07 Желтоқсан, 2010

Күн көтерген мұзбалақ

475 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тәуелсіз елміз айдарлы Өр-бабалар көксеген. Сындарлы кездің айбарлы Көтерер жүгін ерің бар Түйінін шешіп екшеген. Тарлан жырлар туыпты Қанатты тұлпар жалында, Жанкешті ерлік туыпты Өртеген кектің жолында. Бұл даланың тарихы – Жерін жаттан қорғаған Хас батырлар тарихы. Көшпелі елдің тарихы – Басын тіккен елім деп Көзсіз ерлік тарихы... Мен бүгінгі Қазақпын Өзге жұрттар сыйлаған. Қазынасы қиялына да Сыймаған. Мен алтын көпірмін Екі әлемді жалғаған, Шығысың да, Батысың  да қолдаған. Аспан да ортақ бар елге, Күн де ортақ әр елге. Көк байрағы көкке өрлеп, Күн көтерген мұзбалақ Әйгілі  бүкіл  әлемге! Нәзікен АЛПАМЫСҚЫЗЫ.