Әрбір көлік жүргізушісі жол жүрген кезде ұсақ-түйектің болмайтындығын жақсы біледі. Сондай-ақ көлік иелері өз темір тұлпарларын ұсынатын жанар-жағармай сапасына күдік тудыруға негіз бермейтіндей таза репутациясы бар жанар-жағармай құю стансасынан қажет сәтте май құйып алу мүмкіндігі көлігі бар жандар үшін әрдайым маңызды. Сондықтан отандық мұнай өңдеу рыногының белді ойыншысы “ҚазМұнайГаз” Ұлттық компаниясы” АҚ-тың дәл осы саланы өз стратегиясының басым бағыты ретінде айқындауы ешқандай кездейсоқтық емес. Яғни, мұнай өнімдерін түрлі тұрғыда тұтынушыға жеткізуді жүзеге асырудың заманауи желісінің дамуын айқын бағыттары ретінде қарастыруы арқылы компания өз тұтынушыларына ұсынатын өнім түрлерін кеңейтпек.
“ҚазМұнайГаз” АҚ-тағы бөлшектеп сату желісінің дамуының бастауы 1999 жыл болып есептеледі. Өйткені “Қазақойл” белгісімен ашылған алғашқы жанар-жағармай құю стансасы осы жылы болатын. Республика рыногында 2003 жылы мұнай өнімдерін көтерме және бөлшектеп сатуды жүзеге асыратын, сондай-ақ мұнай мен газды, қайта өңдеуден кейінгі мұнай өнімдерін экспорттау мен импорттау операцияларын жүргізетін “ҚазМұнайГаз” сауда үйі” АҚ өз қызметін жүзеге асыруды жолға қоя бастағанда “ҚазМұнайГаздағы” жанар-жағармай құю стансалар саны 19-ға, ал газбен қозғалатын автокөліктерді көгілдір отынмен қамтамасыз ететін станса саны 6-ға жетті. Ал 2009 жылдың сәуірінде рынокта “ҚазМұнайГаз” сауда үйі” АҚ-тың 100 пайыз “еншілесі” “ҚазМұнайГаз Өнімдері” акционерлік қоғамы пайда болды.
“ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ бас директорының бірінші орынбасары Ерболат Қожабаевтың айтуынша жаңа құрылымның пайда болуы қолданыстағы бизнес үдерістерді жетілдіруге, шешім қабылдаудың мөлдірлігін жоғарылата түсуге, операциялық шығындарды төмендетуге, бірін-бірі қайталайтын басқарма функциясын болдырмауға мүмкіндік беріп отыр. Компания қызметінің негізгі бағыттары санатына көтерме және бөлшек сауда арқылы мұнай өнімдері мен газ құюдан өзге жанар-жағармай құю стансалары мен мұнай базаларын, газбен толтыратын стансаларды, жөндеу және қолданысқа енгізу, мұнай өнімдерін сақтау бойынша қызмет үлгісін көрсету кіріп отыр. Қазіргі таңда “ҚазМұнайГаз” бөлшектеп сату желісі қазақстандықтарға республиканың түкпір-түкпірінде жұмыс істеп тұрған 280 жанар-жағармай және газбен толтыратын стансаларымен, бір автокөліктік газ толтыратын компрессорлық станса және 41 мұнай базасымен қызмет ете алады. Мұнай өнімдерін сақтайтын орындардың барлығы Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай, дамыған инфрақұрылымды және олардың қызметін қоршаған ортаға қауіпсіздігіне кепілдеме беретін заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Көлікке май құятын стансаларға келер болсақ, атап айтқанда қызметі қатардағы көлік жүргізушілеріне белгілірек “ҚазМұнайГаз Өнімдері”, “ҚазМұнайГаз” май құю стансаларында жанар-жағармай таратушы әлемдік жетекші жанар-жағармай индустриясы өндірушілерінің жарақтарымен қамтылған.
Компанияның бөлшектік сауда желісінің қалыптасу стратегиясы әу баста алдымен “ҚазМұнайГаз” сауда белгісі бар жанар-жағармай құю стансалары санын көбейту болса, екінші жағынан олардың тұтынушыға қол жетімді әрі тиімді орындарда орналасуы болатын. Сондай-ақ “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ-тың басшылығы алдарына қойған мақсаттардың тағы бірі транзит жолдар, қалалармен ірі елді мекендерге кіретін, олардан шығатын жолдарды жанар-жағармай құю стансасы желісімен қамту, ірі қалалардағы стансалар санын көбейту болып отыр.
