07 Желтоқсан, 2010

Лондонда басылып шықты

550 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көрнекті жазу­шы, драматург, Мем­­­лекеттік сый­лық­тың лауреаты Әкім Тара­зи «Қорқау жұлдыз» атты романын 1987 жылы жазған бола­тын. 1986 жылғы жел­тоқсан көтерілі­сінен кейін іле қа­ғаз­ға түскен осынау шығарманы сол ке­зең­дегі Кеңес импе­рия­сының әділет­сіз­дігіне, астамдығына жазушының ішкі қарсылығы еді десе де болады. Қашанда айтар ойын астарлап жеткізетін жазушы шеберлігі бұрыннан-ақ бәрімізге белгілі. «Қорқау жұлдыз» романының аты айтып тұрса да, осы жазушы шеберлігі кеңестік жү­йе­ні қапыда қалдырды, 1988 жылы бұл еңбек жарыққа шығып, жұрт­шылық қолына тиген болатын. Тіпті кейіннен бұл кітап орыс тілінде де жарық көрді. Міне, содан бері де бірқатар уақыт өтті десек, енді осы «Қорқау жұлдыз» биыл Кэтрин Жудельсонның аудармасымен ағылшын тілінде Лондон қала­сында басылып шығып отыр. «Егемен-ақпарат».