07 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасының Заңдары

434 рет
көрсетілді
21 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Заңы 2011-2013 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы 1-бап. 2011-2013 жылдарға арналған респуб­ликалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қо­сым­шаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекiтiлсiн: 1) кiрiстер – 3 939 975 720 мың теңге, оның iшiнде: салықтық түсiмдер бойынша – 2 543 733 998 мың теңге; салықтық емес түсiмдер бойынша – 78 639 307 мың теңге; негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 14 523 664 мың теңге; трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 303 078 751 мың теңге; 2) шығындар – 4 322 673 002 мың теңге; 3) таза бюджеттiк кредит беру – 25 644 456 мың теңге, оның iшiнде: бюджеттiк кредиттер – 126 649 337 мың теңге; бюджеттiк кредиттердi өтеу – 101 004 881 мың теңге; 4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 194 115 982 мың теңге, оның iшiнде: қаржы активтерiн сатып алу – 194 475 982 мың теңге; мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 360 000 мың теңге; 5) тапшылық – - 602 457 720 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,8 пайызы; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 602 457 720 мың теңге. 2-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюд­жетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кеше­нiн пайдаланғаны үшін 17 250 000 мың теңге со­ма­сында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 717 900 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн. 3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жiберiлетiн 2011 жылға арналған бюджетке түсетiн түсiмдердiң көлемi 4-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 4-бап. Тиiстi бюджеттiң кiрiсiне мыналар есептелетiн болып белгiленсiн: бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сыныптамасының «Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық» коды бойынша – жер қойнауын пайдаланушылардың роялти бойынша берешегі, сондай-ақ салық режімі тұрақтылығының кепілдігі сақталған, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша роялти; бiрыңғай бюджеттiк сыныптаудың кiрiстер сы­нып­тамасының «Әлеуметтiк салық» коды бойын­ша – бұрын Зейнетақы қорына, Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталыққа, Мiндеттi меди­циналық сақтандыру қорына, Мемлекеттiк әлеу­мет­тiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына аударылып келген жарналар бойынша берешек, сондай-ақ автомобиль жол­дарын пайда­ланушылардың бұрын Жол қорына түсiп келген аударымдары. Бұл ретте салық режімі тұрақтылығының кепілдігі сақталған, жер қойнауын пайдалануға арнал­ған келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асы­ратын салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген аударым­дарды немесе әлеуметтік салықты «Мін­детті әлеу­меттік сақтандыру туралы» Қазақстан Рес­публи­касы­ның Заңына сәйкес есептелген Мем­лекеттік әлеу­меттік сақтандыру қорына ау­дарым­дардың сомасына азайтады; «Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн бензин (авиациялық бензиндi қос­паған­да)» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп кел­ген бензиннен алынатын алым бойынша берешек; «Өндiрушiлер көтерме саудада сататын, өзi өндiретiн дизель отыны» коды бойынша – бұрын Жол қорына түсiп келген дизель отынынан алынатын алым бойынша берешек. 5-бап. Жұмыс берушiлер еңбекке уақытша жарамсыздығы, жүктiлiгi мен босануы бойынша, бала туған кезде, жерлеуге есептеген, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленiп келген жәрдемақы сомаларының аталған қорға аударым­дардың есептелген сомаларынан асып түсуi нәти­жесiнде 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша құралған терiс сальдо ай сайын жалақы қорының 4 пайызы шегiнде әлеуметтiк салық төлеу есебiне жатқызылады. 6-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюд­жетте облыстық бюджеттерден, Алматы қаласының бюджетінен республикалық бюджетке бюджеттiк алып қоюлардың көлемi 103 078 751 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде: Атырау облысынан – 41 707 712 мың теңге; Маңғыстау облысынан – 12 731 130 мың теңге; Алматы қаласынан – 48 639 909 мың теңге. 7-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюд­жетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшерi 1 200 000 000 мың теңге сомасында көзделсiн. 8-бап. