Тәуелсіздік тұғырының беріктігі мемлекеттік тіл мәртебесін нығайтумен, қолданыс аясын кеңейтумен де тығыз байланысты.Бұл бағытта облыстық тілдерді дамыту басқармасы көптеген игі шараларға ұйытқы болып жүр.
Жақында бір топ тіл жанашырлары басқарманың Алғыс хатымен және 100 мың, сондай-ақ 50 мың теңге мөлшеріндегі ақшалай сыйлықтарымен марапатталды. Сыйлықтарды облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы Сексенбай Күлімбетов тапсырды.Олардың қатарында облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары Самал Нұғыманова, Журналистер одағы облыстық филиалының жауапты хатшысы Арыстан Аймағамбетов, Журналистер одағының Шалқар ауданы бойынша жауапты ұйымдастырушысы Мұхамбетәли Есмағанбетов, «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкері Зәуреш Басығараева, «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС-іне қарасты «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің қызметкерлері Нұрмұханбет Дияров пен Муапық Боранқұлов және басқалары болды.
Сондай-ақ, он адам мемлекеттік тілдің дамуына, қолданылу аясын кеңейтуге қосқан айрықша үлесі үшін облыс әкімінің Алғыс хаты мен ақшалай сыйлығына ие болды.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ.
Ақтөбе облысы.