«Ішкі сұраныс экономиканың дамуындағы қозғаушы күшке айналады»
«Қазақстанның экономикасы 2009 жылғы 1,2 пайыздық өсімнен кейін жүйелі әрі тұрақты түрде қалпына келе бастады. ІЖӨ-нің ІІІ тоқсандағы бәсеңдегеніне қарамастан, 2010 жыл экономиканы еңсеретін қуатты жыл болды. Бүгінгі таңда ІЖӨ-нің тұрақты ұлғаю көрсеткіші біздің болжамымыз бойынша ағымдағы жылы 6 пайызды құрап отыр, бұл – І-ІІІ тоқсандардан 7,5 пайызға төмен деген сөз. Ал мұндай көрсеткіштер 2009 жылдың IV тоқсанындағы жоғарғы база негізінде құралып отыр», – деп атап өтті АТФБанктің бас экономисі, Қазақстан бойынша бөлімінің UniCredit Research құрама талдамалық есебінің авторы Ханс Хольцхаккер. Сарапшының берген бағасы бойынша келесі 2011 жылы Қазақстанның экономикасы 5,3 пайызға өседі деп күтілуде. Талдаушының айтуынша, 2010 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болғанымен (өсім есептелетін база деңгейі әсер етеді), бұл Орталық-Шығыс Еуропа аймағындағы өсу қарқыны жағынан аса жоғары көрсеткіш болып табылады. Мұнайдың орташа бағалары 2011 жылы 1 баррель үшін 85 долларға дейін, 2012 жылы 90 долларға дейін, сонымен қатар металдардың да бағасы ықтимал өсетін болса, UniCredit Research-тің болжамдары бойынша Қазақстанның экономикасынан көп үміт күтуге толық мүмкіндік бар. Құжатта аталғандай, мұнай бағасы корпорациялар мен Үкіметтің қаржылық жағдайын нығайтуға әсер етпек, соның арқасында ішкі сұраныстың өсуі жалпы өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналуы тиіс. Сондай-ақ, талдаушылардың жүргізген басқа да зерттеулеріне сүйенсек, 2011-2012 жылдары инвестицияның ауыз толтырып айтатындай өсімі республиканың инфрақұрылымында анық көрініс табады деп күтілуде. Есепте инфрақұрылым мен электр стансаларының құрылысына 1745 млрд.теңге, ал ауыл шаруашылық саласына 586 млрд. теңге көлемінде қаржы жұмсалмақшы делінген. Сонымен қатар – ФИИР бағдарламасы аясындағы инвестициялар, олардың жоғары мультипликациялық әсері басқа салалардағы қазыналық қатаңдықтың келеңсіз әсерін бәсеңдетуі мүмкін. Ал валюта нарығындағы жағдайға үңілсек, талдаушылардың пікірі бойынша, 2011 жылдың наурыз айынан кейін басқарылатын құбылмалы бағамды қайтаруға байланысты, 2011 жылы Ұлттық Банк номиналдарды нығайту деңгейін 5 пайыздық көрсеткіште ұстап тұрады деп болжануда. Сонымен қатар, Кеден одағы аясындағы тығыз байланыс салдарынан теңге рубльдің айналымына сәйкес өзгеріп отырады делінген. Мінеки, ел экономикасы саласының білгірлері белгілі негіздерге сүйеніп, осылайша болжамдар жасап отыр. Алайда бұл айтылғандар қандай деңгейде шын мәнісінде көрініс табады, олардың нақты іске асуына қандай жағдайлар толық кепіл бере алады деген сұрақтарға жауап алу және газет оқырмандарына әлдеқайда түсінікті болу үшін жоғарыда айтылған барлық зерттеулердің авторы Ханс Хольцхаккерге жолыққан едік. – Хольцхаккер мырза, талдаулар қандай мәліметтер негізінде жүргізіледі және бұл ретте ішкі факторлар ескеріле ме? – Өз жұмысымызда біз ашық ақпарат көздерін қолданамыз. Мұндай ақпарат көздеріне республикалық статистикалық органның, Ұлттық Банктің, КҚА-ның мәліметтері жатады. Әрине, Қазақстан экономикасының ерекшеліктері мен ағымдағы қарқынын ескере отырып, сонымен қатар сыртқы факторларды да қарастырамыз. Соның қатарында Қытай мен Еуропа елдеріндегі тұтынушылық сұраныстың артуы. Кейбір Еуропа елдеріндегі ағымдағы жергілікті дағдарыстарды, сонымен қатар бірнеше елдегі жергілікті бюджеттік дағдарыстар мен өтімділік дағдарыстары салдарынан туындайтын W-дағдарысы деп аталатын дағдарыстың мүмкіндігін де назарға алып отырамыз. Мұндай сәтсіздіктер болмайтын шығар деп үміттенеміз, себебі бәрі мұндай сәтсіздіктің салдарынан орын алған мәселелердің шешімін табу жолдарын іздестіруге мәжбүр