22 Желтоқсан, 2010

Баспасөз-2011

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті  Сауытбек Абдрахмановқа Құрметті Сауытбек Абдрахманұлы! Мемлекет басшысы баста­ма­шы болған жобалар Сыр өңі­рінде серпінді түрде жүзеге асып келеді. Аймақта атқарыл­ған осындай істер барысы елімізге «Егемен Қазақстан» ба­сылымы арқылы жетіп отыр. Облыстың қарқынды дамуы мен инновациялық жобалардың жүзеге асырылуын назардан тыс қалдырмаған егемендіктерге Сыр жұртшылығының атынан шек­сіз алғысымды білдіремін. Облыс жұртшылығының да ел газетіне деген ықыласы ерекше. 2011 жылдың І жарты­жыл­дығына жазылу қорытындысы бой­ынша  басылымға жазылу 16436 данаға жетті. Бұл респуб­ли­кадағы ең жоғары  көрсет­кіш­тердің бірі. 90 жылдан астам тарихы бар, қазақ баспасөзінің қара ша­ңы­рағына айналған газеттің қызыл­ордалық оқырмандар арасында кең таралуы – қоғамдық-саяси оқиғаларды қалт жібермей, тәу­елсіз еліміздегі жақсылықты жұрты­мен бөлісуге асығатын басылым беделінің  күн сайын артып келе  жатқанын көрсетеді. Алдағы уақытта еліміздің бас газетінде экономикалық, әлеу­мет­тік және саяси жаңару жо­лына түскен туған Отаны­мыз­дың жетістіктері байыпты көрініс таба беретініне нық сенімдемін. «Егемен Қазақстан» газетіне жазылу әлі де жалғасу үстінде. Құрметпен, Б.ҚУАНДЫҚОВ, Қызылорда облысының әкімі.