлекеттік хат­шысы Хиллари Клин­тон­ның саммит аясында қан­дай шара­лар  өткізетіні жөнінде біршама әңгі­меледі. “Америка Құрама Штаттарының Мем­ле­кеттік хатшысы Хиллари Клин­тон Л.Н.Гумилев атын­дағы Еуразия ұлттық университетінде азаматтық қо­ғам өкілдерімен кездеседі, – деді осы­ған орай АҚШ Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орын­ба­сары. – ЕҚЫҰ мен Америка үкіметі үшін азаматтық қоғам маңызы зор мәселе болып табы­латындықтан, АҚШ Мемлекеттік хат­шы­сы азаматтық қоғам өкіл­дерімен аталған жоғары оқу орнында сейсенбі күні жүздесетін болады”. Оның сөзіне қарағанда, осы тақы­леттес барлық кездесулерде Хиллари Клинтон өткен жылдың шілде айында Польшаның Краков қаласында сөй­ле­ген сөзі шеңберінде өзі жылжытқан бастама туралы әңгіме қозғап жүр. Бұл бастаманың мәнісі мынада: Құрама Штаттар әлемнің барлық аймақтарын­да­ғы азаматтық қоғамға әркез қолдау көрсететін болады. “АҚШ әлемнің төрт бұрышындағы азаматтық қоғамға әркез саяси, мораль­дық және қаржылай көмек қолын созатын болады, өйткені, біз ұлт ретінде бетпе-бет келіп отырған проблемаларды тек Ұйымға азаматтық қоғамның түбе­гейлі қатысуы арқылы ғана шешуге болады деп есептейміз”, – деп мәлімдеді Томас О Милия. Сондай-ақ, ол Хиллари Клинтон осындай кезде­сулерді іс жүзінде өзі бола­тын барлық мемлекеттерде өткізетінін атап көрсетті. Адами өлшемдер өз биігінен көрінді ЕҚЫҰ Саммитінің Халықара­лық баспасөз орталығына кеш­кісін берілген брифингтің тақы­рыбы адами өлшемге арналды. ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мәдина Жарбосыноваға журналистер тарапынан сауалдар да көп қойылды. Өзінің қызметінде ЕҚЫҰ-ның үшінші себетіндегі адами өлшем­дерге жауап беретін және оған қоса ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі ко­мис­сияның мүшесі Мәдина Жар­бо­сынова брифингке жаңа ғана осы мәселе жөніндегі басқосудан орал­ғанын айтып, шынында да біздің еліміздің төрағалығы тұсында осы үшінші өлшем бойынша үлкен жұмыстар атқарылғанын алға тартты. М.Жарбосынова үшінші өлшем бойынша төр­ағалық тұсында атқарылған шаруалардың біразына тоқталды. Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші біздің төрағалық тұсында адами өлшемдер бойынша енген жаңалық – Гендер мәселесі бойынша жеке өкілдің қызметі ашылғанын айтты. Оған Іс басындағы төраға америкалық азаматшаны тағайындаған екен. Елші сөзінің төркінінен ұғынғанымыз – Қазақстанның Ұйымға төрағалығы тұсында адами өлшем өз биігінен көріне білген. Мұнан соң М.Жарбосынова журналистер қойған сауалдарға жауап берді. Мәселен, біздің Қазақстан өз төрағалығы тұсында ЕҚЫҰ-ның үш өлшемін қаншалықты теңгерімді түрде атқара алды және еліміздің толеранттылыққа мән беруі өзін ақтады ма, бұл тұрғыда қандай жұмыстарды жетістік деп айтар едіңіз деген сауалымызға Ерекше тапсырмалар жөніндегі елші былай деп жауап берді: – Өте жақсы сауал қойып отырсыз. Жасырын емес, Ұйымның өз жұмысында үш өлшемді теңгерімді алып жүрмеуі жайында біздің төрағалығымызға дейін көптеген сыни көзқарастар білдірілетін. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өз назарын тек адами өлшемдерге ғана бұрып, қалған екеуіне жеткілікті мән берме