07 Желтоқсан, 2010

Елбасы «Кешіккен махаббат» фильмін тамашалады

782 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан» орталық концерт залынан «Кешіккен махаббат» атты жаңа қазақстандық көркем фильмді тамашала­ды. Француздың белгілі актері Жерар Де­пардьенің қатысуымен түсірілген атал­мыш фильмнің осынау алғашқы та­ныс­тырылымында атақты актердің өзі де, басты рөлдерде ойнаған өзде де әртістер Елбасымен бірге отырып фильмді көрді. Түсірілу жұмыстары небәрі 24 күннің ішінде орындалғанымен, бұл фильмді жасау­ға бір жылдай уақыт кеткен көрі­неді. Ли­рикалық комедия жанрындағы кино­лентаны Шәкен Айманов атындағы Қа­зақфильм ки­нокомпаниясы мен «Танарис» киноком­па­ния­сының бірлесіп түсір­генін де айта кетсек, онда француз актері Жерар Депардье және Нұржұман Ықтымбаев, Наталья Гвоздикова, Болат Қалымбеков, Наталья Орын­ба­сарова сынды көрнекті кино әртістері ойнады. Ал сценарийдің авторлары – Ахтан Арым Құбат, Сергей Әзімов және Ғазиз Насыров болса, қоюшы режиссері – Сәбит Құрманбеков. Фильм оқиғасының негізгі желісі – қартаң тартқан үш дос туралы. Екі дос Қалтай есімді үшінші досын үйлендірмек болып, оған қалыңдық іздеп, құда түсу әрекеттерін жасайды. Ақырында қарттар шын махаббаттың шырмауына түсіп, олардың ойлары басқа жолмен жүзеге асады. Сценарий авторы С.Әзімовтің айтуынша, картинаның жалпы бюджеті 1,5 млн. АҚШ долларын құраған көрінеді. Арай ҮЙРЕНІШБЕКҚЫЗЫ.