30 Қараша, 2010

Қауқары қарымды компания жетістіктері

774 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін
“Өндірістік қызмет қауіп­сіз­дігінің жоғары стандарттарына сәй­кес келетін, тиімділігі жоғары және бә­секеге қабі­летті интеграция­лан­ған мұнай-газ ком­паниясы” деген анықтама “ҚазМұнай­Газ” ҰК” АҚ ғаламтор сайтының негізгі бетінде жазылып тұр. Мұнай-газ сала­сында пәрменділігі айтарлықтай жоғары болып табылатын бұл ұлттық компа­нияның ел экономикасына, қоғам­ның әл­еуметтік-тұрмыс дең­гейінің кемелде­нуі­не қаншалықты дәрежеде зор үлес қо­сып келе жат­қанын рес­публика жұрт­шылығы жақсы біледі. “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ-тың бүгінгі күнге дейін жеткен жетіс­тік­тері тек қана Маңғыстау және Атырау об­лыстарындағы мұ­най-кен орын­дары­ның әлеуетімен, аймақтық даму үрдісі­мен ғана шек­т­елмейді. Республика кө­ле­­м­індегі қарқынды экономикалық іл­ге­р­ілеу­шілікке де өзіндік мол үлес қосып жүр. Дегенмен де, қандайда бір мем­ле­кеттің даму көрсеткіші оның аймақ­тық даму деңгейімен өлше­нетіні секілді, аталмыш компа­ния­ның еліміздің батыс аймақтарын көркейту жолында сіңірген ерен ең­бектерін айтпасқа болмас. Мәселен Маңғыстау облысына қа­рас­ты Жаңаөзен қаласының 2009-2012 жылдардағы әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық мәселелерінің даму жоспарын алып қарайтын болсақ, жыл сайынғы көр­сеткіштің ана­ғұрлым жоғарылап келе жатқанын байқауға болады. Мұнай өн­ді­рі­сінің, соның ішінде “ҚазМұнай­Газ” Барлау Өндіру” АҚ-тың жер­гілікті қар­жы секторына, сонымен қатар аймақ­тық бюджетке де қа­рымды кіріс әкеліп жатқанын аш­ық айтудың артықтығы жоқ. Қазақстан Республикасы Үкімет бас­шысының “2009-2012 жыл­дары Маң­ғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-эконо­ми­калық мәселелерін шешу мен оны дамыту құрама жоспа­рын нығайту туралы” қаулысына сәйкес бүгінгі күнге дейін бұл атқарылған жұ­мыс­тардың қорытындыларын өзімізше са­ралап көрсек. 2009 жылдан бері Жаңаөзен қа­ла­­сы­ның даму жоспарына көптеген әлеу­мет­тік маңызы зор іс-шара­лары ілініпті. Со­­лардың дер кезінде әрі тиянақты ше­шілуіне “Қаз­Мұ­найГаз” Барлау Өндіру” АҚ-тың да қосқан үлесі ұшан-теңіз. Оларға нақты тоқталатын болсақ, шет­елден келген қандастардың келуі мен олардың орналасуларына то­лық жағдай қарастыру, жергілікті әкімдік келісі­мі­мен жыл сайын Жаңаөзен қаласында 100-ге тарта әлеуметтік жұмыс орнын құ­ру, 300 миллион теңге көлеміндегі қа­лалық коммуналдық бағыттағы мыңға тар­та әлеуметтік қызметті қар­жы­лан­ды­ру жұмыстарының салмағы “ҚазМұнай­Газ”Барлау Өндіру” АҚ үшін ай­тар­лықтай маңызды. Аймақтық кәсіпкерлік қызме­ті­нің даму бағытында шағын және орта кә­сіп­керлікті қолдау жұмыс­та­рына да “Қаз­МұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ-тың ерекше белсен­ді­лігі байқалады. Мә­­селен, қосалқы ша­руашылықтарды да­мытуға “Тө­ңі­рекшің” аймағынан 500 гек­тар жерді игеру және шетелден кел­ген қандастар арасынан ауылшаруа­шы­лық өнімдерін өндіруге арналған 1500-ге дейінгі жаңа жұмыс орнын ашу, ай­мақтағы мұнай-газ өнді­рі­сінде жұмыс іс­тейтін қызметкер­лер­дің арнайы жұмыс киімдерін тігетін тігін фабрикаларының мүм­кіндіктерін арттыру сияқты жұмыс­тар нақты қолған алынды. Со­ны­мен қа­тар экология мәселелері мен ауыз сумен қамтамасыз ету