03 Желтоқсан, 2010

“Жинақ банкі” – біздің компаниямызға сенім білдірген жалғыз банк”

494 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
“Қайнар АКБ” ЖШС бас директоры Ербол  ӘЖМАҒАМБЕТОВ: – “Жинақ банкі” ЕБ АҚ пен “Қайнар АКБ” ЖШС-ның 2008 жылғы 4 шілде күні ынтымақ­тастық жөнінде жасасқан келісімінде не қамтылған еді? – “Жинақ банкі” ЕБ АҚ-пен жасасқан ынтымақтастық жөніндегі барыс-келістерімізді бірнеше дең­гей­ге бөліп қарастыруға болады. Бі­ріншіден, “Қайнар АКБ” ЖШС қай­та қаржыландырылудан өтті. Бұны қалай түсінуге болады дегенде, яғ­ни “Жинақ банкі” ЕБ АҚ бізді басқа бір банктен сатып алды деген сөз. Екіншіден, банк біздің кәсіпорны­мыз үшін өздерінің несиелеу мүм­кін­­діктерін кеңейтті. 5 жылдық мер­­­зімге 3 млрд. 330 млн.теңге кө­ле­міндегі несие желісі  ашылды. Бұл ин­вестиция өндіріске үдемелі тех­нологияларды енгізу үшін және зауыттың өндірістік бағдар­ламасын жүзеге асыруға ба­ғыт­тал­ған. Несие­леу желісінің жал­ғас­ты өсу көрсет­кішімен ашылған­дығы келісімнің ең бір ерекше назар аударатын тұсы болып табылады. – Жоғарыда аталған екі жақ­ты келісімнің қаржылық шарт­тарын атап бере аласыз ба? – Банк басшылығына “Жасасқан келісім-шарттың мерзімі қалай бо­лады?” деген сұрақты қойғаны­мыз­да, “өмір бойы” әріптестікті орната­мыз деген жауап алып едік. “Жинақ банкі” ЕБ АҚ-пен ең бірінші болып мұншалықты тиімді әрі уақыт шектемесі жоқ келісім-шартты біз жасастық (күліп). –  “Жинақ банкі” ЕБ АҚ-тың ин­вестициясы неге бағытталған? – Бұл жолғы келісім біздің кә­сіпорнымызды қайта жаңғыртуға, инновациялар мен айналымдардың кеңеюіне бағытталып отыр. Банк­тің қазіргі жасап жатқан қаржылық қолдауының арқасында бүгінгі таң­да біз зауытымызды қайта жаңарт­тық және халықаралық деңгейдегі заманауи құрылғылар мен техноло­гияларға қол жеткіздік. Кәсіпорны­мыз­дың өндірістік қуаты артып келеді. Мәселен, қазір жылына 0,5 миллион дана аккумулятор шығара­мыз. Өніміміздің 70 пайызы Украи­на, Қырғызстан, Өзбекстан, Грузия сынды алыс шетелдерге экспорт­та­ла­ды. Қазіргі кезде Қытай мен Еуропаға жаңа нарық ашуға бар күшімізді салып жатырмыз. Биыл­ғы жылдың қазан айында “Қайнар АКБ” ЖШС-ның өнімдері Польша­ға алғаш рет жеткізілді. – Аталған инвестицияның қан­шасын өз өндірісіңізге жұм­­­сайсыз? – Дәл қазіргі уақытта қазақ­стандық “Жинақ банктің” бөлген қаражатының барлығы игерілді. Со­нымен қатар алған несиемізді өтеу барысындамыз. Бүгінгі күнге дейін талдықорғандық зауытымыз 1,5 мил­лиард теңгені төледі. 2011 жы­лы жаңадан тағы бір несие келісіміне отыруды жоспарлап отырмыз. – Өзара серіктестік орнату барысында “Ресей Жинақ банкі” неге дәл сіздің кәсіпорныңызды таңдады деп ойлайсыз? – Қазақстандық банктердің ішінде жалғыз ғана “Жинақ банкі”  ЕБ АҚ қаржы дағдарысы кезінде біздің компаниямызға сенім білдірді әрі қолдау көрсетті. “Қайнар АКБ” ЖШС басқа да банктерге барып кө­мек сұраған еді. Алайда бірде-біреуі біздің жағдаймызға қарайлас­пады. Бір жағынан бұлай болғаны да біз үшін сәтті болған сияқты. Алғашында бізбен келісім-шартқа