болары анық Мінеки, осы аталғандардың бәрі біздің есептерімізде қарастырылып отыр. – Сонымен, сіздердің болжамдарыңызды қалай бағалауға болады: оптимистік түрде ме, әлде пессимистік түрде ме? – Шындық тұрғысынан бағалаған әлдеқайда дұрыстау болар. Болжам тәуекелдерді есепке алмай жасалмайды. Объективті деректерге сүйенер болсақ, келер жылы әлемнің даму қарқыны осы жылмен салыстырғанда сәл баяуламақ. Дегенмен, бір жаққа қарай түзетулер енгізу мүмкін емес. Мысалы, егер сіздің экспорттық өнімдеріңізге деген сұраныс ендігі жылы азаятын болса, онда іс жүзіндегі жағдай біздің болжамдарымыздан әлдеқайда нашар болуы ықтимал деген сөз. – UniCredit тобының Қазақстанға аса қызығушылығының себебі неде? – Әлемдік экономика мен оның болашағы үшін елдегі шикізат өндіру саласының мәні орасан зор. Егер Қазақстанды шикізат өндіру салалары маңызды мәнге ие Ресеймен салыстыратын болсақ, онда сіздердің мұнай өндірудегі табыстарыңыздан енді ғана дамудың даңғыл жолына түскендігін айқын байқай аламыз. Қазақстанның экономикалық даму мүмкіндіктері ауқымды екендігіне бүкіләлемдік дағдарыс кезінде жақсы көз жеткіздік. Сондай қиын сәттердің өзінде Қазақстанның мұнай өнімдері белгілі деңгейде жоғарылап отырғандығы көп нәрсені аңғартады. Бүгінгі таңда мұнай өндірісі дамуда, сонымен қатар дағдарыс кезінде зардап шеккен өңдеу өнеркәсібі мен басқа да салалар қарқынды даму үстінде. – Қазақстан дағдарыс кезеңін сәтті пайдалану арқылы макроэкономиканы дұрыс жолға қоя біліп, нәтижесінде шикізат өндірмейтін салалардың қабілеттілігін арттыратын бағдарламаларды жолға қойды. Сіздің көзқарасыңыз қандай? – Қазақстан экономикасын әртараптандыру идеясы жаңадан пайда болған нәрсе емес. Ел билігі мұндай қадамдар туралы бұрыннан айтқан болатын, алайда бұл бағдарламалар дағдарыстан кейін нақтырақ, шынайырақ бола түсті және өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында бұрынғыдан да жоғары қайта жаңғыртуларға, бұрынғыдан да жоғары қосымша құнға ауысуға, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызады. Басқа экспорттық инфрақұрылым – жолдар, порттар салу республика үшін үлкен мәнге ие. Еуропаны Қытаймен біріктіру, транзит мемлекеттің рөлін арттыру арқылы әлемдік экономика интеграциясы жаһандық міндет тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар, бірінші кезекте меншік шикізат өнімдері мен өңделген, дайын өнімдерді экспорттауды дамыту жолының дұрыс жолға қойылғандығының да маңызы ерекше. Қазақстан әлемдік еңбек нарығында өзіне лайық орнын әлдеқашан-ақ тапқан. Мен бұл мемлекет қазіргі жаңа Қытай немесе Тайвань тәрізді ел болады деп ойламаймын, бірақ, республика бар мүмкіндіктерін толық пайдаланып, шикізат саласынан өңдеу саласына басатын болса, Қазақстан бұдан да жоғары беделге ие болары анық. Сіздерде тек қана шикізат емес, сондай-ақ тарихы бай металлургия саласы да бар екені белгілі. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен инженерлік қабілет-қарымдарыңыз да жеткілікті. Бұл айтылғандар ауыл шаруашылық саласы мен басқа да шикізат өнімдерін қайта өңдейтін салаларға да қатысты. Егер осы бағытпен алға батыл бассаңыздар, өз мүмкіндіктеріңіздің кемел екендіктеріне көздеріңізді жеткізесіздер. Әңгімелескен Алевтина ДОНСКИХ. Алматы.Нұрбек Оралбай: Парижге алтын үшін келдім
Олимпиада • Бүгін, 21:36
Қасым-Жомарт Тоқаев Конго Президентін Астана әуежайынан шығарып салды
Президент • Бүгін, 21:05
Нұрбек Оралбай Олимпиада ойындарының жартылай финалына жолдама алды
Олимпиада • Бүгін, 20:55
Ертең грант иегерлерінің тізімі жарияланады
Білім • Бүгін, 20:01
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы командалық сында Венгриядан жеңілді
Олимпиада • Бүгін, 19:03
Президент Роман Склярды қабылдады
Президент • Бүгін, 18:45