жаб­дықтарының тап­шы­лығын шешу бағытында “Қаз­Мұнай­Газ” ҰК” АҚ біраз тыңғылықты істерді ая­ғы­на жеткізді. Олардың ішінде мұнай қоймаларындағы рекультивацияны нығайту жұмыстарына сәйкес ол­ар­ды жалғастыру арқылы мұнайды айдап қо­тару және технологиялық цехтардың дай­ындықтарын қайта өңдеуге байла­ныс­ты зерттеу жұ­мыс­тарын аяқтау, мұнай өн­ді­рісінің қоршаған ортаға бө­ле­тін зиянды қалдықтарына мейлінше бақылау жасау сынды жауапкер­шілігі жо­ғары істер де бар. Ал енді жергілікті әлеуметтік са­ла­ның дамуына қосқан үлестеріне тоқта­латын болсақ, “ҚазМұнайГаз” Барлау Өн­діру” АҚ Маңғыстау об­лысының әк­ім­дігімен бірлесіп қа­ла­лық колледждер мен “ҚазМұнай­Газ” Барлау Өндіру” АҚ-қа қарас­ты ұйымдардың түлектерін жұмыс­пен қамту және Қазақстан Рес­пуб­ликасы еңбек заңнамаларының тала­бы бойынша түлектерге арнал­ған квота санымен оларды жұмыс­пен қамту, мұ­най-газ саласын бі­тірген түлектердің Аты­рау облы­сын­дағы “ҚазМұнайГаз” Бар­лау Өндіру” АҚ-қа “Өзенмұнайгаз” бө­лім­шесінде кәсібиліктерін арттыру, О.Тұр­мағанбетов атындағы және поли­техникалық мұнай-газ кол­ледж­­дерінің студенттерін “Өзен­мұ­найгаз” бөлім­ше­сінде екі жақты ке­лісім бойынша өнді­ріс­тік және дип­лом алдындағы тәжі­ри­белерін өт­кізу сынды мәселелеріне де аса на­з­ар аударып отыр. Ағымдағы жыл­­дың алғашқы 9 айының өзінде “Өзен­мұ­­найгазға” жоғары және ар­наулы кә­сіби оқу орындарын бі­тірген 67 түлек жұмысқа қабыл­данды. Маңғыстау облысында денсау­лық сақ­тау саласының өркендеуіне де қызу ара­ласқан “ҚазМұнайГаз” БӨ” АҚ Кен­­дірлі демалыс орны­­ның даму жос­па­рына сәйкес емдеу-сауықтыру бағы­тын­дағы жобалар­дың құрылыстарын қамтамасыз етуге, аталған демалыс ор­ны­ның екінші кезеңіндегі инженерлік же­ліні қайта жөндеу, 250 орынды ба­ла­лар емдеу лагерінің құрылысына жәр­дем­­десу сынды жұмыстарында да өзге­лер­ге үлгі боларлық істер атқарды. Бұл ай­тылғандардан бөлек Жаңаөзен қала­сындағы 50 жатын орынды медицина­лық орталық жұмыстарының, саз-бал­шықты емхана мен инженерлік комму­ни­кация қызметкерлеріне арналған үш жа­тын корпусының, кәріздерді, су құ­бырлары мен энергетикалық жабдықтау жобаларының құрасты­рылуы мен олар­ды ауыстыруға бай­ланысты инженерлік топтың сырт­қы құрылыстарына да ау­қымды қаражат бөлінді. Ал 2011 жылға 450 миллион көлеміндегі 250 орынды ба­лаларды сауықтыру орталығының құ­рылыс жұмыстарын аяқтау жос­пар­ланып отыр. Сондай-ақ тұрғын үй құрылыс­та­ры­ның ілгерілеуіне көмегін ая­маған мұнай компаниясы 200 пә­тер­лік коммуналды тұр­ғын үйдің са­лынуына қаржылық қол­дау көр­сетіп үлгерді. Жалпы алғанда “ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ-тың іс жүзінде ат­қарған шаруалары жоспарла­ған­дарынан әлдеқайда көш ілгері еке­­нін анық байқай аламыз. Мұның бәрін жергілікті атқарушы билік ор­гандарымен бірлесе отырып ай­мақтық-әлеуметтік әріптестік әре­кеттерінен көруге болады. Жалпы жоспарды жүзеге асыру үшін 2010 жылдың өзінде 15389,6 миллион теңге бөлінген. Оның іш­інде респуб­ли­ка­лық бюджеттен 12170,5 миллион теңге бөлінсе, жергілікті бюджеттен 2448,5 мил­лион теңге бөлініпті. Қаржының ти­імді игерілуімен қоса инвес­ти­ция­лық саясаттары да жақсы жолға қойылған. Мысалы, 2010 жылы 12 миллиардтан астам теңгені құрай­тын 24 инвес­ти­циялық жоба қа­растырылыпты. Сондай-ақ респуб­лика