Жанар-жағармай құю стансасы бөлшектік сауда желісі даму стратегиясының тағы бір маңызды бөлімі жол жиектеріндегі қызмет көрсететін объектілер құрылысын салу – ТҚКС, кафе, мини-маркеттер, кемпингтер және қонақүйлер, жүк мәшинелері мен жеңіл автокөліктерге арналған тұрақтар. Компания мамандарының күш салуымен Астана-Шортанды автожолының 7 және 223 шақырымдарында осындай кешендер салынып, қолданысқа берілді. Сондай-ақ аталмыш жолдың 97 километрінде жанар-жағармай құю стансасының имидждік нұсқасы салынған. Компания болашақта Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының жиегінде жол бойында қызмет көрсететін сервистің заманауи кешендерін салуды жоспарлап отыр.
“ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ жоғарыда айтылған саладағы инфрақұрылымдық жобалармен ғана шектеліп қалмай, қызмет көрсетудің жаңа форматын ендіруге байланысты жұмыстар жүргізуде. 2004 жылы “Талондық жүйе” жобасы ендірілсе, биылғы жылы компания бензинді жанар-жағармайға арналған карточкамен жолдағы кез келген “ҚазМұнайГаз Өнімдері” бөлімдерінен өнім ала алатын жаңа сатылым жүйесін енгізгендігін жариялады. Ал карточкалар ақшасыз есеп айырысуға мүмкіндік береді. Е.Қожабаевтың айтуынша, мұндай карточкалар қазіргі таңда мұнай өнімдері үшін төлем жасаудың неғұрлым алдыңғы қатарлы түрі болып табылады екен. Карточканың электрондық чипінде автокөліктің қай жерде және қай уақытта, бензиннің қандай маркасы және қанша мөлшерде құйылғандығы туралы толыққанды ақпарат сақталатын көрінеді. Оның заманауи бағдарламамен қамтылуы карточканың жоғалуына байланысты тап болатын жағымсыз сәттерден құтылуға мүмкіндік береді. Ол арнайы пин-код арқылы қорғаныста болады, оны тек иесі ғана біледі. Жоғалған сәтте компанияға хабарлап, пин-кодын айтса ол карточка жарамсыз болып қалады. Ал оның ішінде қалған сома жаңа карточкаға ауыстырылады. Таяу болашақта “электронды әмиян” мүмкіндігін кеңейту мақсатымен компания чип жүйесіне қосымша қызмет көрсету спектрін енгізуді жоспарлап отыр. Атап айтсақ, “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ-қа тиесілі жол жиектеріндегі кешендердегі шина жөндеу, көлік жуу, дүкендер мен қонақүй кешендеріне төлем жасай алу мүмкіндіктері. Тұтынушыларына қызмет көрсету желісін жетілдірумен қатар, компания жұмысының негізгі бағыттарының бірі ретінде өз қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалуын да назардан тыс қалдырмайды. Ел экономикасында өткен дағдарыс кезеңінің белгілеріне қарамастан “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ компаниясы қазақстандық рынокта пайда болған сәттен бастап республика өңірлерінде жаңа 1400 жұмыс орнын ашты.
Компания желісі үнемі өсуде. Мұнай өнімдерін бөлшектеп сатуды жүзеге асыруға байланысты 2009 жылдың қорытындысы бойынша акционерлік қоғамның үлесі 9 %-ды құраса, 2010 жылдың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша 11-13%-ды құрап отыр. Компанияның стратегиялық жоспары 2015 жылға таман рынок үлесін 20 %-ға дейін өсіруге бағытталып отыр. Е.Қожабаевтың пікірінше мұндай жақсы ырымды болжамдардың таяу арада шынайылыққа ауысуы да негізсіз емес. Өйткені компанияның бизнес-стратегиясы тірегіне өнімді сақтау стандарты және оны сатуға шығаруды жүзеге асырудың қатал талаптарын сақтау, сондай-ақ өнім сапалылығымен қамтамасыз ету алынған. Қазақстан, Ресей, Белоруссия арасында іске асырылып жатқан Кеден одағы жанар-жағармайды енгізу мен шығару үдерістерін жеделдету мен қысқартуға септесетін болады. Ал бұл рыноктағы ойыншыларға тұтынушы сұраныстары бойынша жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік береді.
Раушан НАЙЗАБАЕВА