30 Қараша, 2010

Келісімдер келешегі келісілді

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Кеден одағы комис­сиясы мүшелері – ҚР Премь­­ер-Министрінің бірінші орын­басары Өмірзақ Шөкеевтің, РФ Үкіметі төрағасының бі­рін­ші орынбасары  Игорь Шу­ва­лов­тың, БР Премьер-Минис­трі­нің орынбасары Андрей Ко­бяковтың, сондай-ақ Қазақ­стан, Ресей және Беларусьтің жа­уапты мемлекеттік орган­да­ры өкілдерінің қатысуымен бей­неконференция өтті. Кеңес ба­рысын­да Бірыңғай экономи­калық кеңістіктің (БЭК) уағ­да­ластық-құқықтық базасын қалыптастыратын келісім құ­жат­тары және ағымдағы жыл­дың 9-10 желтоқсанында Мәс­кеу қаласында өтетін ЕурАзЭқ Мемлекетаралық кеңесі оты­ры­сының барысында Кеден ода­ғына мүше елдердің бас­шы­лары қол қояды деп жос­пар­ланып отырған өзара келісім құжаттары қаралды. Кеңеске қатысушылар құ­жат­тардың басым бөлігі  бой­ын­ша тараптардың ұстаным­да­ры айқындалғанын және мем­лекет ішіндегі келісім шара­ла­ры жүзе­ге асырылып жатқанын атап өт­ті. Кеңес қорытындысы бойын­ша ауыл шаруашылығын мемле­кеттік қолдаудың бірың­ғай ере­желері, сондай-ақ бәсе­келестік­тің принциптері мен ережелерін жә­не табиғи моно­по­лиялар субъ­ек­тілерінің қыз­ме­тін реттеу  туралы құжат­тар­дың мәтіндері келісілді, деп хабарлады Премь­ер-Министр­дің баспасөз қызметі.