бюджет есебінен 11 мил­лион­нан астам теңге көлеміндегі 16 жо­ба, жергілікті бюджет тарапынан қар­жы­­ландырылатын 7 жоба бел­гіленген. Жоғарыда аталғанындай, Үкімет бас­шысы Кәрім Мәсімовтің қаулы­сын ор­ын­дау барысында Жаңаөзен қаласының даму үрдісі едәуір іл­герілеушілікпен алға қарай жыл­жып отырғандығын тағы мынадай бір нәтижемен көре аламыз. Ол – мұ­найшылардың айлық жалақы­ла­ры жыл өткен сайын өсуінде. Рес­пуб­лика бойынша ең жоғары жа­лақы ала­тын мұнайшылар екенін ес­ке­ретін бол­сақ, онда бұл сала ма­ман­дарының күн­де­лікті күн кө­рінстері едәуір тұрақтан­ған деп айтуға әб­ден болады. Зерттеу көрсеткіштері бойынша рес­пуб­лика көлемінде Жаңаөзен қаласы тұр­­ғындарының айлық жа­лақылары әжеп­тәуір жоғары жала­қы алатын қа­ла­лардың қатарына жат­қызылады. Со­лар­дың ішінде мұ­най­шылардың айлық табыстары барлық салалар бойынша ең жо­ғары болып табылатыны жасырын емес. Тіпті әлемдік қаржы дағда­ры­сы ке­зінде өзімізге белгілі бол­ған­дай басқа са­ла мамандарының жа­лақылары кә­дім­гі­дей төмендеп, күн көрістері са­лыс­тыр­малы түрде біраз қиыншы­лықтарға тап болған еді. Алайда дү­ниежүзін шарпып өткен қаржы тап­шылығы біздің мұнай­шы­ларымызға тым кері әсерін тигізе қой­мады. Өйт­кені олардың жалақылары ос­ындай күрделі кезеңдерде төмен­деу­дің ор­нына керісінше артқандығы байқалады. Өндіріс салаларында кейбір кә­сіп­ор­ын­дар ғана өз жұмысшы­ла­рына коэф­фициент төлейтіні мә­лім. Солардың қа­тарына “Қаз­Мұ­найГаз” Барлау Өндіру” АҚ-ты жат­қызуға болады. Салалық коэ­ф­­­фициенттері 1,8 болса, аумақтық коэф­фициенттері 1,7-ні құрайды. Маңғыстау облыстық статис­ти­ка департаментінің мәліметтері бой­ынша 2010 жылдың үш тоқсан мерзімі ара­лы­ғында бір мұнай­шының орташа айлық еңбекақысы 143 823 теңге екен. Ал бұл дегеніміз 2009 жылдың дәл осы аралы­ғы­мен салыстырғанда 25 пайызға ұлғай­ған­дығын көрсетеді. Аймақтық ең жо­ға­ры еңбекақының көрсеткіші Жаңа­өз­ен қаласында, яғни 191 363 теңгені құ­райды. Сондай-ақ Қа­ра­қия ауданында 186 291 теңге, Ақтау қаласында 141 738 теңге, ал ең тө­мен­гі еңбекақы Маңғыс­тау ауда­нын­да екен, ол жердегі жала­қы­ның мөлшері 42 488 теңге көлемінде. Соңғы бірнеше жылдың ішінде кә­сіподақтармен жасалған ұжым­дық шарт негізінде “ҚазМұнайГаз” Барлау Өн­діру” АҚ өндірістік қызметкерлерінің ба­залық тариф­те­рі жалақы көрсет­кіш­те­рінің көлем­деріне сәйкес жүйелі түрде өсіп отыр­ды. Барлық қызметкерлердің жа­­лақылары кешіктірілмей өз уа­қы­­тын­да тиісті мөлшерде беріліп ке­леді. Ең бастысы, ұжымдық шарт­­та қарастырып өткендей, әр­түрлі сыйақылар мен ма­териалдық көмектер көрсетіледі. Сон­дай-ақ қыз­меткерлерге жасалынатын әлеу­меттік жеңілдіктер. 2004 жылы “Қаз­­МұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ құ­рыл­ған сәтінен бастап, өз қыз­мет­кер­леріне 2 пайыздық жыл­дық көрсет­кіш­­пен тұрғын үй займдарын беріп келеді. Әлемдік экономикалық қиын­шы­­лық­тардан туындаған қаржы дағ­дарысы кезінде компания қыз­мет­керлерді қыс­қар­тпау мақсатын­да көптеген әрекеттер жа­сады. Ос­ын­­дай кезде қызметкерлер­дің жұ­мыс орындары мен тұрақты жа­ла­қы­ла­рын сақтап қалу арқылы ком­па­ния өз беделін биіктетті. Соны­мен бірге лай­ықты абыройға бөле­ніп, алдағы күн­дерге деген сенім­дерін шебер көрсетті. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.