Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы
2006 жылғы 6 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Табыс пен мүлікке салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенция және оған Хаттама ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 15-і. №361-ІV ҚРЗ
* * *
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялау туралы
2010 жылғы 17 наурызда Ташкентте жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы және Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктерінің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 15-і. №362-ІV ҚРЗ
* * *
Қазақстан Республикасының Заңы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., №12, 186-құжат; 1998 ж., №24, 437-құжат; 1999 ж., №8, 287-құжат; №23 925-құжат; 2001 ж., №17-18, 245-құжат; №20, 257-құжат; 2002 ж., №1, 1-құжат; №23-24, 198-құжат; 2003 ж., №1-2, 9-құжат; №11, 56-құжат; №15, 139-құжат; №21-22, 160-құжат; 2004 ж., №11-12, 66-құжат; №23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., №7-8, 19-құжат; №11, 39-құжат; №14, 55, 58-құжаттар; №23, 104-құжат; 2006 ж., №3, 22-құжат; №8, 45-құжат; №12, 69-құжат; №23, 141-құжат; 2007 ж., №2, 18-құжат; №3, 20-құжат; №4, 28, 30-құжаттар; №9, 67-құжат; №10, 69-құжат; №20, 178-құжат; 2008 ж., №17-18, 72-құжат; №20, 88-құжат; №23, 114, 123-құжаттар; 2009 ж., №17, 81-құжат; №19, 88-құжат; №23, 111-құжат; 2010 ж., №5, 23-құжат; №7, 28-құжат; №15, 71-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) 13-баптың 4-тармағындағы «отыз екі еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен» деген сөздер «отыз тоғыз еселенген айлық есептік көрсеткіштің жетпіс бес пайызынан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 14-баптың 3-тармағындағы «отыз екі еселенген» деген сөздер «отыз тоғыз еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 61-баптың 5-тармағындағы «сексен алты еселенген» деген сөздер «бір жүз төрт еселенген» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы заң 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 15-і. №363-ІV ҚРЗ