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап: 1) жалақының ең төменгi мөлшерi – 15 999 теңге; 2) мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiнiң мөлшерi – 8 000 теңге; 3) зейнетақының ең төменгi мөлшерi – 16 047 теңге; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салықтар мен басқа да төлемдердi қолдану үшiн айлық есептiк көрсеткiш – 1 512 теңге; 5) базалық әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу үшiн ең төменгi күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 15 999 теңге болып белгiленсiн. 9-бап. 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшiлерге (мерзiмдi қызметтегi әскери қыз­мет­шiлерден басқа), iшкi iстер органдарының қыз­мет­керлерiне, сондай-ақ өртке қарсы қызмет ор­ган­дарының, Қазақстан Республикасы Әдiлет ми­нистр­лiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi органдары мен мекемелерiнiң, қаржы полициясы органдары­ның жедел-iздестiру, тергеу және саптық бөлiм­шелерiнiң қызметкерлерiне тұрғын үйдi күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтер көрсетуге арналған шығыстарды төлеу үшiн ақшалай өтем­ақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн. 10-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюд­жетте республикалық бюджеттен облыстық бюд­жеттерге, Астана қаласының бюджетіне берi­летiн субвенциялар көлемi 789 938 833 мың теңге сомасында көзделсiн, оның iшiнде: Ақмола облысына – 49 552 059 мың теңге; Ақтөбе облысына – 21 836 600 мың теңге; Алматы облысына – 94 077 476 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына – 81 700 063 мың теңге; Жамбыл облысына – 75 778 457 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына – 13 983 926 мың теңге; Қарағанды облысына – 55 937 850 мың теңге; Қостанай облысына – 48 552 068 мың теңге; Қызылорда облысына – 64 395 637 мың теңге; Павлодар облысына – 25 809 390 мың теңге; Солтүстiк Қазақстан облысына – 47 000 200 мың теңге; Оңтүстiк Қазақстан облысына – 193 272 522 мың теңге; Астана қаласына – 18 042 585 мың теңге. 11-бап. Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне: эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге; тұқым шаруашылығын қолдауға; асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға; мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға; тауарлы балық шаруашылығының өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялауға; ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын аса маңызды топтық және оқшау сумен жабдықтау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялауға; ауылдық елді мекендердің әлеуметтік саласы­ның мамандарын әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін; өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымды­лы­ғын арттыруды субсидиялауға; облыстық, аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және Астана және Алматы қалалары­ның көшелерін күрделі және орташа жөндеуге; мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыруға; негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелердегі физика, химия, биология кабинеттерін оқу жабдығымен жарақтандыруға; бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін мемлекеттік мекемелерде лингафондық және мультимедиалық кабинеттер құруға; орта және техникалық кәсіптік білім беру ұйым­дарында электрондық оқыту жүйесін енгізуге; білім беру ұйымдарының Интернет желісіне қолжетімділігін қамтамасыз етуге; үйде оқитын мүгедек балаларды жабдықтармен, бағдарламалық қамтыммен қамтамасыз етуге; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз етуге және кеңейтуге; дәрiлiк заттарды, вакциналарды және басқа да иммундық-биологиялық препараттарды сатып алуға; жергiлiктi деңгейде медициналық денсаулық сақ­тау ұйымдарын материалдық-техникалық жа­рақ­тандыруға 2011 жылға арналған ағымдағы ны­саналы трансферттердi бөлу және (немесе) пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады. 12-бап. Мынадай: ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау; ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді басқару жүйесін субсидиялау; «Өнімділік – 2020» бағыты шеңберінде жаңа өндірістерді құруды қолдау, жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту және сауықтыру; «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде өңірлерде жеке кәсіпкерлікті қолдау бағыттары бойынша іске асырылатын қаражатты бөлу және (немесе) пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 13-бап. Арнайы мемлекеттiк жәрдемақыларды, мүгедектігі, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды төлеуге бөлінетін қаражат олардың мөлшері 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап тоғыз пайызға өсірілгені ескеріле отырып көзделді деп белгіленсін. 