07 Желтоқсан, 2010

Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі арасындағы дене шынықтыру мен спорт саласындағы ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМ

957 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Астана қаласы            22 қараша     2010 жыл Бұдан әрі тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, министр Т.М.Дос­мұ­хам­бетовтің атымен бірінші тараптан жә­не Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шы­лығы министрлігі, министр А.Қ.Кү­­­­­­­­­­­­ріш­­баевтың атымен екінші тараптан Мемлекет басшысының 2010 жыл­ғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген бұқара­лық дене шынықтыру – спорттық қозғалысты дамы­ту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақ­сатында ауыл тұрғындарын жүйелі түрде дене шынықтыру және спортпен шұғыл­дануға, саламатты өмір салтын қалыптас­тыруға тарту үшін ауылдық жерлерде бұқаралық дене шынықтыру-спорт жұ­мыс­­тарын ұйымдастыру нысандарын жетілдіру қажеттілігін сезіне отырып, төмендегі туралы келісті: 1-бап Тараптар жергілікті атқарушы орган­дар­дың, салалық қоғамдық ұйымдардың, спорт федерацияларының (одақтар, қауым­дастықтар) және басқа да ұйымдар мен қоғамдардың күштерін біріктіру ар­қылы ауылда дене шынықтыру мен спорт­тың дамуына, олардың ауыл спортын тиімді дамытуға бағытталған бастамаларын қолдауға жәрдем көрсетеді. 2-бап Ауылдағы спорт пен дене шынық­тырудың жай-күйін жақсарту мақсатында тараптар заманауи спорт инфрақұры­лымын, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының кең желісін құруға жәрдем көрсетеді. 3-бап Тараптар ауылда бұқаралық дене шынықтыру-спорт жұмыстарын ұйымдас­тыру нысандарын жетілдіру және ауыл спортшыларының спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында «Қайрат» ауылдық спорт қоғамын құру мәселесі бойынша қажетті шаралар қабылдайды. 4-бап Тараптар ауыл тұрғындары арасында дене шынықтыруды, спортты және сала­матты өмір салтын насихаттауға және дәріптеуге бұқаралық ақпарат құралдары, Қазақстанның танымал спортшыларын тарту арқылы жәрдем көрсетеді. 5-бап Тараптар ауыл еңбеккерлері, оқушы жастар арасында үздік спортшыларды анық­тау және олардың спорттық шеберліктерін жетілдіру үшін әлеуметтік маңы­зы бар спорттық іс-шаралар өткізеді. 6-бап Тараптар ауыл спортын дамыту үшін спорт инфрақұрылымдарына инвестиция тартуға, демеушілік пен қайырымдылық көмек көрсетуге ықпал жасайды. 7-бап Тараптар ауылдық әкімшілік-аумақ­тық бірліктерде спортты мемлекеттік бас­қару органдарының жұмысын қамтамасыз ету арқылы ауылда спортты дамытуға жәрдем көрсетеді. 8-бап Тараптар ауылдағы дене шынықтыру және спорт жұмыстарын кадрлық қамта­масыз етуге жәрдем көрсетеді. 9-бап Тараптар осы меморандумда қойыл­ған мақсаттарға жету үшін бірлескен ке­ңес­тер өткізеді, өзара қызығушылық туды­ратын мәселелер бойынша өздерінің құзы­ретіндегі барлық ақпараттармен алмасады. 10-бап Осы меморандум Қазақстан Респуб­ликасы Туризм және спорт министрлігі мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрлігі арасындағы дене шынықтыру мен спорт саласындағы іс-шаралар жөніндегі жоспардың негізінде жүзеге асырылады (№1 қосымша). 11-бап Осы меморандумға өзара келісім бойынша осы меморандумның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, ол тиісті хаттамамен ресімделеді. 12-бап Меморандумның ережелерін түсін­діру мен қолдану барысында туындайтын даулар мен келіспеушіліктер орын алған жағдайда, тараптар оны келіссөздер мен кеңестер арқылы шешетін болады. 13-бап Осы меморандум қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және белгіленбеген мерзімге жасалады, және тарап­тардың бірі екіншісіне осы келісім­нің қолданысын тоқтату туралы жазбаша хабарлаған күннен бастап алты ай өткенге дейін қолданыста болады. 14-бап Осы меморандум төрт тұпнұсқа данада әр тарапқа екі данадан қазақ және орыс тілдерінде жасалған, сонымен бірге, барлық мәтіндердің заңды күші бірдей. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі үшін министр ______________Т. ДОСМҰХАМБЕТОВ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі үшін министр ____________А. КҮРІШБАЕВ