отырған кезде “Жинақ банкі” жаңадан ғана Қазақстанның қаржы нарығына бейімделіп келе жатқан еді. Сол кездің өзінде банк құрылы­мында біліктілігі жоғары, өз қызме­тін жақсы білетін, клиенттермен жылы қарым-қатынас жасай алатын менеджерлер жұмыс жасады. – “Жинақ банкі” ЕБ АҚ банк­тердің арасынан ең бірінші болып “Бизнестің жол картасы - 2020” бағдарламасына қатысып, соның нәтижесінде Алматы облысында біраз маңызды жобалар іске асқан болатын. Ал сіздердің кәсіпорында­рыңызды да бұл бағдарламаның алғашқы шебінен көрген едік.  “Биз­нестің жол картасы - 2020” бағдар­ламасына қатысуларыңызға не түрткі болды? – “Бизнестің жол картасы - 2020” – бұл шын мәнісіндегі мемле­кеттің отандық өндірушілерге жасап жатқан нағыз қолдауы деп білемін. Аталмыш бағдарламаға қатыс­қан еліміздегі барлық екінші дең­гейдегі банктер жылдық пайыздық мөлшерлемелерін 12%-ға төмен­детуге тиіс екендіктерін ескеретін болсақ, мұндай жеңілдіктің біз сияқты кәсіпорындар үшін ай­тар­лықтай зор көмек болары сөзсіз. “Қайнар АКБ” ЖШС “Даму” мемлекеттік қорының бағдарлама­лары­­на қатысу барысында жылына 7 пайыздық көрсеткішпен “Жинақ банкі” ЕБ АҚ-ға несиемізді төлейді, ал қалған 5 пайызын өзіміз төлейтін боламыз. Мұндай жағдай біздің өнімдеріміздің өзіндік құнына әсер етпей қоймайды. Яғни ең соңғы есеп-қисап бойынша отандық өн­дірістегі бәсекеге қабілеттілігімізді арттыруға мүмкіндік туғыза аламыз. ТҮЙІН: 1 қарашадағы көрсет­кіш бойынша “Жинақ банкі” ЕБ АҚ өзінің активтерін 13,8 пайызға көтерді. Бұл дегеніміз 251,8 млрд.теңгені құрайды деген сөз. Мұндай көрсеткіш әрине 2010 жылдың басы 1 қаңтардағы есептерге қара­ғанда анағұрлым көп болып тұр. Ол кездегі банк активтері 221,3 млрд.теңге еді. Заңды тұлғалардың салымдары 2010 жылғы 1 қаң­тардағы 115, 4 млрд.теңгеге қара­ғанда 1 қара­ша­дағы салымдар 35,6 пайызға артқан, яғни 156,5 млрд.теңгені құрап отыр. Жыл басын­дағы клиенттер 96,5 млрд.теңге көлемінде несие алса, 1 қарашада есеп бойынша несиелендіру көр­сет­кіші 54,1 пайызға жоғары­лап, 148,7 млрд.теңгеге жеткен. 2010 жылғы 1 қарашадағы есеп қоры­тындысы бойынша банктің жеке меншік капиталы 38,1 млрд. теңге­ні құраса, банктің таза кірісі 926, 8 млн.теңгеге жетті. 2010 жылғы 1 қарашада Қазақ­станның БВУ сараптамасы көрсет­кеніндей, жеке меншік капи­талы­ның көлемі бойынша “Жинақ банкі” 8-ші орынды иеленсе, таза кіріс көлемі бойынша 11-ші орында, ал активтердің мөлшері жағынан да 11-ші орынды иеленіпті. “Қайнар АКБ” ЖШС “Жинақ банкі” ЕБ АҚ-ның VІP клиенттері қатарына жатқызылатындықтан несиелендіру, зауыт қызметкерлеріне ар­налған ұжымдық несие, есеп айы­рысатын кассалық қызмет көрсе­ту, интернет-кеңсе, құжаттық операциялар және банктік кепілдеме, аккредитивтер, валюталық ба­қы­лау опе­ра­цияларын жүргізу, экс­порттық-импорттық операциялар құ­жаты­ның мәлімдемелері, депозиттер, ұйым қызметкерлеріне жал­ақылар үлестіруге арналған төлем карточ­калары және басқа да сынды банк қызметі кешенін толық пайдалана алады. Әңгімелескен Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.