14-бап. 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыруға: нысаналы даму трансферттері бойынша об­лыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қала­лары­ның бюд­жеттеріне инженерлік-комму­ника­ция­лық инфра­құрылымды дамытуға, жайлас­тыру­ға және (немесе) сатып алуға; кредит беру бойынша облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға арналған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде айқындалады. 15-бап. Азаматтардың денсаулығын сақтау мәсе­лелері бойынша сектораралық және ве­домство­аралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2011 жылға арналған қаражатты бөлу және пайдалану тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде айқындалады. 16-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылға арналған резервi 44 700 000 мың теңге сомасында бекiтiлсiн. 17-бап. Қазақстан Республикасы Төтенше жағ­дай­лар министрлiгiнiң шығындарының құрамында мем­лекеттiк материалдық резервтi қалыптас­тыруға және сақтауға 7 193 995 мың теңге сома­сында, оның ішінде, республикалық бюджет кірістерінде жаңарту тәр­тібімен шығарылған мате­риалдық құндылықтар­ды сатудан түскен қара­жатты көрсете отырып, 2 908 664 мың теңге сома­сында қаражат көзделгені ескерілсін. 18-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюд­жетте мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету үшiн 1 747 853 мың теңге көзделсiн. 19-бап. 2011 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беру лимитi 65 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 20-бап. 2011 жылғы 31 желтоқсанға үкiметтiк борыш лимитi 3 200 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 21-бап. 2011 жылғы мемлекеттiң кепiлгерлiк беру лимитi 50 000 000 мың теңге мөлшерiнде белгiленсiн. 22-бап. 2011 жылға арналған республикалық бюд­жеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жат­пайтын республикалық бюджеттiк бағдарлама­лардың тiзбесi 5-қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 2011 жылға арналған жергiлiктi бюджеттердi атқару процесiнде 6-қосымшаға сәйкес жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар секвестрлеуге жатпайды деп белгiленсiн. 23-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы қарашаның 29-ы. № 357-IV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан  Республикасының Ұлттық  қорынан 2011 – 2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы 1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011-2013 жылдарға арналған респуб­ликалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшері бекітілсін: 2011 жыл – 1 200 000 000 мың теңге; 2012 жыл – 1 200 000 000 мың теңге; 2013 жыл – 1 200 000 000 мың теңге. 2-бап. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2010-2012 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2010 жылғы     8 сәуір­дегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 7, 30-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3-бап. Осы Заң 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2010 жылғы қарашаның 30-ы. № 358-ІV ҚРЗ * * * Қазақстан Республикасының Заңы Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы 2011 – 2013 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы Осы Заң республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің 2011 – 2013 жылдардағы үш жылдық кезеңге арнал­ған жылдар бойынша бөлінген абсолюттік көріністегі көле­мін айқындайды. 1-бап. Облыстық бюджеттерден және респуб­-­ ли­калық маңызы бар қала бюджетінен респуб­- ли­калық бюджетке берілетін бюджеттік алып қоюлардың көлемі 1. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала бюджетінен республикалық бюджетке 2011 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 103 078 751 мың теңге, оның ішінде: Атырау облысынан – 41 707 712 мың теңге; Маңғыстау облысынан – 12 731 130 мың теңге; Алматы қаласынан – 48 639 909 мың теңге сомасында белгіленсін. 2. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала бюджетінен республикалық бюджетке 2012 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 102 114 759 мың теңге, оның ішінде: Атырау облысынан – 39 467 955 мың теңге; Маңғыстау облысынан – 16 076 180 мың теңге; Алматы қаласынан – 46 570 624 мың теңге сомасында белгіленсін. 3. Облыстық бюджеттерден және республикалық маңызы бар қала бюджетінен республикалық бюджетке 2013 жылға арналған бюджеттік алып қоюлар 121 056 185 мың теңге, оның ішінде: Атырау облысынан – 44 225 473 мың теңге; Маңғыстау облысынан – 24 607 177 мың теңге; Алматы қаласынан – 52 223 535 мың теңге сомасында белгіленсін. 