24 Желтоқсан, 2010

“ҚазМұнайГаз өнімдері”: көлік әуесқойлары игілігіне арналған жаңа технологиялар

606 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Әрбір көлік жүргізушісі жол жүр­ген кезде ұсақ­-түйектің бол­май­тын­дығын жақсы біледі. Сон­дай­-ақ көлік иелері өз темір тұл­пар­ларын ұсы­натын жанар­-жа­ғар­май сапасына күдік тудыруға негіз бер­мейтіндей таза репутациясы бар жанар­-жағармай құю стан­са­сы­нан қажет сәтте май құйып алу мүм­кіндігі көлігі бар жандар үшін әр­дайым маңызды. Сондықтан отан­дық мұнай өңдеу рыногының белді ойыншысы “ҚазМұнайГаз” Ұлт­тық компаниясы” АҚ­-тың дәл осы саланы өз стратегиясының басым бағыты ретінде айқындауы ешқандай кез­дей­соқтық емес. Яғни, мұнай өнімдерін түрлі тұр­ғыда тұтынушыға жеткізуді жүзеге асы­рудың заманауи желісінің да­му­ын айқын бағыттары ретінде қа­растыруы арқылы компания өз тұ­тынушыларына ұсынатын өнім түр­лерін кеңейтпек. “ҚазМұнайГаз” АҚ-­тағы бөл­шек­теп сату желісінің дамуының бастауы 1999 жыл болып есептеледі. Өйткені “Қазақойл” белгісімен ашылған алғашқы жанар-­жа­ғар­май құю стансасы осы жылы болатын. Республика рыногында 2003 жылы мұнай өнімдерін кө­тер­ме және бөлшектеп сатуды жү­зеге асы­ратын, сондай­-ақ мұнай мен газды, қайта өңдеуден кейінгі мұ­най өнімдерін экспорттау мен импорттау операцияларын жүр­гі­зе­тін “Қаз­МұнайГаз” сауда үйі” АҚ өз қызметін жүзеге асыруды жол­ға қоя бастағанда “Қаз­Мұнай­Газдағы” жанар-­жағармай құю стан­­салар са­ны 19­-ға, ал газбен қоз­ғалатын авто­көліктерді  көгіл­дір отынмен қам­тамасыз ететін стан­са саны 6­-ға жетті. Ал 2009 жыл­дың сәуірінде рынокта “Қаз­МұнайГаз” сауда үйі” АҚ-­тың 100 пайыз “еншілесі” ­ “ҚазМұнайГаз Өнімдері” акционерлік қоғамы пайда болды. “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ бас директорының бірінші орын­ба­сары Ерболат Қожабаевтың ай­туын­ша  жаңа құрылымның пайда болуы қолданыстағы бизнес үде­ріс­терді жетілдіруге, шешім қа­был­даудың мөлдірлігін жо­ға­ры­лата тү­суге, операциялық шы­ғын­дарды төмендетуге, бірін-бірі қай­та­лай­тын басқарма функциясын бол­дыр­мауға мүмкіндік беріп отыр. Компания қызметінің негізгі ба­­­ғыт­тары санатына көтерме және бөл­шек сау­да арқылы мұнай өнім­дері мен газ құюдан өзге жанар­-жа­ғар­май құю стансалары мен мұнай ба­за­ларын, газбен толтыратын стан­­­са­ларды, жөн­деу және қол­данысқа ен­гізу, мұ­най өнімдерін сақтау бо­йын­ша қызмет үлгісін көрсету кіріп отыр. Қазіргі таңда “ҚазМұнайГаз” бөл­шектеп сату желісі қа­зақ­с­тан­дық­тарға рес­пуб­ли­ка­ның түкпір-түк­пірінде жұмыс істеп тұрған 280 жа­нар­-жағармай және газбен тол­ты­ратын стансаларымен, бір ав­то­кө­лік­тік газ толтыратын ком­­прес­сор­лық станса және 41 мұ­най ба­за­сы­мен қызмет ете алады. Мұнай өнім­де­рін сақтайтын орын­дар­дың бар­лығы Қазақстан Рес­пуб­ликасының заң талаптарына сай, дамыған ин­фра­құрылымды және олардың қыз­метін қоршаған ортаға қауіп­сіз­ді­гіне кепілдеме беретін заманауи жаб­дықтармен қамтамасыз етілген. Көлікке май құятын стансаларға келер болсақ, атап айтқанда қыз­ме­ті қатардағы көлік жүргізушілеріне бел­гілірек “ҚазМұнайГаз Өнім­де­рі”, “ҚазМұнайГаз” май құю стан­са­ларында жанар-жағармай тара­ту­шы әлемдік жетекші жанар-жағар­май индустриясы өндірушілерінің жара­қтарымен қамтылған. Компанияның бөлшектік сауда желісінің қалыптасу стратегиясы әу баста алдымен “ҚазМұнайГаз” сауда белгісі бар жанар-жағармай құю стансалары санын көбейту болса, екінші жағынан олардың тұ­ты­ну­шыға қол жетімді әрі тиімді орын­дарда орналасуы болатын. Сон­дай-ақ “ҚазМұнайГаз Өнім­де­рі” АҚ-тың басшылығы алдарына қой­ған мақсаттардың тағы бірі тран­зит жолдар, қалалармен ірі елді ме­кендерге кіретін, олардан шыға­тын жолдарды жанар-жағармай құю стансасы желісімен