08 Желтоқсан, 2010

Альянс Банкі: жекелеген өнімдер, халықаралық озық үлгілер ескерілуде

348 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
Еліміздегі қаржы институттары ара­сында тұтынушыларға қызмет көр­сетуде өзіндік басымдықтарымен көпшілік назарын аударып отырған «Альянс Банкі» АҚ жаңа өнімдерінің қатары уақыт өткен сайын арта тү­суде. Жасыратыны жоқ, Қазақ­стан­ның әрбір тұрғыны үшін өзінің  тұр­мыстық жағдайын жақсартып, әлеуе­тін молайту өте маңызды және мұ­ның өзі өзекті мақсатқа да айналуда. Өмірлік қажеттілікке айналып отыр­ған бұл жағдайда да, сізге Альянс Банкі бірден көмекке келеді. Аны­ғырақ айтқанда, егер сіз өз қара­жа­тыңызды сақтап және оның көлемін көбейткіңіз келсе, банк жекелеген клиенттерге бірқатар өнімдер түрле­рін, яғни оның әр алуан ассортиментін де ұсына алады. Сөз реті келгенде атап айтарлығы, Альянс Банкі ұжы­мы жұмысының сапасы халық­ара­лық озық стандарттарға, жоғары талапқа сай келуі көп нәрседен хабар берсе керек. Альянс Банкінің жеке өнімдеріне шолу жасағанда, ең алдымен банктің жаңа өнімі мультивалюталық «Аль­янс­депозит» жөнінде атап айту қа­жет. Оның басты себебі, «Альянс­депо­зит» сіздің өміріңізді көрікті етуге айтарлықтай ықпал етпек. Бүгінде халқымыз Альянс Банкінде 66 млрд. теңгеден астам қаржысын сақтайды. Сонымен бірге, қаржы институ­тының дистанциялық, яғни аралық қызмет көрсету – интернет-банкинг, «Handy Pay» мобильді төлемдер жүйе­сін, банкомат, POS – терминал сияқты өнімдерін де кеңінен пай­далануға болады. Бір ескеретін жәйт, дистанциялық қызмет көрсету ая­сын­да клиенттер өздерінің банктік есепшотын бақылауға, коммуналдық қызмет төлемдері мен әртүрлі сервистік компаниялар қызметтеріне тө­лем төлеу мүмкіндіктеріне ие бола­ды. Сондай-ақ «VISA» картасынан «VISA» картасына бүкіл әлем бой­ынша аударымдар жасай алады. Қар­жы институтының жеке клиенттеріне арналған несиелендірудің икемді бағ­дарламасы әр алуан қажеттіліктерге керекті көлемде және уақытында қаражат алуға бірден көмектеседі. Ең бастысы, Альянс Банкі тұты­ну­шылардың өздеріне ең ыңғайлы келісімшарт аясында қаражатты тар­туы бағытындағы жұмысты тұрақты түрде жетілдірумен айналысуда. Банк клиенттері назарына ұсынылатын мұндай тиімді өнімдердің арасында экспресс, тұтынушылық, лояльды­лық, қайта қаржыландыру, ипотека­лық несиелеу және де басқа қызмет түрлері бар. Атап айтарлығы, тұты­ну­шылардың игілігіне арналған бұл өнімдердің қай-қайсының болсын өз­індік тиімді ерекшеліктері мен ар­тықшылықтары жеткілікті. Мәселен, үстіміздегі жылдың 1 желтоқ­са­нын­дағы деректерге сүйенсек, жалпы сомасы 14,5 млрд. теңгені құраған 24 272 Экспресс несиесі беріліп, ал ипотекалық несиелеу бағдарламасын 3 айда-ақ 66 азаматымыз пайдаланып тұрмыс жағдайын жақсартты. «Аль­янс кредит Ипотека» өнімінің несиелендіру мерзімі – 37 айдан 240 айға дейін. Ал, берілетін займның сомасы – 1 100 000 теңгеден 30 000 000 теңгеге дейін, мұның өзі сатып алы­натын жылжымайтын мүлік құны­ның тоқсан пайызына дейінгі соманы құрайды. Сонымен қатар, тілге