2-бап. Республикалық бюджеттен облыстық бюд­­жеттерге, астана  бюджетіне берілетін бюджет- тік субвенциялардың көлемі 1. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, астана бюджетіне берілетін 2011 жылға арнал­ған бюд­жеттік субвенциялар 789 938 833 мың теңге, оның ішінде: Ақмола облысына – 49 552 059 мың теңге; Ақтөбе облысына – 21 836 600 мың теңге; Алматы облысына – 94 077 476 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына – 81 700 063 мың теңге; Жамбыл облысына – 75 778 457 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына – 13 983 926 мың теңге; Қарағанды облысына – 55 937 850 мың теңге; Қызылорда облысына – 64 395 637 мың теңге; Қостанай облысына – 48 552 068 мың теңге; Павлодар облысына – 25 809 390 мың теңге; Солтүстік Қазақстан облысына – 47 000 200 мың теңге; Оңтүстік Қазақстан облысына – 193 272 522 мың теңге; Астана қаласына – 18 042 585 мың теңге сомасында белгіленсін. 2. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, астана бюджетіне берілетін 2012 жылға арнал­ған бюджеттік субвенциялар 880 645 461 мың теңге, оның ішінде: Ақмола облысына – 53 579 911 мың теңге; Ақтөбе облысына – 31 721 533 мың теңге; Алматы облысына – 103 882 787 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына – 89 595 453 мың теңге; Жамбыл облысына – 85 094 218 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына – 17 113 055 мың теңге; Қарағанды облысына – 61 399 259 мың теңге; Қызылорда облысына – 71 593 511 мың теңге; Қостанай облысына – 52 272 915 мың теңге; Павлодар облысына – 28 929 362 мың теңге; Солтүстік Қазақстан облысына – 50 717 343 мың теңге; Оңтүстік Қазақстан облысына – 216 436 264 мың теңге; Астана қаласына – 18 309 850 мың теңге сомасында белгіленсін. 3. Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге, астана бюджетіне берілетін 2013 жылға арнал­ған бюджеттік субвенциялар 865 844 050 мың теңге, оның ішінде: Ақмола облысына – 53 074 025 мың теңге; Ақтөбе облысына – 32 805 572 мың теңге; Алматы облысына – 103 465 940 мың теңге; Шығыс Қазақстан облысына – 89 281 704 мың теңге; Жамбыл облысына – 87 075 850 мың теңге; Батыс Қазақстан облысына – 13 485 381 мың теңге; Қарағанды облысына – 58 562 240 мың теңге; Қызылорда облысына – 71 143 181 мың теңге; Қостанай облысына – 51 166 230 мың теңге; Павлодар облысына – 27 722 239 мың теңге; Солтүстік Қазақстан облысына – 50 819 740 мың теңге; Оңтүстік Қазақстан облысына – 220 321 863 мың теңге; Астана қаласына – 6 920 085 мың теңге сомасында белгіленсін. 3-бап. Жергiлiктi бюджеттерде көзделетін шығыстардың көлемі Жергілікті бюджеттердің шығыстарында осы Заңға қосымшаға сәйкес тері-венерологиялық, онкология­лық және наркологиялық диспансерлердің амбула­тория­лық-емханалық көмек көрсетуіне арналған шығыстарды ескере отырып, амбулаториялық-емха­налық көмек көрсетуге бағытталатын бюджет қара­жатының ең төменгі көлемі ескерілсін. 4-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2010 жылғы қарашаның 30-ы. № 359-ІV ҚРЗ * * * «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері арасындағы  2011 – 2013 жылдарға арналған жалпы  сипаттағы  трансферттердің көлемі туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына қосымша Тері-венерологиялық, онкологиялық және наркологиялық диспансерлердің амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуіне арналған шығыстарды ескере отырып, амбулаториялық-емханалық көмек көрсетуге бағытталатын бюджет қаражатының ең төменгі көлемі мың теңге
Атауы 2011 жыл 2012 жыл 2013 жыл
БАРЛЫҒЫ 104 129 183 115 404 090 117 310 250
1. Ақмола облысы 5 102 228 5 597 137 5 655 003
2. Ақтөбе облысы 4 936 189 5 487 465 5 552 888
3. Алматы облысы 13 359 218 13 860 693 14 258 822
4. Атырау облысы 3 219 373 3 581 285 3 608 805
5. Шығыс Қазақстан облысы 9 401 552 10 518 750 10 682 872
6. Жамбыл облысы 6 688 014 7 498 187 7 602 479
7. Батыс Қазақстан облысы 4 885 560 5 433 152 5 489 319
8. Қарағанды облысы 8 748 964 9 768 531 9 943 716
9. Қызылорда облысы 5 465 283 6 502 608 6 585 070
10. Қостанай облысы 4 468 338 5 287 410 5 343 617
11. Маңғыстау облысы 2 431 526 2 727 726 2 754 681
12. Павлодар облысы 4 983 915 5 372 905 5 435 830
13. Солтүстік Қазақстан облысы 4 615 088 5 161 759 5 423 340
14. Оңтүстік Қазақстан облысы 13 321 733 15 113 549 15 228 536
15. Алматы қаласы 7 506 500 8 393 224 8 534 252
16. Астана қаласы 4 995 702 5 099 709 5 211 020