07 Желтоқсан, 2010

Отырыстың күн тәртібі анықталды

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамед­жа­новтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің салалық комитеттерінің ұсынуымен алдағы аптада өтетін жалпы отырыстың күн тәртібі мәселелері қаралды. Заңнама және сот-құқық­тық реформа комитеті «Медиация туралы» және соған сәйкес заңдарға түзету енгізуді көздейтін заң жобаларын бірінші оқылымда қарауды ұсынды. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті бір топ заң жобаларын жалпы отырысқа шығарады. Аграрлық мәселелер комитеті шаруа (фермер) қожа­лықтарының қызметіне қа­тыс­ты заң жобасын екінші оқы­лымға дайындағанын мә­лім етті. Сондай-ақ «Мүдделік қолдау қызметі туралы» және соған сәйкес заңдарға түзету енгізуді қарастыратын заң жобаларымен жұмысты жал­ғастыру мәселесі қаралды. Бюро отырысында Үкімет­тен келіп түскен жаңа заң жо­ба­лары жөнінде мәлімет берілді. «Егемен-ақпарат».