қамту, ірі қа­лалардағы стансалар санын кө­бей­ту болып отыр. Жанар-жағармай құю стансасы бөлшектік сауда желісі даму стра­тегиясының тағы бір маңызды бө­лімі жол жиектеріндегі қызмет көр­сететін объектілер құрылысын салу – ТҚКС, кафе, мини-маркеттер, кем­пингтер жә­не қонақүйлер, жүк мә­шинелері мен жеңіл авто­кө­лік­терге арналған тұрақтар. Компания мамандарының күш салуымен Ас­тана-Шортанды ав­то­жолының 7 және 223 ша­қы­рым­да­рында осын­дай кешендер салынып, қол­­даныс­қа берілді. Сондай-ақ атал­мыш жол­дың 97 километрінде жанар-жа­ғармай құю стансасының имидждік нұс­қасы салынған. Компания бо­ла­шақ­та Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолының жиегінде жол бо­йын­да қызмет көрсететін сервистің заманауи кешендерін салуды жоспарлап отыр. “ҚазМұнайГаз Өнімдері” АҚ жо­­ғарыда айтылған саладағы ин­фра­құрылымдық жобалармен ғана шектеліп қалмай, қызмет көрсе­ту­дің жаңа фор­матын ендіруге бай­ла­нысты жұ­мыстар жүргізуде. 2004 жылы “Та­лон­дық жүйе” жобасы ендірілсе, биылғы жы­лы компания бен­зинді жанар-жа­ғармайға арнал­ған карточкамен жол­да­ғы кез келген “ҚазМұнайГаз Өнім­дері” бө­лім­­дерінен өнім ала алатын жаңа са­тылым жүйесін енгізгендігін жа­рия­лады. Ал карточкалар ақшасыз есеп айырысуға мүмкіндік береді. Е.Қо­жа­баевтың айтуынша, мұндай карточкалар қазіргі таңда мұнай өнімдері үшін төлем жасаудың не­ғұр­лым ал­дыңғы қатарлы түрі болып табылады екен. Кар­точ­ка­ның элек­трондық чипінде авто­кө­лік­тің қай жерде және қай уақытта, бен­зиннің қандай маркасы және қанша мөл­шерде құйылғандығы ту­ра­лы толыққанды ақпарат сақ­та­ла­тын көрінеді. Оның заманауи бағ­дарламамен қамтылуы карточ­ка­ның жоғалуына байланысты тап бо­латын жағымсыз сәттерден құ­ты­луға мүм­кін­дік береді. Ол ар­найы пин-код ар­қы­лы қорғаныста болады, оны тек иесі ғана біледі. Жоғалған сәтте ком­па­нияға хабарлап, пин-кодын айтса ол карточка жарамсыз болып қалады. Ал оның ішін­де қалған сома жаңа кар­точ­каға ауыстырылады. Таяу бола­шақ­­та “электронды әмиян” мүм­кін­­дігін кеңейту мақсатымен компания чип жүйесіне қосымша қыз­мет көр­сету спектрін енгізуді жос­пар­лап отыр. Атап айтсақ, “Қаз­МұнайГаз Өнім­дері” АҚ-қа тиесілі жол жиектеріндегі кешендердегі шина жөндеу, көлік жуу, дүкендер мен қонақүй кешендеріне төлем жасай алу мүм­кіндіктері. Тұты­ну­шы­ла­ры­на қыз­­­­­­мет көрсету желісін жетілдірумен қатар, компания жұмысының негізгі ба­ғыт­тарының бірі ретінде өз қыз­мет­керлерінің  әлеуметтік қорға­луын да назардан тыс қалдырмайды. Ел эко­но­ми­ка­сын­да өткен дағдарыс ке­зе­ңінің белгілеріне қарамастан “Қаз­Мұ­най­Газ Өнімдері” АҚ  ком­па­ния­сы қазақстандық рынокта пайда бол­ған сәттен бастап республика өңір­­лерінде жаңа 1400 жұмыс орнын ашты. Компания желісі үнемі өсуде. Мұ­най өнімдерін бөлшектеп са­туды жүзеге асыруға бай­ланысты 2009 жылдың қорытындысы бо­йын­­ша акционерлік қоғамның үлесі 9 %-ды құраса, 2010 жыл­дың алдын ала жасалған қо­ры­тын­­­ды­лары бойынша 11-13%-ды құрап отыр. Компанияның стра­те­гия­лық жос­пары 2015 жылға таман рынок үлесін 20 %-ға дейін өсіруге ба­ғыт­талып отыр. Е.Қо­жа­баевтың пікірінше мұндай жақ­сы ырымды болжамдардың таяу ара­да шы­на­йы­лыққа ауысуы да негізсіз емес. Өйткені ком­па­ния­ның бизнес-стратегиясы тірегіне өнім­ді сақтау стандарты және оны сатуға шы­ға­руды жүзеге асы­рудың қатал та­лап­тарын сақтау, сондай-ақ өнім са­па­лылығымен қамтамасыз ету алын­ған.  Қазақ­стан, Ресей, Бело­рус­сия арасында  іске асырылып жат­қан Кеден ода­ғы жанар-жа­ғар­майды енгізу мен шы­ғару үде­ріс­терін жеделдету мен қысқартуға септесетін бо­ла­ды. Ал бұл рынок­тағы ойын­шы­лар­ға тұтынушы сұ­раныстары бо­йын­ша жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік береді. Раушан НАЙЗАБАЕВА