07 Желтоқсан, 2010

Жаңа редактор бекітілді

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақпарат айдынындағы бай­ыр­ғы басылымдардың бірі –об­лыстық «Огни Алатау» газетіне бұған дейін «Жетісу» газеті бас редакторының орынбасары қыз­ме­тін атқарып келген  жазу­шы-журналист Әміре Әрін бекітілді. 1918 жылдың 8 наурызынан «Семиреченские ведомости» газетінің негізінде Жетісу рев­ком­ның органы – «Заря сво­боды» газеті ретінде оқырманға таныс басылымды осы мерзімге дейін Вениамин Ларин, Надежда Вержбицкая, Геннадий Толмачев, Надежда Гарифуллина, бүгінде зейнет демалысына шық­қан Валерий Оверко басқа­рып келсе, енді басылым тізгінін мемлекеттік және орыс тілдеріне  жетік әріптесіміз қолына алды. Облыс әкімі Серік Үмбетов жаңа редакторды қабылдап, егемен еліміздегі қоғамдық пікірді қалыптастырумен қатар, Елба­сы­ның тапсырмасын жүзеге асы­рудағы Жетісу жерінде қол­ға алынған жұмыстарды дер кезінде көрсету, шығармашылық ұжымды жұмылдыру міндетін  тапсырды. Еңбегіне табыс тіледі. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.