тиек ететін тағы бір мәселе – «Ақкент» тұрғын үй кешенінде пәтер алуға ұсы­ны­латын «Альянскредит Ипотекаға» кеңірек тоқталған жөн сияқты. Се­бебі, банк несиесінің мұндай түрін­дегі келісімшарт тек қана «Ақкент» тұрғын үй кешеніне баспана алуға ғана арналған. Жаңа баспана алып жағдайын жақсартуға ниеттенген тұ­тынушының төлейтін ең алғашқы жарнасы алынатын жылжымайтын мүлік құнының 10 пайызын құрайды. Несие көлемі – 30 000 000 теңгеге дейін, сыйақының жылдық ставкасы – 10 пайыз (жылдық тиімді мөлшер­лемесі – 10,62%-дан) және несие мерзімі – жиырма жылға дейін  со­зылады. Несиені мерзімінен бұрын өтеу мүмкіндігі болса, алты айдан кейін айыппұлсыз санкция жүзеге асы­рылмақ. Көпшілік назарынан тыс қалмайтын тағы бір өнім – «Аль­янскредит Ипотека-2». Мұндағы ал­ғаш­қы жарна сатып алынатын жыл­жымайтын мүлік құнының – 15 па­йызынан басталады. Егер алғашқы жарнаға арналған қажетті қаражат болмай қалған жағдайда қосымша қамтамасыздандыру ретінде өтімді тұрғын жылжымайтын мүлікті кепілдік түрінде ұсыну мүмкіндігі де бар. Жылжымайтын мүлік құнынан ал­ғанда 15 пайыздық алғашқы жарна өтелген кезде клиенттің толық кірісі (табыстың көлемі) талап етіледі. Ал, жылжымайтын мүлік құнынан ал­ғашқы жарна 50 пайыз көлемінде төленсе, онда табыстың жекеленген түрде нақтылануы мүмкін. Несие мерзімі – 20 жыл, несие сомасы – 30 000 000 теңгеге дейін беріледі. Сый­ақы ставкасына келетін болсақ, 1-7 жыл аралығындағы займ мерзімінде 14,5 пайыз, 7-15 жыл ара­лығында 15,5 пайыз, ал 15-20 жыл  аралы­ғындағы займ мерзімінде 16,5 па­йыз­ды құрайды. Жылдық тиімді  ставка 1-7 жылда займ мерзімі – 15,68 пайыз болса, 7-15 жылда 16,76 пай­ыз, 15-20 жылда 17,91 пайыз көле­мінде болмақ. Альянс Банкінің көпшілікке жақ­сы таныс бағдарламаларының бірі – «Альянскредит Қайта қаржылан­ды­ру» кез келген тұтынушыға өздеріне өте тиімді жағдайда несие алуға ық­пал етіп, мүмкіндік жасайды. Сон­дай-ақ бұл бағдарлама бойынша бұ­дан бұрын басқа бір банктен алынған несиені өтеуге әбден болады. Ипоте­калық несиені қайта қаржыландыру мерзімі бір жылдан жиырма жылға дейін белгіленсе, тұтынушылық несиені қайта қаржыландыру мерзімі алты айдан 15 жылға дейін. Ипо­текалық несиені қайта қаржылан­дырудағы несиенің жалпы сомасы – 600 мың теңгеден – 30 000 000 теңгеге дейін. Ал, тұтынушылық несиені қайта қаржыландыруға арнал­ған несие сомасына келсек, оның көлемі – 300 мыңнан 15 000 000 теңгеге дейін деп бекітілген. Займды алуға арналған құжаттардың мини­маль­дық пакетінде – жеке куәлік, СТН, үй кітабының нотариалды түрде кепілденген көшірмесі немесе белгілі бір мекенде тұратындығын нақты­лайтын анықтама, отбасы жағ­дайын дәлелдейтін құжат, соңғы ал­ты ай­да­ғы кірісі туралы анықтама жә­не зейнеткерлік қордан соңғы ал­ты айдағы қаражат туралы анық­тама қажет. Сонымен, өз клиенттерінің жоға­ры талабынан шығуды негізгі мақсат етіп, оларға жүйелі түрде сапалы қызмет көрсететін «Альянс Банкі» АҚ өз көрсеткіштерін одан әрі жақ­сартуға бағыт алды. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.