29 Желтоқсан, 2010

Құндылықтарды бағалай білейік

459 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан азаматтарынан Астанада ЕҚЫҰ Саммитінің табысты өтуіне және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 19 жылдығына байланысты құттықтау хаттар келіп түсуде, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Қостанай облысындағы № 9 Денисов кәсіптік лицейінің оқу­шы­лары жолдаған хатта Мемлекет басшысын Астанада ЕҚЫҰ Сам­митінің табысты ұйымдасты­ры­луы­мен және өтуімен құттықтаған. «Біз – Тәуелсіз Қазақстанның құр­дастарымыз, өз Президентімізге деген құрметіміз бен ықыла­сы­мызды жеткізгіміз келеді. Бізді бү­кіл әлем біледі, бұл – үлкен мақ­таныш! Сізге, Нұрсұлтан Әбіш­ұлы, жастарға көрсетіп келе жат­қан қамқорлығыңыз үшін рахметімізді айтамыз. Мемлекеттік қол­даудың арқасында, біз жақсы жабдықталған оқу сыныптары мен зертханада жұмысшы маман­дығын алу үшін кәсіптік лицейде оқып жүрміз. Жылы да жайлы жатақ­ханада тұрамыз. Бізге жағдайдың жасалып отырғаны – Сіздің күш-жігеріңіздің, қызме­тіңіздің және қамқорлығыңыздың нәтижесі. Біз еліміздің болашағы жолында атқа­рып жатқан ісіңізде Сіздің тірегіңіз боламыз!» делінген хатта. «Черниговское» ЖШС ди­рек­торы Имран Гучигов өз хатында Қостанай облысындағы Әулиекөл ауданының тұрғындары атынан Мемлекет басшысын ЕҚЫҰ Сам­митінің табысты өтуімен құттық­тай­ды. «Саммит күндері барлық қазақстандықтар үшін айтулы күн болды. Өз еліміз үшін, біздің ортақ табысымыз үшін көңіліміз мақ­та­ныш сезіміне толды. Сіз Қазақ­стан­ның беделін көтеріп, халық­аралық аренада танылуына ықпал еттіңіз. Біздің еліміз саяси, эконо­микалық және өзге де салалардағы маңызды стратегиялық серіктес ре­тінде өзін танытты. Біз көп ұлт­ты елде өмір сүріп, еңбек етіп келеміз. Елімізде жайлы, тыныш, өзара түсіністік пен достық орныққан. Біз әрдайым осыны есте сақтап, осы құндылықтарды бағалай білуіміз керек. Өйткені ортақ береке-бірлік пен біздің елі­міз­дің болашағы біздерге байла­ныс­ты», деп атап көрсетілген хатта. Қостанай облысы, Денисовка ауылындағы мешіттің имамы К.Ис­маилов пен православие шір­кеуінің игумені А.Даништың ха­тында Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында ашықтық, төзімділік, тыныштық және келісім қазақстандықтардың өмірінің ажырамас бөлігіне айналғаны атап өтілген. «Біздің ауданның орта­лы­ғы Денисовка ауылындағы мешіт пен православие шіркеуі бір алаң­ның екі жағына орналасқан және адамгершілікке үндейтін және рухани тәлім беруді көздейтін ортақ ісімізге қызмет етеді. Бұған өзіңіз жариялаған Тәуелсіздігімізді ал­ған­нан кейін қолымыз жетті. Оның басында біздің Президентіміз – Сіз тұрсыз!» делінген хатта. №1 Қарабалық орта мектебінің директоры К.Айтпаева аудан пе­дагогтары атынан Мемлекет бас­шы­сын әлемдік деңгейдегі әрі тарихи мәні бар оқиға – ЕҚЫҰ Сам­митінің Астанада өтуімен құттық­тайды. «Бұл Саммит, Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіздің дана және ор­нықты ұстанымыңыздың арқасын­да өтті. Бұл шара Сіздің тікелей бастамаңыз бойынша өткізілді. Сіздің жаһандық саясаттағы беде­ліңіз бен көшбасшылығыңыз қа­зіргі әлемдегі қауіпсіздік пробле­ма­лары мен ынтымақтастық жө­ніндегі ашық үнқатысу үшін іргетас болды», деп атап өтілген К.Айт­паеваның хатында. Мемлекет басшысына жүрек­жар­ды құттықтауларын білдір­ген­дердің қатарында – «Жылу» МҚК директоры О.Табергенов, Қоста­най мемлекеттік педагогикалық институтындағы орталық жетекшісі И.Тернова, Қостанай қаласының тұрғыны М.Бут, Рудный қаласы­ның тұрғыны С.Иванюк пен С.Кравчук бар.